СӨЖ-ның жалпы мақсаты мен әдістемелік нұсқаулықтары



 

Адвокатура пәні бойынша СӨЖ мына жағдайларды қарастырады:

- білімгерлердің белсенділігі мен жан-жақты ізденуінде қазіргі замандағы теория мен практиканы ұштастырудың жаңа нысандары мен әдістерін ойластыру (әртүрлі ойындар, мәселені талқылау, ситуациялық жағдайлар ойластыру, т.б.);

- тақырыпты өз бетінше теориялық жағынан талдау, жоспарын құру, аннотация жасау, іздену (өз таңдауы бойынша);

- пән тақырыптары бойынша кішігірім сөздік құрастыру;

- шағын топ болып зерттеудің жобасын жасау, презентациялау;

Курсты оқу барысында білімгерлер тақырыптарға қатысты деректер көзімен жұмыс жасауға:

- криминалистика пәні бойынша әдебиеттер мен нормативтік-құқықтық актілермен танысу (ғылыми, оқу, заң терминдері, заңдар, анықтамалар), яғни кітапханада әртүрлі дерек көзімен жұмыс жасауға, ізденуге тырысады;

- талап бойынша тақырыпқа сай әдебиеттерді көрсетуге және нақты сол дерекпен жұмыс жасауға дағдыланады;

- дерек көздері бойынша ойын анық жеткізуге, жоспар жасауға, тезистер, конспект жасауға, тақырыпқа қатысты хабарламалар алуға, реферат жазуға;

- дерек көздеріне сүйене отырып, өз көзқарасын ұстауға, нақты дәлелдер келтіруге, ойын жинақтауға;

Әдебиеттермен жұмыс жасай отырып, мәселені талқылауға белсене қатысады.

Білімгерлердің ізденіс қабілеттерін дамытуға және белсенділіктерін арттыруға көп көңіл бөлінеді:

- ситуациялық жағдайларды ойластыру, талдау жасау;

- пікірталастар тудыру, өз құқықтарына нұқсан келген жағдайларды анықтау, тығырықтан шығу жолдарын іздестіру, тез ойын жинақтау;

- күнделікті өмірде құқығына жиі нұқсан келетін кездерді анықтау, мәселені қоя білу, нақты сүйенетін фактілерді көрсету;

- тақырыпқа қатысты проблемалық сұрақтарды қоя білу.

 

СӨЖ-дің күнтізбелік – тақырыптық жоспар

 

 

  №   Тақырып аты   Сағ.саны   Тап. мерз   Тексер форм
  1.   2.     3.   4.     5.     6.   7.               Қазақстан Республикасының Адвокатура курсының түсінігі мен пәні. Адвокатураның даму тарихы. 1. Пәні, түсінігі, міндеттері. 2. Адвокатура түсінігі. 3. Адвокатураның ұйымдастырылуы мен қызметінің принциптері. 4. Адвокатура курсы жүйесінің қайнар көзі. 5. Адвокатура қызметінің негізгі бағыты. 6. Адвокатура қызметі принциптерінің түрлері.   Адвокаттар алқасы және оның органдары. 1. Адвокаттар алқасының органдары. 2. Адвокаттар алқасының міндеттері, мақсаттары. 3. Төралқа. Төралқа төрағасы.   Адвокаттар алқасы мүшелерінің құқықтық мәртебесі. 1. Адвокаттар алқасы мүшелерінің құқықтары. 2. Адвокаттар алқасы мүшелерінің міндеттері. 3. Адвокаттар алқасы мүшелерін алқадан шығару тәртібі.     Шетелдердегі Адвокатура. 1. Германиядағы адвокатура. 2. Ресейдегі адвокатура.     Адвокаттық қызмет. 1. Адвокаттық қызмет туралы заңдар. 2. Адвокаттар көрсететін заң көмегінің түрлері. 3. Адвокатураның ұйымдастырылуы мен қызмет принциптері.     Адвокаттың мәртебесі. 1. Адвокаттың көмекшілері мен тәжірибе кезеңінен өтушілері. 2. Адвокаттың лицензиясы. 3. Лицензия беруден бас тарту. 4. Лицензияны кері қайтарып алу және оның күшін жою. 5. Адвокаттың құқықтары. 6. Адвокаттық кәсіби мінез-құлық нормалары. 7. Адвокат құпиясы.   Адвокаттық қызметті ұйымдастыру. 1. Адвокаттар алқасы. 2. Адвокаттар алқасының жарғысы. 3. Адвокаттар алқасы мүшелерінің жалпы жиналысы.(конференция) 4. Адвокаттар алқасына мүшелік. 5. Адвокаттар алқасынан мүшелік. 6. Заң консультациясы. 7. Адвокат кеңесі.     Азаматтық іске қатысу 1.Азаматтық іске қатысу түсінігі 2..Азаматтық іс бойынша адвокаттың сенім білдірілген өкілдің өкілеттігі 3.Адвокаттың сот қаулыларына шағым жасауына және қайта қарауына қатысуы   Қылмыстық істер бойынша заң көмегін көрсету 1.Қылмыстық іске заң көмегін көрсету түсінігі 2.Қорғаушы ретінде қатысуды жоққа шығару мән-жайлары 3.Қорғаушының процесуальдық жағдайы   ҚР адвокатурасы ынтымақтастығының ұйымдық-құқықтық нысандары 1.ҚР адвокаттар Одағының органдары және олардың өкілетігі 2.Адвокаттардың халықаралық Одағы 3.Халықаралық Одақ басшы органдары,құрылу тәртібі және құзіреті   Қорытынды және өтпелі ережелер.                                                                       Консп   баянд     Пікртал   Консп     пікірта     пікртал   Тезисы     Баянд     Тезист   Бандау   Пікіртал

 

 

 

Глоссарий

Анықтау -(құқықта: тергеп -тексеру пішімдерінің бірі; іске қатысушылардың құқықларының субьектісі, арқауы және ауқымы жөнінен анықталудың алдын —ала тергеуден айырмашылығы бар.

Дәлелдемелер — қылмыстық және азаматтық іле: заңда белгіленген тәртіппен алыңған және істің материялдарында бекітілген қылмыстық немесе азаматтық істің дұрыс шешімін табу үшін маңызы бар мәнжайлар туралы нақты деректер (мәліметтер).

Жауаптау - қылмыстық және азаматтық істе, нақты іс үшін елулі мәні бар мән -жайлар туралы ауызша мәліметтерді - алуға және беркіндірге бағытталған тергеу мен сот әрекеті.

жергілікті өзін -өзі басқару органына, лауазымды басшыға өз құқықылары мен заңды мүдделерінің бұзылғандығы жөнінде ауызша не жазбаша түрде арыздануы.

Құрбандық - заңи жауаптылыққа тартылатын іс-әрекеттердің кесірінен тікелей немесе жаңама түрде материялдық емес зиян шегіп, зардап тартатын азамат, не болмаса заңи тұлга.

Шатасу - азаматтық құқықта: әлдебір адамның өзі кіріскен мәміле жөнінде жансақ ұғынғандығын білдіру үшін қолданылатын аталым.

Ұстау - қылмыстың істе: қамуға алу түрінде бұлтартпау шарасын қолдану туралы мәселені шешу, ұсталған адамның қылмысқа қатыстылығын анықтау мақсатында қылмыс жасады деп сезіктілген адамға қолданатын қысқа мерзімді мәжбүрлеу шарасы.

Қамауда ұстау - қылмыстық істе: бұлтартпау шараларының бір түрі. Қылмыстық іс бойынша алдын-ала тергеу және соттың таңылау кезеңінде бостандығын еріксіз шектеуден тұрады.

Қамалушы - бұлтартпау шарасы ретінде қамауда ұстау қолданылған қадам (әдетте, бір жылдан асамерзімге басбостандығынан айыру түрінде жазалау заңмен көзделген қылмыстар жөніндегі істер бойынша қолданылады).

Заң - кен мағынада алғанда: бүкіл норматиетік - құқықтық актілер, мемлекет белгілеген жалпыға міндетті ережелер.

Заңды өкіл - құқықта: әркетке қабілеті жоқ, әркетке қабілеті шектеулі, немесе әрекетке қабілеті бола түра, тәни жағдайының салдарынан өзінің құқықларын және өзінің міндеттерін жекелей жүзеге асыра алмайтын адамдардың жеке басының, мүліктік құқықлары мен заңды мүдделерін, заңның күшімен барлық мекемелерде, соның ішінде сот мекемесінде қорғауға қатысатын азамат.

Істі сырттай қарау — қылмыстық істе: соттаушы адамның қатысуынсыз соттың іс-қарауы.

Сот қорғауы — ҚР-ы азаматының конституциялың құқы; ҚР-ң конституциясына сәйкес әрбір азаматтың сот арқылы өз құқыларымен бостандықтарын қорғауға, жеке өміріне қол ұғылмауына, өзінің және отбасының құпиясына болуына, абыройы мен ар-намысының қорғалуына құқы бар.

Өтініш - мекемеге немесе лауазымды басшыға жасалатын бір адамның ресми өтініші.

Идентификация - (латынның identificare "ұқсастыру") -соттық дәэлелдемелер алу мақсатында жалпы және жеке нышандарының жиынтыгын салыстыру тәсілімен зерттеу арқылы нақты объектінің немесе тұлғаның ұқсастығын айқындайтын кременалистикадағы процесс.

Зорлау - қылмыстық құқықта: күш қолдана, қауіп төндіре отырып, немесе жәбірленушінің дәрменіз жағдайын пайдаланып, жыныстық қатынас жасауы.

Жазаңы даралау жекелеу - жасалған қылмыстың қоғамға қауіптілік сипаты мен дәрежесін, кінәлінің немесе жеке басын, сондай-ақ жауапкершілікті жеңілдететін немесе ауырлататын тестік ретінде заңмен көзделген мән-жазайларды ескере отырып, заң белгіленген шекте жазаны тағайындау.

Сот инстанциясы - белгілі бір құдіретпен сотта іс тараудың сатылары.

Жазаны атқару - жазаны қолдану туралы соттың айыптау үкімінің нұсқаларын іске асыру жөніндегі мемлекеттің өкілетті органдарының қызметі.

Кассациялық шағым - заңдық күшіне еңбеген соттың үкіміне немесе шешіміне жасалатын шағым.

Қылмысты саралау - қылмыстық қылық нышандарының арнаулы заңда көзделген қылмыс құрамы нышандарына сәйкестігін айқындап, қылмыстық - құқықтық тұрғыдан баға беру.

Сараланған қылмыс — Қылмыстық Кодекстің айрықша бөлімінің тиісті баптарында тікелей көзделген бір немесе бірнете нышандары бар қылмыс.

Сот құзыреті - істерді қарау жөніндегі соттың заңмен белгіленген өкілеттілігі.

Конституция - нақты бір елдің қоғамдық экономикалық басқару және мемлекеттік құрылым пішімдерінің, жеке адамдардың құқықтық ахуалын, жоғарғы және жергілікті өкіметпен басқару органдарының ұйымдың тәртібі мен құзыретін, сот билігін жүзеге асыруды, сайлау жүйесін ұйымдастыруды айқындаушы негізгі заң.

Контрабанда - (contra - "қарсы" + bando - "үкімет өнімі " деген сөзден шыққан) экономикалық қызмет саласындағы қылмыс болып табылады.

Мүлікті кәнфескелеу - құқық бұзғандық үшін қолданылатын санкция ретінде мүліктерді мемлекет меншігіне еріксіз, қайтарымсыз алып қою.

Ұрлық - мүлікті жасырын түрде жымқыру; қоғамдық немесе жеке меншікке қарсы жасалған қылмыстардың сапасына жатады.

Криминалистика - (латынның crimitalis - "қылмысқа қатысты" деген сөзінен шыққан бұл термин) - соттың дәлелдемелерді жинақтаудың, тиянақтаудың, зерттеудің және пайдаланудың арнаулы тәсілдерінің, әдістері мен құралдарының жүйесін жасақтайтын ғылым.

 

 


Дата добавления: 2015-12-16; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!