Заң факультеті



Ылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасы

 

С И Л Л А Б У С

Адвокатура

Мамандық: 5В030100 «Құқықтану»

Оқу түрі: күндізгі

курс: 4

семестр: 7

кредит саны: 2

барлық сағат саны: 90

барлық дәрісханалық сағат саны:30

дәріс: 30

практикалық сабақтар: 15

СӨЖ (оның ішінде ОСӨЖ): 15

Аралық бақылау: 2

Емтихан: 3-семестр

 

Талдықорған 2015 ж.

Оқытушы туралы мәлімет:

Бекежанов Даурен Нуржанұлы - қылмыстық- құқықтық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының магистрі

Байланыс телефоны: 87017895987, bek_dauren @mail.ru

Оқыту уақыты: сабақ кестесі бойынша

Консультация уақыты: кафедра кестесі бойынша

Пән: Адвокатура

Уақыт: бекітілген бойынша

Кредит: 2

Пән пререквизиттері. Бұл пәнді оқу үшін студенттер мына төмендегі пәндерді меңгерулері тиіс: «ҚР Қылмыстық құқығы», «ҚР Қылмыстық іс жүргізу құқығы», «ҚР әкімшілік құқығы»,

Пән постреквизиттері: Бұл пәнді оқып үйрену келесі пәндерді оқу үшін қажет: ҚР қылмыстық құқығы,Қылмыстық іс жүргізу құқығы, Қылмыстық атқару құқығы, және т.б.

Пәннің қысқаша сипаттамасы. Адвокатураны оқу барысында студенттер, қылмыстық заңның мезгілге және кеңістікке қарай қолданылуы, қылмыс дегеніміз не және іс-әрекеттің қоғамға зияндылығы, құқыққа қайшылығын жоятын мән-жайлар туралы қылмыс істеудің сатылары және одан өз еркімен бас тарту: қылмысқа қатысу, оған жанасушылық, қылмыстық жаза дегеніміз не; оның жүйелері мен түрлері; жазаны орындауды кейінге қалдыру, қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату және оның түрлері туралы; Сондай-ақ жаза тағайындау, қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату, жасы кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы; медициналық және тәрбиелік сипаттағы еріксіз шаралар туралы толық түсінік алады.

Адвокатура курсының бағдарламасына, қылмыстық заңның Ерекше бөлімінде көзделген Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің тиісті баптарына сәйкес нақты іс-әрекеттерді дұрыс саралауға мүмкіндік беретін қылмыс құрамының түсінігі мен белгілері де кіреді.

Пәннің мақсаты:

Студенттерге қылмыстық заң пәнінен тиянақты білім беру, қылмыстық құқықтың жалпы ережелері мен принциптері, оның негізгі ұғымдары мен институттарын түсіндіру, сондай-ақ нақты қылмыс түрлерінің белгілерімен, олардың жазаланушылық шектерімен таныстыру қылмыстық заңның мезгілге және кеңістікке қарай қолданылуы, қылмыстың түсінігі және іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігін және құқыққа қайшылығын жоятын мән-жайлар туралы толық түсінік беру болып табылады.

Пәннің міндеті:

Студенттердің заң жөнінен ойлау қабілетін дамыту, қылмысты саралау мәселелерінде оны дұрыс қолдануға машықтандырып үйрету, жинақталған білімді басшылыққа ала отырып, өзінің қоғамға пайдалы қызметінің тиісті салаларында оны дұрыс пайдаланып, заңдылықтың жүзеге асырылуын қамтамасыз ету болып табылады.

Бұл пән «қылмыстық іс жүргізу қатынастар» модулінің элективті таңдау пәніболып табылады.Адвокатура осыған байланысты құқық бұзушылықтың,сондай-ақ жауаптылықтың пайда болу жағдайларын белгілейді.Пәннің бағдарламалық мазмұны 4 модульге бөлінген.

Қалыптасатын құзіреттіліктер:

- коммуникативті: қазақ, орыс, шетел тілдері, қарым-қатынас технологиясы, педагогикалық риторика және конфликтология, коммуникативті стратегия саласындағы білімдерді меңгеру, конструкциялық диалог ауқымындағы біліктері мен дағдыларының болуы, көпмәдениетті, көпэтикалы, көпконфессионалды қоғамдағы қарым-қатынас, педагогикалық ынтымақтастыққа қабілетті және толерантты болу;

- технологиялық: педагогикалық инноватика, педагогикалық технология саласындағы білімдерді меңгеру, педагогикалық технологияларды пайдалану мен осы салада іздену, бағалау, саралау және қолдану біліктері мен дағдыларын меңгеру, жаңашылдыққа қабілетті болу, педагогикалық шеберлікті жетілдіруге ұмтылу, ынталылығы мен еңбекқорлығын көрсете білу;

- бақылаушы: педагогикалық менеджмент саласындағы білімдерді меңгеру, педагогикалық мониторингті іске асыру, педагогикалық өлшемдер мен индикаторлар жүйесін жасау, бақылау-бағалау материалдарын әзірлеу, алынған нәтижелерді түсіндіріп беру біліктері мен дағдыларын меңгеру, өзін-өзі бағалау мен өзін-өзі бақылауға, әділдікке, ақиқатқа ұмтылу.

Осы пәнді оқыту үрдісінде келесі компетенцияларды қалыптастыруға бағытталған:

а) түйіндік құзіреттілік (ТҚ)

- Адвокат ретінде кәсіби қызметінде заман талабына сай білімді болу;

- алған білімі негізінде құқықтың әр саласынан хабары болып, білімін көрсете білуі;

- үнемі ізденісте болу.

б) пәндік құзіреттілік (ПҚ)

- Сот процессінде сөйлеу шеберлігі, дауыс мәнері, өзіне қарата білу қабілеті мен мәдениетті болуы, қызметінде ортамен тіл табысуға бейім болуы;

- инновациялық технологияларды қолдану шеберлігінің болуы;

- өзінің жан-жақтылығын арттыруға ұмтылысының болуы;

в) арнайы құзіреттілік (АҚ)

- Адвокатура пәні бойынша алған білімін, дағдыларын іс жүзінде дұрыс пайдалана білуі;

- біліктілігі жоғары, тәжірибесі мол адамдардың тәжірибесінен үлгі алып, кеңейтіп, қолдана білуі;

- нормативтік-құқықтық актілер туралы білімінің болуы мен оның өзгерістеріне ілесе алуы, нормативтік құқықтық құжаттармен жұмыс жасай білуі тиіс; - кез келген тығырықтан шығу үшін шешім қабылдай білу қабілеті мен сын айта білу, ойын жүзеге асыру қабілетінің болуы.

 


Дата добавления: 2015-12-16; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!