Арапайым көпклеткалылар



Бірклеткалылар

Protozoa типі. Ең қарапайымдар – оларға өлшемдері микроскопиялық, денелері протоплазмадан, бір немесе бірнеше ядродан тұратын бір клеткалы организмдер жатады. Қарапайымдардың клеткасы қабықша ішінде болаып, ол барлық тіршілік функциясын атқарады. Қаңқа протоплазмадан қалыптасып, органикалық және минералдық заттан тұрады.

Қарапайымдар типі бес класқа жіктеліп, олар құрылысының ерекшеліктері, қозғалыс органдары, ядросы мен протоплазмасы бойынша бөлінеді. Қазба қарапайымдардың көпшілігі ең көп геологиялық мәнге ие болған саркодилықтар класына бөлінеді.

Sarcodina класы. Саркодилықтар арасында геологиялық мәнге радиолярийлер мен фораминиферлер ие, олардың таужыныс жасаушы маңызы бар.

Radiolaria класшасы. Радиолярийлер арасында 7000-ға дейін түр белгілі, олардың 1000-нан астамы қазба түрлер. Радиолярийлерге микроскопиялық планктондық теңіз организмдері жатады. Жарғақтардың өлшемдері 40–50 мкм-нан 1 мм-ге дейін өзгереді. Радиолярийдің қаңқасы күрделі сфера пішінді, центрінен таралатын бір-біріне салынған торлы элементтер мен ұзын радиал инелерден (спикулалардан) тұрады. Радиолярий қаңқасының басты функциясы – планктондық жағдайдағы тіршілікті қамтамасыз ету. Жарғақтардың көпшілігі қазба күйде сақталатын кремнийлі қаңқадан тұрады. Радиолярийлердің көпшілігі жылы теңіздерде тіршілік етеді, олардың қаңқасының жаппай шоғырлануы мұхиттың тропик зоналарында орналасады (тереңсулық радиолярийлі ұйық).

Foraminifera класшасы. Фораминиферлерге саркодилердің көпшілігі жатады. Олардың жарғақтарында бір немесе көп ұсақ тесіктер болады. Солар арқылы өте жіңішке жіп сияқты псевдоподийлер шығады. Фораминерлердің негізгі массасы теңіз түбіндегілерге жатады, шамалы бөлігі – планктон пішінді. Олардың қалдығы кембрий түзілімдерінде табылған. Фораминиферлердің тіршілік еткен уақыты – бордан қазірге дейін. Типтік өкілі Nummulites тегі (палеоген). Фораминиферлер тұздылығы қалыпты теңіздерде тіршілік етеді (стеногалиндік формалар).

арапайым көпклеткалылар

Қарапайым көпклеткалыларға губкалар мен археоциаттар жатады. Spongia типі. Губкалар – негізінен теңіз суы организмдері, олар бекітілген бентосқа жататын жекелеген немесе колониялықтар. Бұл қарапайым көп клеткалы формаларда нағыз тіндер де, жекеленген органдар да болмайды. Губкалардың таснұсқалары вендтен бастап қазіргі уақытқа дейінгі түзілімдерде табылады.

Губкалардың денесі сыртқы жамылғыдан, ішкі таспалық эпителийден және олардың аралығындағықұрылымсыз массадан (мезоглея) жаралып, оларды қаңқа ұстап тұрады. Колониялық губкалар жалпақ, сауыс, қабыршақ, бұта тәрізді болады. Денелерінің өлшемі бірнеше миллиметрден 2–3 метрге дейін жетеді.

Көптеген зерттеушілер губкаларды үш класқа бөледі. әкті (Calcispongia), кәдімгі (Demospongia) және алты сәулелі (Hexactinellida).

Archaecyathi типі. Археоциаттарға теңіз түбіне бекітілген жекелеген және колониялық организмдер жатады. Олардың қаңқасы кеуек карбонатты, кубок пішініне ие. Кубоктың өлшемдері: диаметрі 3–5 мм-ден 300–500 мм-ге дейін, биіктігі диаметріне пропорционал болады да әдетте 6–10 мм-ден 80–150 мм-ге дейін жетеді. Археоциаттар көбінесе өкшелерінің көмегімен (тұтас, түтікше, пластиналық) грунтқа өсіп шығады. Жекелеген археоциаттар конус, цилиндр, воронка немесе саңырауқұлақ пішінді болады, ал колониялық археоциаттар шомбал немесе тарамдалған қаңқаға ие. Археоциаттардың қаңқасы әдетте екі қабырғадан тұрады. Бұл жануардың ішкі бөлігінің ортасы қуыс болады. Қаңқасының сипаты бойынша археоциаттардың екі класы бөлінеді: дұрыс (Regulares) және бұрыс (Irregulares).


Дата добавления: 2015-12-21; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!