Менің таңдауым» блиц-сауалнамасы.

Мен таңдаған жол

 

Мақсаты: Кәсіптік бағдар таңдау бойынша оқушыларға психологиялық қолдау көрсету

Жұмыс барысы

 

Кіріспе сөз (кездесудің тақырыбын, мақсатын, жоспарын, эпиграфын айтып кету)

Дөңгелек стөлдің эпиграфы: «Кәсіп таңдау-тек қана болашаққа үңілу емес, ол өзіңнің ішкі жан-дүниеңе үңілу...»

 

Жұмыс кезеңдері:

- Ұйымдастыру кезеңі. Қатысушылар топпен жұмыс жасайды.

- «Мамандықты тап» сергіту жаттығуы

- «Менің таңдауым» блиц-сауалнама

- Мамандық таңдауда ұстанатын ережелер

- Бос микрофон

 

Тренинг мақсаты: мамандықтар жайлы ақпарат беру, оқушыларға психолого-педагогикалық қолдау көрсету, қыздар мен ұлдар жаңа тұлғалық дамуға жаңа жағдайлар жасау, қатысушыларға өмірлік жоспар мен әрекет алгоритмін құруға көмек.

Психолог. Сіздерді мамандар білгіші деп есептейік. Кім мамандық жайлы кім көп біледі екен деген дау-дамай туындап қалды делік. Бұл дау-дамай сіздерді қызылдар мен көктер деп екі топқа бөлді (қызыл және көк түсті карточкалар таратылады). Карточкалар түсіне сай екі топқа бөлінуіңізді сұраймын.

Сіздер клуб төрайымына дау-дамайды шешуді өтіндіңіз, айта кетейік, бұл клубтың төрайымы психолог. Мен мынадай шешімге келдім: мен сіздердің араларыңызда мамандық жайлы білімдеріңіздің байқау ұйымдастырамын. Осы байқауда кімнің қаншалықты деңгейде білгір екендіктеріңізді дәлелдеуге мүмкіндіктеріңіз бар.

Сергіту

Психолог. Тапсырмада айтылған мамандықты табуыңыз керек. Талқылауға 30 секунд беріледі.

«Мамандықты тап»

Бір қарағанда менің мамандығым оңай көрінуі мүмкін, бірақ тұтас ұжымның жұмысы маған байланысты. Бұл мамандық төзімділік мен үнемі қимыл-қозғалысты қажет етеді. Адамдар мені танумауы мүмкін, себебі менің арқамды жиі көреді. Менің мамандығымды атаңыз. (ДИРИЖЕР)

Менің мамандығыма жоғары талап қойылады. Оның ең басты кемшілігі – денсаулыққа зиянды әсері. Кәсіби ауруым - гипотония, яғни артериалды қысымның төмен болуы. Менің жеке өмірімді жоспарлауға қиындықтар туындайды, себебі мен жиі үйде болмаймын. (БОРТПРОВОДНИК)

Пропанды жандырғышпен жұмыс істеймін. 60-90 градустық пештің қасында тік тұрып жұмыс істеймін. Ешқандай білім мекемесі бұл мамандықты оқытпайды. (ШЫНЫ ҮРЛЕУШІ, СТЕКЛОДУВ)

Мен күні бойы отырып жұмыс істеймін. Күніне алдымнан жүздеген адам өтеді және олармен мен бір тақырыпта ғана сөйлесемін. Олар маған ақша мен оларға ақша беремін. Менің негізгі жұмыс жасайтын құралым – кассалық аппарат. (ОПЕРАТОР-КАССИР)

Қазіргі кезде келесі кейіпкерлер кім болып жұмыс істер еді:

1. «Қасқыр және жеті лақ» ертегісіндегі қасқыр (пародист)

2. Қызыл телпек (әлеуметтік қызметкер)

3. Қаңбақ шал (курьер)

 

Менің таңдауым» блиц-сауалнамасы.

Оқушылардың мамандық таңдауға қатынасы анықталады. Әр оқушы «Болашақ мамандығыңды таңдағаныңа нақты сенімдісің бе?» деген сұраққа жауап береді. Оларға алдын-ала карточкалар беріледі, олар «иә» немесе «жоқ» деген жауаптарын жазып береді. Содан кейін жауаптарға сапалық талдау жасалады. Психолог бірнеше оқушының пікірін сұрайды.

 

«Мамандық таңдауда ұстанатын ережелер»

- Мектептегі оқу пәндері- нақты мамандық емес. Пәнге деген қызығушылық оған

байланысты жұмыстың ұнайтынын білдірмейді.

- Қалаған мамандықтың мазмұнына көңіл аудару.

- Егер мамандық сенің досына ұнаса, саған ұнайды деген қорытынды жасауға болмайды.

- Мамандықтың мазмұны, қызықты қырлары, жұмыс тәртібі мен жағдайы туралы сұрақтарға жауап бере алғанда ғана сенің таңдаудағы ой-ниетің салмақтана түспек.

- Сән қуып, мамандық таңдаудың қажеті жоқ. Оқуды тәмамдап, жұмыс істегенше, ол мамандық сәннен шығып қалуы мүмкін.

- Алдағы өмірлік жоспарын қандай болмасын, шетел тілін үйреніп, компьютерде жұмыс істеуді игерген аса пайдалы.

- Заманның ағымына қарай кейбір мамандықтар тез ескіріп, оның орнын жаңа мамандықтар басып жатыр. Сондықтан кез келген жағдайда қосалқы таңдаған мамандық болу керек.

- Мүмкіндігінше таңдаған мамандықтың өзіңнің денсаулық жағдайыңа тура келетін- келмейтіндігі жөнінде кеңес алған жөн.

(Оқушылар ережелер туралы пікір алмасу жүргізіледі)


Дата добавления: 2015-12-21; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:




Мы поможем в написании ваших работ!