Ми нервтерінің 3, 4, 6-ші жұптары: тармақтары, нервтендіру аймақтары.



(3)Көзқозғалтқыш нерв. N. oculomotorius – 1-ші құлақалды миотомының қозғалыс түбіршігі, бұлшықеттік нерв б.т. Оның құрамында: nucleus n. Oculomotori және nucleus accessorius пен ортаңғы тақ ядро бар. Көзқозғалтқыш нерв мидан ми аяқшасының медиалды жиегінен шығып, кейін fissura orbitalis superior арқылы көз ұясына енеді. Осыдан кейін 2 тармаққа бөлінеді:

1. Жоғарғы тармақ, ramus superior, m. rectus superior және m. levator palpebrae superior-ды нервтендіреді.

2. Төменгі тармақ, ramus inferior, m. rectus inferior, m. rectus medialis пен m. obliquus inferior-ға барады. Төменгі тармақтан ganglion ciliare-ге барып, m. sphincter papillae мен m. Ciliaris үшін парасимпатикалық талшықтар аппаратын нерв түбіршігі, radix oculomotoria шығады.

(4)Шығыршық нерв. N. trochlearis – 2- ші құлақалды миотомының қозғалыс түбіршігі, бұлшықеттік нерв б.т. Онда жалғыз ядро nucleus n. trochlearis бар. Жалпы жоғарға ми желкенінің дорсальды жағынан шығып, ми аяқшасын латеральды жағынан айналып, fissure orbitalis superior арқылы көзұясына кіріп m. obliquus superior-да аяқталады.

(6)Әкететін нерв. N. abducens - 3- ші құлақалды миотомының қозғалыс түбіршігі, бұлшықеттік нерв б.т. Онда nucleus motorius n. Trigemini, nucleus pontinus n. Trigemini, nucleus spinalis n. Trigemini және nucleus tractus mesencephalici n. Trigemini бар. Жалпы көпірдің артқы жиегінде мидан шығып fissure orbitalis superior арқылы көзұясына өтіп, m. Rectus lateralis-ке енеді.

Осы 3 қозғалыс нервтерінде афференті талшықтар болады.


Дата добавления: 2015-12-21; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!