Көру мүшесінің құрылысы, қызметі.
Көз – oculus, көз алмасынан – bulbus oculi және оны қоршап жатқан қосымша қосалқы ағзадан тұрады.
Көз алмасының қабықтары: 1.Талшықты – tunica fibrosa bulbi. Артқы үлкен бөлімі ақ қабық, алдыңғы бөлімі мөлдір қабық. А) ақ қабық – sclera. Тығыз дәнекер тіннен тұрады. Дөңгелек вена қойнауы өтеді sinus venosis sclera. В) Мөлдір қабық – cornea. Ақ қабықтың тікелей жалғасы. Алдына қарай дөңес, артына қарай ойыс табақша тәрізді.
2.Тамырлы – tunica vasculosa. Тамырларға бай, жұмсақ, дәл ақ қабықтын астында жатады. А)меншікті тамырлы қабық – choroidea. Тамырлы қабықтың артқы үлкен бөлімі. В)кірпіті дене – corpus ciliare. Тамырлы қабықтың алдыңғы жуандаған бөлігі. Ақ қабықтың мөлдір қабыққа ауысатын аймағында орн. С)нұрлы – iris. Тамырлы қабықтың ең алдынғы бөлігін құрайды және дөңгелек қарашық – pupilla д.а. тесігі бар. Қыз: көзге келетін жарық мөлшерін реттейтін диафрагамма. Қарашық күшті жарық түскенде жиырылады, аз болғанда кеңейеді. Жиырылатын – m.sphincter papillae. Кеңейетін – m.dilatator papillae.
3.Торлы – retina. Ең ішіндегісі, тамырлы қабыққа қарашыққы дейін жанасып жатады.
Көздің ішкі ядросы: 1. Шынытәрізді дене – corpus vitreum. Көз алмасы қуысын торлы қабықтан ішке қарай толтырып тұрады. 2. Көзбұршақ – lens. Көз аламасының өте маңызды жарықсындырғыш ортасы. Жасымық тәрізді. 3. Көз камералары – camera bulbi.
Көз алмасының бұлшықеттері: 1.Жоғарғы тік б.- mm. Redi superior. 2. Төменгі тік б. -Mm.redi inferior. 3. Медиалді тік б. -Mm redi medialis. 4. Латералды тік б. -Mm redi laterals. 5. Жоғарғы қиғаш б. -Mm obliguus superior. 6. Төменгі қиғаш б. -Mm obliguus inferior.
Дата добавления: 2015-12-21; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы! |
Мы поможем в написании ваших работ!
