Бас миының қабықтары



Ми қабықтары, meninges 3-ке бөлінеді: қатты, торлы, жұмсақ.

Қатты қабық, dura mater encephali, ақшыл дәнекер тінді қабық. Сытрқы беті тікелей бассүйекке жанасып,олар ушін сүйек қабығы болып есептеледі. Миға қараған ішкі беті эндотелимен жабылған,сондықтан тегіс және жылтыр болады. Кей жерлерде қатты қабық екі жапырақшаға бөлінген. Мұндай жарылу веналық қойнаулар аймағында, сондай-ақ үшкіл нерв түйіні жатқан самай сүйегі пирамидасының ұшындағы шұнқыр аймағында кездеседі.

Торлы қабық, arachnoidea encephali, жұлындағы сияқты қатты қабықтан субдуралды кеңістіктің капиллярлы саңылауымен бөлінеді. Кейбір жерлерде, көбінесе ми негізінде, торлы қабықасты кеңістігі өте күшті дамып, сұйықтығы бар кең де терең цистерналара түзеді .Мынадай цистерналар болады:

1.Cisterna cerebellomedullaris, мишық-ми цистернасы, мишықтың артқы жиегімен сопақша ми арасында жататын ең үлкен цистерна.

2.Cisterna interpeduncularis, аяқшааралық цистерна ми аяқшалары арасында орналасқан.

3.C. chiasmatis, қиылыс цистернасы көру қиылысы алдында орналасқан.

3.C. fossa lateralis cerebri, мидың латеральды шұнқырының цистернасы,аттас шұңқырда орналасқан.

Торлы қабықтың құрылысының ерекшелігі- оның түйіршіктер, granulationes arachnoidales, вена қойнауларына еніп тұратын дөңгелектеу сұр қызғылт түсті торлы қабықтың кішкене өсінділері.

Жұмсақ қабық, pia mater encephali, миға тығыз жанасып,оның бетінің барлық жүлгелері мен саңылауларына енеді, бұнда қан тамырлар мен тамырлы өрімдер болады, олардың арасында торлы асты кеңістігімен қатынасатын периваскулярлы саңылау орналасады.


Дата добавления: 2015-12-21; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!