Пәтерді сатып алу-сату туралы алдын ала шарты

РЕНТА ШАРТЫ

Қазақстан Республикасы Алматы қаласы

Екі мың он бесінші жылдың екінші мамыры

 

Біз, 1928 жылдың 21 ақпанында Ақмола облысында туылған, Алматы қаласы, Бейбітшілік көшесі, 2 үй, 13 пәтердің тұрғыны азамат Ыбыраев Серік Ыбырайұлы және 1955 жылдың 23 наурызында Ақмола облысында туылған, Алматы қаласы, 1 шағын аудан, 23 үй, 45 пәтердің тұрғыны Есенов Болат Есенұлы, төмендегі мазмұндағы шартты жасастық:

1. Ыбыраев Серік Ыбырайұлы Есенов Болат Есенұлының меншігіне Алматы қаласы, Бейбітшілік көшесі, 2 үйдегі № 13 пә-терді тегін береді, ал Есенов Болат Есенұлы азамат Ыбыраев Серік Ыбрайұлын өмір бойы асырауды іске асыруға міндеттеме алады.

2. Көрсетілген пәтер Ыбыраев Серік Ыбрайұлына 1993 жылдың 18 маусымдағы № 678 жекешелендіру шарты бойынша тиесілі, ол 2002 жылдың 02 мамыр № 2002/2/1015 құқықтық кадастрдың тіркеу парағының көшірмесімен расталады.

3. Көрсетілген пәтер жалпы алаңы 31,3 шаршы метр, соның ішінде тұрғын алаңы 18,4 шаршы метр, бір бөлмеден, ас үйден, дәлізден, санитарлық тораптан тұрады. Тараптар пәтерді 570 000 (бес жүз жетпіс мың) теңгеге бағалайды.

4. Тараптардың келісімі бойынша С. Ыбыраевты өмір бойы тегін асырау жөніндегі міндеттемелер құрамына мыналар енеді:

- берілетін пәтерде өмір бойы тұру құқығын сақтап, тұрғын үймен қамтамасыз ету;

- азық-түлікпен және киіммен қамтамасыз ету;

- денсаулығына байланысты бағып-қағу, дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету;

- әртүрлі тұрмыстық қызметтер көрсету;

- жерлеумен байланысты жоралық қызметтерді төлеу.

5. Өмір бойы асырау құнының айлық көлемін тараптар екі айлық ең төменгі еңбекақы көлемінде белгіледі.

Осы шарт нәтижесінде оны Жылжымайтын мүлік жөніндегі орталықта тіркелген сәттен бастап Б.Е. Есенов жоғарыда көрсетіл-ген пәтерге меншік құқығына ие болады, сонан соң жылжымайтын мүлікке салық төлеу, пәтерді жөндеу және ұстау, коммуналдық қызметке төлемдер бойынша міндеттеме алады.

6. Б.Е. Есенов осы шарт бойынша пәтер кездейсоқ жойылған жағдайда да өзіне қабылдаған міндеттемелерді артады. Пәтерді сату, кепілге беру және басқа да әрекеттер тек С.Ы. Ыбыраевтың келісімімен ғана мүмкін.

7. Көрсетілген пәтер осы сәтке дейін сатылмаған, кепілдікке салынбаған, даулы емес және тыйым салынбаған, ол Астана қаласы бойынша Жылжымайтын мүлік жөніндегі орталықтың С.Ы. Ыбыра-евқа берген анықтамасымен расталады.

8. Өмір бойы асырау жөніндегі міндеттеме рента алушының қайтыс болуымен тоқталады.

Б.Е. Есеновтың өзіне алған міндеттемелерін елеулі бұзған жағдайда С.Ы. Ыбыраев пәтерді қайтаруды немесе сатып алу құнын төлеуді талап етуге құқылы.

10. Осы шарт Б.Е. Есеновтың әйелі А.Т. Есенованың келі-сімімен жасалды.

11. Осы шартты жасау шығынын Б.Е. Есенов төлейді.

12. Осы шарт үш данада жасалған, оның бір данасы нотариус-тың істерінде сақталады және тараптарға бір-бір данадан беріледі.

13. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 155 -бабына сәйкес осы шарт Астана қаласы бойынша Жылжымайтын мүлік жөніндегі орталықта тіркелуге тиіс.

Тараптардың қолдары:

1.________________________________________________________

2.________________________________________________________

 

2015 жылдың 02 мамыры. Осы шартты мен, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі 2016 жылдың 21 ақпанында
№ 0000000 мемлекеттік лицензиясы негізінде қызмет етуші, Астана қаласының нотариусы Иванова Ирина Ивановна, куәландырдым. Осы шартқа тараптар менің көзімше қол қойды. Тараптардың жеке басы анықталды, олардың әрекет қабілеттіліктері, сондай-ақ берілетін пәтердің Ыбыраев Серік Ыбырайұлына тиесілілігі тексерілді.

 

№ ________________ тізілімде тіркелді

Нотариусқа____________ теңге төленді

Нотариус _________________________

 

 

АВТОКӨЛІКТІ СЫЙҒА ТАРТУ ШАРТЫ

Қазақстан Республикасы Алматы қаласы

Екі мың он бесінші жылдың бесінші тамызы

 

Біз, 20.10.1968 жылы Атырау облысында туылған,Атырау қаласы, Канцев көшесі, 1 үйдің № 79 пәтерінің тұрғыны, бұдан әрі «Сыйға тартушы» деп аталатын, Ахметова Әлия Ахметқызы, бір тараптан және Асқаров Мұрат Ахметұлы, 15.04.1962 жылы Атырау облысында туылған, Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Жасқайрат селосының тұрғыны, бұдан әрі «Сыйды алушы» деп аталатын, екінші тараптан, төмендегі мазмұндағы шарт жасадық:

1. «Сыйға тартушы» Ахметова Әлия Ахметқызы жұбайы Ахметов Серик Сериковичтің келісімімен «Сыйды алушы» Асқаров Мұрат Ахметұлына өзінің атындағы маркасы УАЗ 22069-033, мемлекеттік тіркеу номері Е 656 DZM, 2005 жылы шығарылған, қозғалтқышы № 42180050602242, шассиі № 37410050453077, шанақ № 22060050209280 автокөлігін құны 2.000.000 теңге сыйға тартты.

2. «Сый тартушыға» жоғарыдағы көлік 16.07.2015 жылғы ЕА № 00065603 Атырау облыстық ІІБ Жол полициясы басқармасы берген көлік құралының тіркелу куәлігімен тиесілі.

3. «Сыйды алушы» Асқаров Мұрат Ахметович сыйға тартылған мүлікті «Сыйға тартушы» Ахметова Әлия Ахметқызынан толығымен және ризашылықпен қабылдады.

4. Осы шарт жасалғанға дейін аталған көлік ешкімге күні бұрын сатылмаған, кепілдемеге берілмеген, даулы және тыйым салынған (заң орындары құлыптаған) емес.

5. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 506, 509-баптарының мазмұндары жөнінде нотариус тарапынан шарт жасаушыларға түсініктеме берілді.

6. Осы шартты жасау шығындарын «Сый тартушы» төлейді.

7. Осы шарт үш данада жасалып, бір данасы нотариус
А.Н. Иванованың істерінде сақталады, бір-бір данадан тараптарға беріледі.

8. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 155-бабына сәйкес осы шарт Жол полициясы басқармасында тіркеуге жатады.

 

Қолдары: 1._________________________________________________________

2._________________________________________________________

2008 жылдың 05 тамызында осы шартты мен, Иванова Анна Николаевна, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 10.08.2002 жылғы № 0000000 мемлекеттік лицензиясы негізінде қызмет етуші, Атырау қаласының нотариусы, куәландырдым.

Осы шартқа тараптар менің көзімше қолдарын қойды. Тараптардың жеке бастары, олардың әрекет қабілеттіліктері және сыйға тартылған көліктің Ахметова Әлия Ахметқызының меншік құқығына тиесілі екені тексерілді.

 

№ ________________ тізілімде тіркелді

Нотариусқа____________ теңге төленді

Нотариус _________________________

 

Пәтерді сатып алу-сату туралы алдын ала шарты

Қазақстан Республикасы Алматы облысы Талдықорған қаласы

Екі мың он бесінші жылдың он үшінші қарашасы

 

Біз, Уланова Нина Ивановна, 1968 жылдың 07 ақпанында Қытай Халық Республикасында туылған, Талдықорған қаласы, «Агропромышленник» бағбандар тұтыну кооперативі, Хуторская көшесіндегі № 5 үйде тұратын, 1966 жылдың 01 мамырында Алматы облысында туылған жұбайы Уланов Дмитрий Ивановичтің келісімімен әрекет етуші, бұдан әрі «Сатып алушы» деп аталатын, бір тараптан және Борисова Нина Михайловна, 1970 жылдың
14 шілдесінде Қарағанды облысында туылған, Талдықорған қаласы, «Агропромышленник» бағбандар тұтыну кооперативі, Грушовая көшесіндегі 12А үйде тұратын, 1955 жылдың 01 маусымында Қостанай облысында туылған жұбайы Борисов Дмитрий Петровичтің келісімімен әрекет етуші, бұдан әрі «Сатушы» деп аталатын, екінші тараптан, төмендегі мазмұнда шарт жасастық:

1. «Сатып алушы» «Сатушыға» осы шартқа қол қойылған кезде қолма–қол ақшамен Алматы облысы, Талдықорған қаласы, «Жастар» шағын ауданы, № 12 (он екінші) үйдегі 25 (жиырма бесінші) пәтерді сатып алу мақсатымен 120 000 (жүз жиырма мың) теңге ақша қаражатын төлейді.

2. Ақша қаражатын беру арнайы қолхатпен рәсімделеді, қолхатсыз осы шарттың заңды күші болмайды.

3. «Сатушы» екі ай мерзімнің ішінде жоғарыда атап көрсетілген пәтерді сатып алу-сату шартын жасауға кедергі болып отырған жағдайларды жоюға, атап айтқанда:

- пәтерде жалға беру шарты бойынша тұратын уақытша тұрғындарды пәтерден шығаруға;

- пәтерді «Қазақстан Ресубликасының Халық Банкі» Акционерлік қоғамының кепіл түріндегі ауыртпалығынан босатып, ауыртпалықтың алынғанын тиісті мемлекеттік органдарда тіркеуге, шарт жасауға қажетті құжаттар мен анықтамаларды дайындауға және пәтерді сатып алу-сату шартын жасауға міндеттенеді.

4. Тараптардың келісуімен жоғарыда аталған пәтер барлығы 840 000 (сегіз жүз қырық мың) теңгеге сатылады. Оның ішінен осы шарттың 1-ші тармағында көрсетілген сома алдын-ала төлем деп есептеледі, ал қалған – 720 000 (жеті жүз жиырма мың) теңгені «Сатып алушы» «Сатушыға» сатып алу-сату шартын жасаған кезде толығымен төлеуге міндеттенеді.

5. Осы шартты нотариаттық рәсімдеу үшін шығатын шығындарды толығымен «Сатып алушы» төлейді.

6.Осы шарт заңдылық күші бірдей үш дана етіп құрастырылды, оның біреуі - жеке нотариус З.А. Халелованың іс қағаздарында сақталады, ал қалған даналары – тараптарғабір данадан беріледі.

7. Осы шартқа міндетті қосымша болып «Сатушының» алдын-ала төлемді алғаны туралы қолхаты саналады.

8. Осы шарттың құқықтық салдары, мәні, ҚР «Неке және отбасы туралы» Заңының 33-бабының мазмұны тараптарға түсіндірілді және олардың мәні тараптардың осы шартты жасағанда көздеген пиғылдарына сәйкес келеді.

 

Тараптардың қолдары:

«Сатып алушы» ____________________________________________

«Сатушы»_________________________________________________

 

2008 жылдың 13 қарашасында осы шартты мен, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2003 жылдың 21 қаңтарындағы № 0001280 мемлекеттік лицензиясы негізінде қызмет етуші, Талдықорған қаласының жеке нотариусы Халелова Захидам Абдуллаевна, куәландырдым. Осы шартқа тараптар менің көзімше қол қойды. Тараптардың жеке басы анықталды, әрекет қабілеттіліктері тексерілді.

 

№ ________________ тізілімде тіркелді

Нотариусқа____________ теңге төленді

Нотариус _________________________


 


Дата добавления: 2015-12-19; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:




Мы поможем в написании ваших работ!