Отбасында болатын келеңсіздіктер



 

Жалпы тақырыпқа тоқталып кетсек ең баса назар аударатын тақырыптарымыздың бірегейі. Отбасының сан түлі келеңсіздіктер бұзып, семияның берекесін қашырады. Ажырасу, қыз тәрбиесінің, ұл тәрбиесінің бұзылуы. Қырсық қыз, қасиетсіз ұл осы келеңсіздіктердің әсерінен туары сөзсіз. Отбасындағы ата-ата ұрыс-керісі бала-шағаның психологиясына, ойы мен іс-әрекетіне өте ауыр әсер етеді. Әке мен шеше арасы берекесіз болған соң қылмыскер, тас жүрек, мейірсіз, ішкілік сияқты арам әрекетерге баратын ұрпақ пайда болады. Осыдай құрдымға апаратын жолдарды бұрғаулау мақсатында «Отбасындағы келеңсіздіктер» атты Институтымыздың бұл бұтағын бес бөлімге бөлдік.

1) Отағасының ішкілікке салынуы

Отбасындағы қазақ арақ деген пәлемен дос болғалы өзекті мәселенің біріне айналып келе жатқан нәрсе. Талай қазақтың шаңырағы осы арақ ортасына түсірді-ау. Тек қазақтың десек, қателесерміз, әрине. Біздің өзгеде жұмысымыз жоқ өз жағдаймыз жайрап жатса. Шаңырақтың иесі Отағасы ішкілікке салыну тіреп тұрған бақанның сынғанымен тең емес пе? Бақан сынса шаңырақты кім көтереді. Ішіп келген еркектердің жасар концерті әр түрлі: бірі әйелін балағаттап, соққыға жығатын айтулы өнер. Екінші бала шағасының бар адамның мазасын алып шу шығару. Үйдің берекесін қашырып өз мүлкін өзі тонап, өзі қиратып өзіне өзі жау атану. Осы әкенің ісін көріп өсен бала ертең ол да ішкілікке жақын болмасына кім кепіл. Ол да ертең өз әкесінің алдында тайсалмай ішкілік ішсе таң қалатын дүние болмай кетті. Ажырасаудың белгілі бір себептерінің бірі осы қу арақ. Арақ ішкен әкенің белінен қандай ұрпақ жаңғырмақ. Ғылым дәлелдеуі бойынша арақ пен темекінің уы қанына сіңген әкеден, не анадан тараған ұрпақтың бойында белгілі деңгейде кері әсері болатыны дәлелденген. Мысалы, санасының төмендігі, дене бітімінің өсуіне т.б. Осы арақ ішкен әкенің кесірінен қыз да ер азамат атаулыға өз көзғарасын өзгертіп алады. Әке өз қызын тия алмайстай күйге түсіп жатады. Отбасында анасын ұрған, анасын жәбірлеген әкеге көп қыздың көңілі қалып, шайылып қалар. Ертең үлкен өмірде араққа жақын жітіт көрсе, ер азамат көрсе жасқанып, үркіп тұрары сөзсіз. Өзі де анасының кебін кигісі келмейді ғой. Осылай қыздың ер адамды талғауға келгенде талабы жоғарлап отырады. Кәрі қыздың санының артуы да осы бір күрделі дүниенің ұшында жатыр. Осылай ер азаматтық құнымызды төмендетіп келеміз. Осыны ескере отыра қазақстандағы көптеген ішімдікпен, нашақорлықпен күрес ұйымдарын Институт айналасына жинақтап, бір орталықтан басқарып, үлкен жұмыстар жасауымыз керек.

2) Әйелін ұру

Бұл тақырыбымыз жоғарыдағы тақырыпқа кіріп кететін сияқты болып көрінуі де мүмкін. Халық санасында әйелін ұру тек ішіп алғанда ғана болатын жағдай болып сіңіп қалған. Ішпей-жемей-ақ әйелін соққыға жығатындар жоқ десек, таза өтірікші атанармыз. Оның да себептері бар. Ол енді жоғарыда келтірген, және енді айтар себептердің барлығы десек, бұрыс болар. Әйел затын ұрып, опа тапқан адама сірә жоқ. Әйелін ұрған әке өз ұлы мен қызына қаншалықты пасық дүние сіңіріп жатқанын бірі білсе, бірі білмес. Білмейді-ау, білсе ондай әрекетке бара да қоймас....

3) Әйелі күйеуін төмендету

Отбасындағы тағы бір ыдыс-аяқтың жиі сылдырлауы әйелдің куйеуін балағаттап, қысқасы төрелік етуге тырысу. «Атың жаман болса салып құтыларсың, қатының жаман болса сатып құтыларсың» отбасындағы билікке әйел адамдар да таласатынды шығарғанына да талай заман болып қалды. Бұл үлкен келеңсіздік. Індет. «Қатын ашуланса жеңіледі, еркелесе жеңеді» деген мақалымыз керісінше болатын болды. Қағып қалсаң соттатып жібереді, яғни сауатты еркіндік заман. Ол дұрыс бірақ. Ер азаматты алдай алмаған әйелдің де сау сиырдың тезегі емес екендігі де жасырын емес. Сабыр сақтап семиясын сақтап қалу, ұл мен қызға жаман тәртие екендігін сезіну бәрі әйел борыштарына кірсе. Адірам қалып бара жатырмыз. Әсіресе отбасындағы қыз баласының ер азаматқа жасаған басымдығын, сыйламаған әрекетін көрген соң ертең түзде де ер азаматтарды сыйлауды білмейтін аспаннан түскен біреу болып шыға келеді. Ертең міндетті түрле өз қосағын анасының жолымен сыйлайтын болады. Ер бала әйел затына басқаша көзқараспен қалыптасады. Ананың негізі қандай болу керектігінен бір бұйда тарқата алмай алшаң басатын еразаматтар дүниеге әкелеміз. Қазақта «жаман қатын» деген үлкен сөз тіркесі қалыптасып, сан түрлі дүниелер айтылған. Жаман қатынның жынын қағып аларлық талай сөз бен дара кеңестер айтылған. Осыны негізге ала отырып, заман әйелдеріне сай бір бағытта негізделден Институт аясында «Әйел адамның ер азаматты төмендету» мәселесін көрету керек. жоқтан бар жақсы.

4) Әйелдің ішкілікке салынуы

Әйел адамның ішкілікке салынуы өте ел үшін қорқыныш тудырады. Ел болашаған қалыптап шығарар алтын жатырын арам арақпен арамдаған соң қандай қасиет қалсын. Ұрпағын іштен қағынбай туарына қалай кепілдік бересің. Уайымдайтын жағдай. Осының алдын алып, кері кеткен әйелдеріміздің есін жинату мақсатында айтулы шаралар жасау керектігі айтпаса да түсінікті. Әйел адамдардың ішкілікке салынып, саны артып бара жатқаны қынжылтады. Оны көрген ұл мен қыз қалай тәрбие алар екен. Қыз ғұмырын осы араққа жақын ұстаған болашақ аналарды көргенше көзің ағып кетсеші. Ана басу айтып отырса қыз осылай бола ма? Әйелінің араққа салынуына өз үлесін ер азаматтар санаты да аз емес. Тиым салып, тәрбие бергеннің орнына өзі қасына ертіп арақ ішетін, түн болса біргіп кафе, ресторондарды жағалайтынын қайтерсің. Тоқтық не істетпейді адамға. Ертең ұл да, қыз да тамаша ішкіштер қатарына қосылмайтынына кім кепіл? Олай болса осыны тұзақтау мақсатында Институмыздың қабырғасынан осы «Әйелдің ішкілікке салынуы» атты бөлімді ашып отырмыз.

 

5) Материялдық қиындықтар

Жаңа тұрмыс құрған жас семиялардың тез ажарасып кетіп жатқанының басты себептерінің бірі – осы материялдық жағдай. Отбасын құрған ер азаматымыз дайын болмай қалып жатады. Осы тұрғыдан пайда болған қиындықтарды жеңе алмай өрескел қадамдарға баратын болды. Материялдық жағдай орнына келгенше талай сабыр мен төзімнің керектігін ұғына алмай кетіп жатырмыз. Осы мәселені де Институт аясында қолға алып бағыт пен бағдар беріп отыру міндеті болса деген ниетпен жобаның бір бөлшегі етіп алдық.

 


Дата добавления: 2015-12-19; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!