Отбасындағы балалар қарым-қатынасы



 

Алған тақырып отбасындағы балалар. Балалы үй базар. Отбасындағы балалардың бір-біріне деген махаббаты, ағалық, інілік, әпке, қарындастық туыстығы ең ұлы бауырмашылдықтың шыңы екені анық. Бір ішке сыйған, адамдардың кейде кең дүниеге сыймай жатқанын көргенде көзің көргеніне өкінеді. Отбасында тату-тәтті өскен балалар, ертең өрісі кеңіп үлкен өмірге шыққанда ара-жігі ажырамас адамдарға айналар еді-ау. Біз ұсынып отырған «Отбасы Институтының» алып тармағының бірегейі балалар қарым-қатынасы. Заманымызда көрген ағайындылар араздығын ұлттың ұлы ретінде шешу жолдарын іздеу барысында бұл үлкен тақырыпты төрт тармаққа бөлдік.

1) Аға мен Қарындас арасындағы

Аға қандай қаныққан есім болса қарындас осы аға иығына қонған бақыт құсы секілді семіз ұғым. Ағасы қарындасын отбасынан ұшып кеткенше әке мен ана бірінші қамқоршы болса, екінші осы аға қарындастың үйдегі де, түздегі де қамқоршысы. Ағаның намысы қарындасы. Қарындасын ес кіріп қоғамға терең араласа бастағанда жіті қадағалап, өз тәрбиесінде ұстауы керек. Айналасындағы сұқтанған көздерден, арам ниеттерден қорғап отыру аға парызы. Көл қорғаған қырғидай қарындасына қалқан болу керек. Ал қазір қарындасының жүріс-тұрысына немқұрайлы қарайтын ағалар қатары артып келе жатқанына аса үлкен дәлелдің керегі де жоқ. Асыл дінімізде мынадай бір хадис бар: «балаларың жеті жасқа келгенде намазға бұйырыңдар, егер он жасқа келгенде намаз оқымаса ұрыңдар» дейді. Осы жерде кім жеті жаста баласына намаз оқы деп айтпаса, он жаста ұруға құқы жоқ екен. Дәл сол сияқты ғаларымыз қарындасына айтар ақылы жоқ. Ол ақылды айту үшін сол ақылға лайықты болу керек. Өзі темекі тартып, өзі көше қыдырып, былапыт сөйлеп, үлкен мен кішіні сыйламай жүрсе қалай қарындасына бұндай нәрселерді істемеуді бұйыра алады. Айтса да қыз қалай қабылдайды бұны. Әкелеріміздің сиқы да осыған ұқсап кеткен. Аға өнегелі болып осының бәрін орындаса қыз баласы, әйел заты қайда барады. Өзіміз сол асыл дүниелерді жасай алмай жүріп, жасата да алмаймыз. Осы мәселені өзгертуге біз осы жобамыздың «Аға мен қарындас қатынасы» атты тармақты ұсынамыз.

2) Аға мен әпке арасындағы

Аға мен әпке қарым қатынасы, аға мен қарындас арасындағы мәселеден қарағанда күрделірек. Жас қашанда жіберген емес. Ініге әпкенің ықпалы көбірек. Әпкесі өз інісінің алдындағы міндетін қатты білген абзал. Әке мен анасының айтқанын, үйреткен тәлім-тәрбиесін ініге одан ары тереңдетіп сіңіретін әпке міндеті екенін осы Иниститутымызда баса сіңіре аламыз. Әпке алдындағы інінің өз міндеттері де орасан. Әпкесін екінші анасындай жақсы көретін, асыл махаббат пайда болатындай жастайыннан осы иниститут аясында ата-анаға, ересек әпкеге түрлі треннигтер мен дәрістер оқып, сан түрлі оқулықтар ұсынсақ айымыз оңынан туары даусыз.

3) Аға мен Іні арасындағы

Аға мен іні арасы жақсы болса болардай, болмаса томардай проблема шығаратын қатынас. Іні ағаға еліктеуіш келеді. «Ағасы барың жағасы бар, інісі бардың тынысы бар». Қазақ үшін қашанда аға мен іні арасындағы қарым-қатынас өте маңызды болған. Аға үшін іні, іні үшін ағасы жанын қиятын өр рухпен жалғанған қайсар махаббат араларын жалғайтын. Аға өлсе ініге мұра, тіпті әйелі де. Әменгерлік. Аға мен іні шегісіп қалу қашанда бар. Баян мен Нояндай. Ал қазір аға ініге, іні ағаға қарайламайтын заман туды. Заман екен деп бас шұлғи берсек ертеңің не болмақ. Ішімізден іріп, шіріиміз бе? Осындай келеңсіздіктердің алдын алу үшін табалдырық әрекет деп Иниститутымыздың қабырғасынан «аға мен іні арасындағы қарым-қатынас» мәселелерін ұсынамыз.

 

4) Әпке мен Сіңілі арасындағы

Әпке мен сіңілісі арасындағы қатынас шым-шытырығы өте көп мәселе. Әпке мен сіңілі бірін бірі сонау балалық шақтарында қатты тыңдап әпке сөзін екі етпейтін болса керек. Уақыт өте есейіп ес білген соң өз соқпақтарын өздері соғып кететін кездері өте көп болады екен. Осы мәселе тарапында да иниститутымыз тарапынан психолог мамандар жұмыс істеп көп түйткілді шешеді деп ойлаймыз...

 

 


Дата добавления: 2015-12-19; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!