Ыз бала тәрбиесі



Жалпы тақырыпқа тоқталып кетсек; «ҚЫЗ БАЛА ТӘРБИЕСІ» біздің ұсынып отырған жоба «Отбасы институтының» басты бағыттарының бірі және бірегейі. Ертеңгі ел басшысының да, дананың да, ананың да, ғалымның да бәрінің ордасы, анасы бүгінгі қыздар. Шеше тұрып қыз сөйлеген без дегендей халық даналықтарын терін терең тәпсірлеу керек. Бүгінгі қыз – ертеңгі болашық. Ертеңгі келбетіміз. Бұған есті қыз да, білікті ұл да, ата да, ана да жұмыла атсалысуымыз керек. Қазір бізге ғылыми бір кітап жазудан гөрі бір тәрбие құралын, оқулығын құрастырып, жазып шығу тиімдірек болып тұр. Қыз өссе елдің көркі. Оған дау жоқ. Қызымыз қаптап жүр саймыз бен саламызда. Бірақ, қандай қаздар өсіріп жатырмыз, қалай тәрбиелеп жатырмыз мәселе осыда. Елдің көркі болғанды қойып жердің өрті болып бара жатқан жоқ па?! Көпке топырақ шәшудан аулақпыз, әрине. Көл алдымызда, замандас қыздарымыз жайлы қателіктері тізіп айтып шығу бізге жараспас. Тек үнсіз әрекетке кірісу керек. Болды. Осы мақсатта біз бұл тақырыбымызды бес бөлімге бөлдік.

1) Қылықты қыз.

Қыз қылығымен деген сөз бар. Қылықтың түрі көп-ау; жақсы мен жаманы бар. Жаманынан жиреніп, жақсыдан үйреніп қылықты қыз концепсиясы пайда болғаны түсінікті. Қазақ қызын не үшін қылықты деп атаған. Ағаны көрсе именген, ініге иілген. Ата-анасының тәрбиесін алып қылығын тартып ұстаған қыздарды – қылықты қыз десе керек. Орынсыз күліп, жайпау сөйлеп, тілін безеп, ибалықты ұмытпай қырық қылығын ішіне бүгіп ұстаған қызды – қылықты қыз деген, кеше қазақ. Өткен тарих беттерінде, әдебиетіміз бен мәдениетімізде ізім жоғалып тот басып жатқан осы қылықты қыз бет бейнесін институмызда көтеріп, жас отбасын құрған ата-ана методикасына еңгізсек. Келер ұрпақ, алдағы болашақ қыз қызғалдақтарымыз қылықты болар, лайым.

2) Киіну тәртібі.

Бұл да жоғарыдағы тақырыбымыздың заңды жалғасы спетті. Қазақ қашан да қыз бала тәрбиесімен қос оның киіміне аса көңіл бөлген. Тәлім-тәрбиенің бір бұтағы. Біз бұнымен ескіні аңсап, оюлы камзол мен ұзын бұрымды уағыздайық деп отырған жоқпыз. Бірінші етек жеңімізді жауып алсақ, бірінші белестен гөрі екінші белесті асу оңайырақ оған да болашақта келіп қалармыз деген үміт те жоқ емес. Үмітсіз шайтан. Бұл әйел тәнін жабатын киім мәселесін сонау тарих атасы Геродот «әйелдер киімімен бірге өзінің ұятына да көңіл аударады» деген екен. Межеге дәл қадалған қанжар. Адам көркі шүберек десе, ал қазақ қызының көркі ғана емес ар-ұятының да қалқаны болаған. Бұл жерде тағы да елдің үрке қарайтын дінге тірелген түсінікті айтып отыр деген аулақ болу керек. Батыстың башпайына оралған шылғау құсап құдірден әбден кетіп барамыз. Қазіргі батыс оқымыстылары бармағын шайнап отыр, дер кезінде алдын алмаған неше сиқты айтуға ауыз бармайтын әрекеттерді жасау жай болмашы тірлік болып қалған. Мәдениет шығыста қалды шығыстан үйреніңдер дейді екен. Біздің мақсат алдын алу. Қазіргі барды жоғалтпай дамыту, іс-шара қолдану. Қай қазақтың қызы кіндігін ашып, мини киімдерге әуес болыпты. Сырттан жұққан вирус та!

3) Туған-туысқандарымен қарым-қатынасы

Қыз баланың туған туысқандармен қарым-қатынасы өте маңызды. Туғанын құдірлемеген, туғанына сыймаған қыз басқаға сыяды деу далбаса. Сондықтан жасынан қыз балаға туған-туыстың қәдір-қасиетін жете ұғындыру керек. Ол үшін әке мен шеше жауапты, әрине. Әке мен шеше бала-шағасының аға-баурымен, нағашыларымен, жеңге-жезделерімен, бөле-жиендерімен қарым-қатынасының алтын көпірі болуға міндетті. Туғанын сүйген қыз сүйікті жар, ардақты ана болуға дайын қыз деп ауыз толтырып айтуға болады. Қыз баланың әр туыстың алдындағы ерекше қатынастары болаған, соның бәрін жинақтап иниститут қабырғасында оқулықтар дайындап, дүрлі дәрістер, треннигтер дайындау керек.

4. Отбасындағы рөлі

Қыз баланың отбасындағы ролі, ықпалдылығы да зор. Отбасындағы ерен еңбегі, қажыр қайраты, қылықтары бәрі арттағы інісі мен алдағы ағасына өте үлкен әсер етеді. Ел арасынан қыз баласының қадірін, қасиетін қарындасыма қарап үйрендім, сезімдім дегенді естіп жатамыз. Міне, бұл нағыз қазақ қызының артынан ерген аңыз болса керек. Қыздың жиған жүгіндей деп реттілік пен тазалықты қыз еңбегімен өлшеген ғой, қазақ. Ал қазіргі көп қыздарымыз анегдоттар мен сайқымазақтардың кейіпкерлеріне айланып бара жатқан жоқ па? Қызды ауылдың иті үреген демекші сырт көз қылықты қызы бар отбасын қайдан жатырқасын, отбасының айнасы қыз екені бесенен белгілі. Ұл баландан гөрі қызды тәрбиеге бой алдыру қиын шаруа саналған, кеше де бүгін де. Бұл да түйеге тең болатын тақырыптардың бірі.

5. Отан алдындағы әйел заты, перзенті ретіндегі борышы

Қыз баласының Отан алдындағы борышы ер адамнан қарағанда биіктеу болып көрінеді. Ең басты борыш та, парыз да Алып ана атанып, бала тәрбиелеу. Отбасына ие болу. Келер күнге үлгі болу. Бенсаулығын сақтап, ғылым мен білімге ұмтылу. Дүниеге дені сау, төрт құбыласы тең ұрпақ әкелу.

 


Дата добавления: 2015-12-19; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!