Сұрау сөйлемдерінің жасалуы
Ма, ме, ба, бе, па, пе сұраулық шылаулар арқылы | Сұрау есімдіктері арқылы | Сұраулық интонация арқылы | ||
Баяндауыш құрамында ғой, ше шылаулары келу арқылы | Баяндауыш құрамында шығар, болар сөздері келу арқылы | Баяндауыш құрамында ә одағайы келу арқылы | ||
Бүгін күн қызарып бұлтқа батты, ертең жел көтеріле ме, жоқ па? (Ә.Н.) | Бағып отырған малыңды тастап, үй тұрғызуға керек дүниені қайдан іздерсің? (Ш.А.) | Анау адам мұның сөзін дұрыс түсінсе жақсы, түсінбесе ше? (Ш.А.) | Топырлап кіріп жатқан мына кісілерді де қуанышына құтты болсын айта келгендей көретін болар? (Ә.Н.) | – Баламысың деген, ә? – деді шал мұртынан күліп. – Әуелі үйге жетіп алайық, қалғанын көрерміз. (Ш.А.) |
Леп белгісі:
Лепті сөйлемдерден кейін | Ұран, үндеу мәнді сөйлемдерден кейін | Одағай, қаратпа сөз сөйлем басында келіп, көтеріңкі дауыспен айтылса | Бұйрық, тілек, өтініш мәніндегі бұйрықты сөйлемнен кейін | Ішінде сұраулы сөйлем жасайтын элементтері бар, бірақ ерекше бір сезіммен айтылған сөйлемдерден кейін | Ма, ме, ба, бе, па, пе шылаулары бар, сәлемдескенде айтылатын сөйлемдерден кейін |
Шіркін, дәл осындай жігіт болып өсер ме еді! (Ш.А.) | Жасасын бірлік, бейбітшілік! | Оны естігенде Бекболат: – Е, бәрекелді!.. Япырай! Түгел түсіп пе? – деді. (Ж.А.) | Төлеген әнтек қипалақтап тұрып: – Кәне, жолдастар! Тамаққа жүріңіздер! – деді. (Ж.А.) | Көзі тостағандай, терең, тұңғиық, қандай тамаша десеңізші! (Ш.А.) | – Сәлеметсіз-дер ме! – деді оған бейтаныс біреулер. (Ш.А.) |
|
|
Көп нүкте
Қойылатын орындары | Мысалы |
Алынған дәйексөздің арасынан сөйлем не сөздер қалдырылған жағдайда | Қол еңбектің органына айналумен бірге, өзі де еңбек процесінде жетіліп дамиды: «... қол еңбек органы ғана емес, ол сонымен қатар еңбектің жемісі де». (К.А.) |
Жазушы айтып келе жатқан оқиғаның жалғасын созбай тоқтатқан жағдайда, айтылып отырған ой болашақта орындалатын жағдайда | Кім біледі, бұл түнгі жортуылдар әлі қаншаға созылар еді, егер де мына бір жағдай болмаса... (Ш.А.) |
Айтып келе жатқан ойға кенет, тосын, күтпеген не алшақ жатқан нәрсе қосылып кетсе, оның алдынан қойылады | Сол жылы қызылшадан көп өнім алдық.... Жарықтық балажан еді ғой. |
Сөйлеушінің белгілі бір себептермен (ентігу, тұтығу, асып-сасу т.б.) сөздерін, ойын бөліп айтқанда | – Мен ұл туған жоқ... тек, осы қызым... Ақбалам болмаса... – деп Сүйеу үйде, түзде бірдей мақтанатын. (Ә.Н.) |
|
|
1-жаттығу. Белгілі бір ақын не жазушымен кездесу ұйымдастырылса, немесе ғылыми жұмыс талқыланса, қандай сұрақтар қояр едіңіздер. 5 сұрақтан дайындаңыздар.
Дата добавления: 2015-12-18; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы! |
Мы поможем в написании ваших работ!