Аорта қуысының тарылуы



Аорта қуысының тарылуы (аорта тарылуы) — аорталық қақпақша аймағындағы сол қарыншадан шығатын алып кететін жолдың тарылуы, ол СҚ қан ағып кетуін қиындатады және СҚ және аорта арасындағы қысым градиентінің күрт өсуіне әкеледі. Аорта қуысының тарылуы жүрек ақауларымен ауыратындардың ішінде 20–25% кездеседі, сонымен бірге ол әйелдерге қарағанда еркектерде 3–4 рет жиірек кездеседі.

Этиологиясы:

· Қақпақша жармаларының ревматикалық зақымдануы – қақпақша жармаларының өсіп бітуі жүреді, олар қалыңдап сіреспелі болады да, қақпаөшалы тесіктің тарылу себебі болады. Жармалардың қозғалыстығын тежейтін және қақпақшалы сақинаны тарылтатын аорталық қақпақшаның әктенуі (кальциноз) сирек емес байқалады.

· Аорта атеросклерозы

· Инфекциялық эндокардит

· Аорта қуысы тарылуының туа біткен ақауы (қақпақша жармаларының дамуындағы аутқулар)

Гемодинамикалық бұзылыстар:

1. Сол қарыншаның концентрлі гипертрофиясы. Аорта қуысының тарылуы және СҚ қанның ағып кетуінің қиындауы (яғни қан ағыстың жолында “үшініші тосқауылдың ” пайда болуы) аорта және СҚ арасындағы систоликалық градиенттің маңызды өсуіне әкеледі де, ол 50 мм сын. бағ. дейін жетуі. Нәтижесінде СҚ систоликалық қысым және миокардішілік кернеу күрт жоғарлайды. Күштемеден кейіннің маңызды және ұзақ уақыт жоғарлауы айқын СҚ миокардының концентрлі гипертрофиясына алып келеді. Бұл кезде қарынша қуыстары көлемі бойынша ұлғаймайды. Ұзақ уақыт бойында ақау (15–20 жылдар бойында) толығымен теңгерілген болып табылады, себебі гипертрофияланған СҚ жоғары градиентке қарамастан қалыпты жүректік лақтырысын және қалыпты деңгейдегі артериялық қысымды (ең болмағанда тыныштықта) қамтамасыз етеді. Бұны қолдайтындар аорталық тарылуға тән брадикардия және СҚ систоласының компенсаторлы созылуы.

 


Дата добавления: 2015-12-17; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!