Позитивті дискриминация



Ең бірінші «Дискриминация» ұғымына анықтама берсек: Дискриминация - лат. Discriminatio –«алалау, болектеу» деген мағынаны білдіретін - нәсілдік, этникалық, жыныстық, жастық және басқа да белгілеріне немесе субмәдени топ мүшесі болғанына қарай азаматтарды құқынан айырып, мүмкіндіктерін шектеу процесі. Дискриминацияның психологиялық алғышарты болып өзге топқа жатырқаушылықпен қарау саналады, ал ол жеке тұлға (Т. Адорноның классикалық зерттеулерінде бұл тұлға авторитарлы деп те аталады) дискриминациялық әрекеттерге тікелей қатыспауы да мүмкін.

Дискриминацияны заңдастыру арнайы идеологияларды (расизмді, сексизмді, эйджизмді, национализмді) ойластыру арқылы жүзеге асырылады. Бұл идеологиялар философтардың, ғалымдардың, саясаткерлердің биологиялық, патерналистік, экономикалық мазмұндағы дәлелдердің кәмегімен ұзақ жылдар бойы құрған еңбегінің жемісі. Үстемдік және алалау идеологияларын құруда мәдени дәйектер аса маңызды рөл атқарады. Алалау идеологияларының міндеті - кемсіту әрекеттерінің қалыптылығын ақтау және құрылымдандыруға жағдай туғызу. Алалаудың тікелей ("ашық"), жанама және жасырын ("жабық") түрлері анықталған.

Ашық алалаудың негізінде нақтылы бір топтардың мүшелеріне қолдау көрсетіп немесе оларға ашықтан-ашық кемсітеді.

Жанама алалау ресми түрде тең қатынастар іс жүзінде әртүрлі топтардың өкілдерін кемсіту шаралары болып табылады. Алалаудың жасырын түрінде үстемдік етуші топтардың санасында, мінез-құлқында алалауға ұшыраушыларға қаталдықпен, мойындамаушылықпен стереотипті ойлаудан көрініс табады. Егер алалау осы топқа жататындардың бәріне бірдей таралатын болса, онда ол - категория бойынша дискриминация.

Дискриминация төменгі болып танылатын саяси және экономикалық тұрғыда үнемі құқай көретін топтарды қалыптастырады. Көптеген батыстық зерттеушілердің пікірінше, дискриминация аса маңызды экономикалық саладағы теңсіздікті зандастыруға бағытталған. Осылайша, И. Валлерстайнның пікірінше, дискриминация - модерн заманында пайда болған әлемдік империяныц негізі, ал расизм мен сексизм - алалаудың тек ғаламдық жүйелері ғана емес, сонымен қатар, әлемдік еңбек бөлінісіндегі құрылымды иерархия болып табылады. Алалауға ұшырайтын топтар (әйелдер, "ақ нәсілге" жатпайтындар өкілдері, ұлттық мемлекет құрамындағы этникалық азшылықтар) үстемдік құрушы топтардың гүлденуіне жағдай туғызады. Дискриминацияны жою әлемдік жүйенің болашағы үшін жаңа идеологияны қалыптастыру және эгалитарлы институционалды және заңнамалық аппаратты қалыптастыру барысында ғана мүмкін болмақ.

Ал позитивті дискриминация құқықтық нормадан дифференциалдаған адамдарға, қоғамғадық мақсатқа маңызды бірдей кемсіту белгілері бар немесе бір топ адамдарға қабылданады. Позитивті дискриминация кемсітудің әсерінен өз құқықтарын қорғай алмайтын бір топ адамдардың құқықтарын қорғауға ерекше мән береді.

Позитивті дискриминацияның субъектісі мыналар бола алады:

 

 

Позитивті дискриминация деген— жыныстық жолына, нәсіліне, этникасына байланысты бағытталған саясаттық тұрғыдан теңдік субъектісін қамтамасыз ететін мүмкіндік. Позитивті дискриминацияның қарсыластары «көпшілкке тұсау болатын қару» деп санайды.

АҚШ-та 1972 жылы позитивті дикриминация - қоғамдық пікірталастың ең актуалды тақырыбы болды. Шынында да, 1964 жылы азаматтық құқық қорғау заңдары «позитивті дискриминация» деп аталатын ұғымды қабылдаған.

Позитивті дикриминацияның құқықықтық мәртебесін, сондай-ақ оған қатысы бар басқа да бағдарламаларды, олардың артықшылықтары мен кемшіліктерін терең зерттейтін Марка Боссюи Адам құқықығын қорғайтын қорлардың қолдауымен ғылыми жұмыстар жүргізеді.

Құқық қорғау Комитеттерінің пікірінше, теңдік приципіне сәйкес, мемлекет кейде позитивті дикриминацияны қабылдауға мәжбүр. Себебі дикриминацияның себептерінің алдын алуы үшін.

 

 


Дата добавления: 2015-12-17; просмотров: 15; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!