Валюта жүйесінің мәні және дамуы



Кіріспе

Валюта жүйесінің мәні және дамуы

Валюталық жүйе типтері және оның элементтері

Валюта бағамын реттеу құралдары

Лттық валюталық жүйе

ОРЫТЫНДЫ

ОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КIРIСПЕ

Қазақстанның әлемдік экономикалық қатынастарда басқа елдермен сауда, экономикалық қарым-қатынасқа түсуі үшін, шетелдермен экспорт пен импорта, әлемдік капитал ағымдарының іске асуына және шетел валюталарының еркін айналымын ұйымдастыруда, сонымен қатар халықаралық әр түрлі қарым-қатынасты іске асыру валюталық жүйе негізінде жолға қойылады.

Валюталық жүйелер дүниежүзiлiк шаруашылықта құрал жабдықтар, сатып алу және сату айналымын тудыратын әдiстер және мемлекетаралық ұйымдардың жиынтығынан тұрады. Оның пайда болу және одан әрi даму экономикасы халықаралық ақша кеңiстiгiндегi адекватты шарттарды талап ететiн ұлтаралық капитал үрдiсiнiң объективтi дамуын бейнелейдi.

Халықаралық валюталық жүйенiң негiзгi құраушы элементтерi ретiнде валюталық бағам, әлемдiк ақшалай тауар жәнехалықаралық өтiмдiлiк, валюталық рыноктар, халықаралық валюта, қаржылық ұйымдар және мемлекетаралық валюталық келiсiм шарттарды атауға болады.

Ваюталық жүйе - ұлттық заңдылықтар немесе халықаралық келiсiм шарттарымен бекiтiлетiн валюталық қатынастарды ұйымдастыру және реттеу формасы негізінде көрініс табады.

Халықаралық валюталық жүйе дүниежүзiлiк шарушылықтың шеңберiндегi сатып алу және сату айналымын тудыратын әдiстер, құрал жабдықтар және мемлекетаралық ұйымдардың жиынтығынан тұрады. Оның пайда болу және одан әрi даму экономикасы халықаралық ақша кеңiстiгiндегi адекватты шарттарды талап ететiн ұлтаралық капитал үрдiсiнiң объективтi дамуын бейнелейдi. Халықаралық валюталық жүйенiң негiзгi құраушы элементтерi ретiнде әлемдiк ақшалай тауар және халықаралық өтiмдiлiк, валюталық курс, валюталық рыноктар, халықаралық валюта, қаржылық ұйымдар және мемлекетаралық валюталық келiсiм шарттарды атауға болады.








 

 

Валюта жүйесінің мәні және дамуы

Валюта – елдiң ақша бiрлiгi, оның шартты түрi, халықаралық төлем есеп айырысу айналымының каналдары арқылы ұлттық ақшаларды қолданудың ерекше формасы. Осы халықаралық немесе ұлттық валюта қатынастарының негізінде валюталық жүйе ұғымы пайда болады.

Ваюталық жүйе - ұлттық заңдылықтарымен немесе халықаралық келiсiм шарттарымен бекiтiлетiн валюталық қатынастарды ұйымдастыру және реттеу формасын бiлдiредi.

Халықаралық валюталар қатынастар – ұлттық шаруашылықтарының қызметкерлерiнiң нәтижесiнен өзара қызмет ететiн және әлемдiк шаруашылықтағы валюталардың қызмет етуi барысында қалыптасқан қоғамдық қатынастар жиынтығы бiлдiреді.

Валюталық қатынастардың жекелеген элементтері ерте Грецияда және Римде вексель түрінде пайда болды. Яғни, оларда алғаш рет вексель жәрменкелері пайда болып, аудармалы вексель бойынша есеп айырысулар жүргізілді.

Шаруашылықтың интернационалдануы және әлемдiк еңбек бөлiнiсiн интенсивтендiрілуі халықаралық нарықтың құрылуына себепшi болды. Өндiрiс күштерiнiң дамуымен iшкi рыноктағы өркендеген салалардың өнiмiн сатуда туындайтын қиындықтар, тауарлар тасымалы жағдайларын жетiлдiру – мiне осылардың бәрi әлемдiк сауда саттық байланыстардың кеңесiне әсер еттi. Яғни, сыртқы сауда жағдайларын, әр елдің валютасының құнын анықтау қажеттігі туындады. Алғашында мұндай айналыстарға елдер немесе аумақтар бойынша алтын қолданылса, ал осы заманғы күрделенген төлем жүйелерінің және төлем тәртіптерінің пайда болуына байланысты бұл валюталық қатынастар одан сайын күрделене түсті.

Әлемдегi елдердiң қарым – қатынастарына тауарлар, қызмет, капитал және несие жылдан – жылға ұлғая түсуде. Ұлттық қоғамдағы ұдайы өндiрiс процесiнде қалыптасқан тауар айналымы тұрақты түрде әлемдiк нарыққа ұласады және де әрбiр егемен мемлекеттiң заңды төлем құралы болып оның ұлттық ақшасы саналады. Халықаралық тауар айналымында, әдетте, шетел валютасы қолданылады. Елдердiң әлемдiк шаруашылыққа интеграциялауына ақша капиталының бiр бөлiгiнiң ұлттық ақшадан шетел валютасына және керiсiнше айналуын туындатады. Ол халықаралық валюта есеп айырылысу және несие – қаржы қатынастарында жүзеге асады.

Халықаралық валюталық қатынастар халықаралық экономикалық қатынастарды жалғастырады. Валюталық қатынастардың ұлттық және әсемдiк экономиксының дамуына, саяси тұрақтылыққа, елдер арсындағы күштердiң шектi қатынастарына тәуелдi болып келедi. Сыртқы экономикалық байланыстарда, оның iшiнде валюталық байланыстарда саясат пен экономика, дипломация мен комерция, өнер кәсiптiк сауда мен өндiрiс бiр – бiрiмен өзара бетеме байланысуы валюталық қарыс – қатынастардың ұлттық және әлемдiк шаруашылықтағы орны ерекшелiгiн көрсетедi.

Капиталдың шеңбер айналысы процесiнде ұлттық нарықтан әсемдiк нарыққа қосылуы нәтижесiнде ұлттық ақшалардың iшiндегi ақшалай капиталының бiр бөлiгi шетел валютасына айналады немесе керiсiнше. Ол көрiнiстi халықаралық есеп айырысуларда, валюталық, несиелiк және қаржылық операциялардың барысында байқауға болады.

Шаруашылықтың интернационализациялануы жағдайында ұдайы өндiрiстiң сыртқы факторларға: әлемдiк өндiрiс динамикасы; шетелдiк ғылым деңгейiне, халық аралық сауданың дамуына, шетел капиталы ағымына арта түседi. Сондықтан да бұл валюталық қатынастар мен ұдайы өндiрiстiң арасында тiкелей және керi байланыстың болатынын көрсетедi. Халықаралық сауданың дамуына, валюталық қатынастар тұрақсыздығы мен валюталық дағдарыс ұдайы өндiрiс процентiне керi әсерiн тигiзедi.

Валюталық жүйелердiң даму заңдылықтары ұдайы өндiрiс белгiлерiне байланысты анықталып отырып, ұлттық және әлемдiк шаруашылықтың негiзгi даму кезеңдерiн көрсетедi.

 


Дата добавления: 2015-12-17; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!