ауіпсіздік ережелері мен нұсқаулықтар

Жұмыс орнына келу

Жұмыс орныммен бірінші кездесуім.....

Дәріхана – дәрі-дәрмек дайындайтын және сататын мекеме немесе аурухана бөлімшесі. Ең алғашқы дәріхана 754 жылы Бағдатта ашылған. Қазақстанда тұңғыш Дәріхана – 1842 ж. Орал қаласында ашылған.

 

 

Шыр етіп дүниеге келгеннен бастап-ақ ақ халаттағылардан қорықсам да провизорлар маған ерекше көрінетін. Олар дәріханаларда жұмыс істеп, барлық адамдарға өз білімдерімен көмектеметін адамдар. Провизор жұмысы жағары деңгейдегі білімі бар адамдарды ғана талап етеді.

Мен алғашқыда дәріханаға жұмыс істеуге келетінімді естігенде өте қуандым, бірақ соңынан қатты қобалжыдым. Себебі провизор жұмысы төбеде айтылып кеткендей жоғары деңгейдегі білімді адамдарды талап етеді. Әрине мен бір күнге ғана жұмыс жасауға келсем де өз мойныма үлкен жауапкершіліктің артқанын бірден түсіндім.

Дәріханамен алғашқы жүздескенде өз-өзімді сұрақтармен ұйып тастадым. Алда не боларын тек болжаумен болдым. Ішімде қобалжу сезімі болса да оны қуаныш сезімі басып кетіп отыра берді. «Дәріхана іші қандай екен? Онда мені жақсы қабылдайды ма?» - деген секілді сұрақтар менде көп болды. Ал сіз қалай ойлайсыз, енді не болмақ?

 

Жұмыс орнына бейімделу

 

Мен үшін жұмыс орны өте қызық болып көрінді. Себебі онда тек дәрі – дәрмектер ғана емес сонымен қатар провизорлар мен басқа да дәріхана жұмысшылары өте көп болды. Жұмыс орнына кірген кезде мен таңқалдым, абыржыдым, бірақ сонда да өте қуанышты болдым.

Ынтымақ дәріханасы өз көрінісімен басқа дәріханаларды асып жатпаса да маған кіргеннен – ақ өзінің ыстық лебізін көрсете білді. Ондағы жұмысшылар өте мейірімді әрі жүздері жайдарлы екен. Бұл күнді мен есімнен шығармасым айдан анық.

Қызметкерлермен жүздесу

Ынтымақ дәріханасында провизорлардың өте көп түрлері жұмыс жасайды. Олардың барлығымен танысу мен үшін өте маңызды әрі қызықты болды. Ол жерге барып дәріханаларда жұмыс жасайтын дәрігерлердің көптеген түрлерін білдім, мәселен дәріхана штаты 4 провизорлардан құралады: (дәріхана меңгерушісі, қор бөлімінің провизоры, провизор технологі, провизор аналитигі) фармация менеджерінен, 2 -фармацевттерден, 2 –дәрі бөлшектеушіден және 2 тазалықшыдан.

Дәрі дәрмектерді таңдау және тұтынушыға сату провизорлар мойнында, оларды мынадай қасиеттерге қарап таңдайды:

:

· Тиімділік;

  • Қауіпсіздік;
  • Сенімділік;

· Ыңғайлылық және қабылдау жайлылығы;

·

 

Жұмыс жасайтын орынмен толықтай танысу

Дәріхана үш құрылымдық бөлімшеге ие:

  • Дәрі - дәрмектер қоры бөлімі;
  • Дайын дәрі дәрмектер бөлімі (ДДДБ)
  • Рецептік өндіріс бөлімі. (РӨБ)

Дәрі қоры бөлімінің негізгі қызметі:

  • Дәрі дәрмектерді қабылдау және оның өтуін есепке алу;
  • Дәрі дәрмектерді дұрыс сақтауын қамтамасыз ету;
  • Емхана кабинеттерінің және бөлімшелерінің тапсырыстары бойынша дәрі дәрмектерді жіберу.

Дайын дәрі дәрмектер бөлімінің басты міндеті:

  • Өндірісте шығарылған дайын дәрі дәрмектерді тұрғындарға өткізу;
  • ВАЗ арқылы дайындаған дәрі дәрмектерді тұрғындарға жіберу;
  • Рецептурасыз дәрі дәрмектерді жіберу;

Рецептік өндіріс бөлімінің қызметі:

  • Емхана кабинеттерінің және бөлімшелердің тапсырыстары бойынша зарарсыз және зарарсызданбаған дәрі дәрмектерді дайындау;
  • Экстемпоралді рецепт бойынша дәрі дәрмектерді дайындау.

Дәріхананың қауіпсіздік ережелерімен, сатып алушы және дәрігер арасындағы қарым-қатынасты түсіну

ауіпсіздік ережелері мен нұсқаулықтар

Өздеріңіз білетіндей әр жұмыс иесінде, әр жұмыс орнында жұмысшылардың сақтайтын қауіпсіздік ережесі бар және оларды сақтау дәріханаға кірген адамдардың бәріне де заң секілді. Егер адамдар қауіпсіздік ережесін сақтамаса оларды мекемеге кіргізбеуге немесе шығарып тастауға дәріхана жұмысшыларының мүмкіншіліктері бар.

Мен мекемеге алғаш кірген кезден бастап-ақ қауіпсіздік ережелерін және нұсқаулықтарды бұлжытпай ұстадым. Олар мен үшін, менің жұмыстарды жақсы атқаруым үшін үлкен рөл атқарды. Ал қауіпсіздік ережесін төрт жастағы қызға жаттатқызғанымда қаншалықты қуанышты болғанымды айтып жеткізу мүмкін емес. Бұл мен үшін сынақ секілді көрінді, ал мен ол сынақты беске тапсырдым.

Сатып алушы мен провизор арасындағы байланысты түсіну

Әлемнің қай жерінде болмасын сатып алушы мен сатуға беруші арасындағы байланыс ерекше. Сол сияқты бұл жерде де байланысты жақсы құра алу өте маңызды деп ойлаймын. Мен алғашқы келген клиентті жылы жүзбен қарсы алдым себебі онымен жақсы қарым-қатынас түзгім келді.

 

Провизор жұмысын бақылау

Провизор жұмысы маған өте қатты ұнады бірақ өте көп жауапкершілікті талап ететінін енді ғана түсіндім.

Мен провизор болып жұмыс жасағанда өзімді керемет күй кештім.

Провизорлар - дәріхана жұмысшылары ішіндегі ең басты рөл атқаратын мамандық иесі. Олар тұтынушыға дәрі таңдап береді, келіп түскен дәрі-дәрмектердің сапасын тексереді және де бүкіл дәріхана ішіндегі дәрілерге жауапты осы кісі. Әдетте провизорлар саны үшеу немесе төртеу болады, бірақ бұл дәріхананың алып жатқан аумағына тығыз байланысты.
Алғашқы клиенттерге қызмет көрсету

 

Менің алғашқы тұтынушым ЕСҚАЛИЕВ МАҚСАТ атты 42 жасар кісі болды. Бұл мен үшін айтулы жағдаят болған соң ол туралы бәрін біліп алдым. Әрине тұтынушы сұраған затты табуға нағыз білікті провизорлар көмектессе де бұл мен үшін өте маңызды болды. Бұл кезде мен еш қобалжымадым, клиентті жайдарлы жүзбен күндей жарқырап қарсы алдым.

Жұмыс уақыты аяқталды

Мейірім көзі арайлы,

Қолы жеңіл, шипа-дүр.

Өзінен нұр тарайды,

Сөзі бейне зипа жыр.

 

Бұл өлең шумағы әлемдегі барлық дәрігерлерге арналған. Бүгінгі жұмыс күнінен мен өзіме тек қана білім ғана емес сонымен қатар рухани байлықты да бойыма сіңірдім. Дүниедегі дәрігерлердің бәрі бірдей және әрқайсысы өз жұмысымен ерекшеленетінін сонымен қатар олардың бәрі адамзат үшін үлкен көмек көрсетіп жатқанын ұқтым.

Балалық шағымнан бастап маған жағымсыз әсер қалдырған дәрігерлердің мұндай түрі маған майдай жағатынын кім білген? Өзінің ақ халатымен тірі жанды үрейге ұшырататын дәрігерлердің тек емдеу біліктерін ғана емес, оған қоса адамдармен әңгімелескендерін тыңдап, көңіл көтергендерін естіп оларды жақынырақ тану мен үшін жаңадан ашылған жаңалықпен бірдей болды, себебі олардың барлығы өте көңілді, әзілқой, қалжыңға бізден бір қадам алда жүретін адамдар екен.

Адамдар дәрігерлерге үлкен үміт артады, бұл бәрінен де анық жайт. Мен олардың әлемдегі бүкіл адамдардың үміттерін көкке ұшырмай, оларды орындай алытынына өте қатты сенемін!

 

Сәттілік!

 


Дата добавления: 2015-12-17; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:




Мы поможем в написании ваших работ!