Орта мектептегі химия курсының мазмұны мен құрылысы. Химиялық ұғымдардың қалыптасуы

1. Химия курсының мазмұнын таңдауға және оқытуға қойылатын дидактикалық талаптар.

2. Орта мектептегі химия курсының мазмұнын сұрыптау негіздері.

3. Орта мектептегі химия курсы мазмұнының қалыптасу кезеңдері.

 

Қысқаша мазмұны:

Химия курсының мазмүнын таңдауга және оқытуга қойылатын дидактикалық талаптар. Химия курсының мазмұны химия ғылымының қолы жеткен табыстарын дидактикалық талдау арқылы мына негіздерге сай анықталады жэне оқытылады: ғылымилыгы, жүйелілігі, түсініктілігі, саналылығы мен белсенділігі, көрнекілігі, теорияның сарамандылыққа байланыстылығы.

· Ғылымилығы. Орта мектептегі химияның негізіне ғылымда толық шешімін тапқан деректер мен көзқарастар кіреді. Олар ғылымдағы мәліметтерге толық сэйкес келіп, заттар мен қүбылыстар туралы ақиқатты бұрмаламай жеткізу тиіс. Ол үшін жетекші теориялардың орны дұрыс анықталып, жеткілікті деректі материалдың негізінде енгізілуі керек.

· Жүйелілігі. Оқу материалы ғылым логикасына сэйкес бірінен бірі туындайтын ретпен орналастыралады. Жаңа материал өтілгенді ескеріп беріледі де, өзі соңындағыларға негіз болады. Жүйелік негізі, эсіресе, химияның негізгі ұғымдарын қалыптастырғанда ескеріледі. Ол үшін деректі материалдарды заттар және химиялық реакциялар туралы ұғымдар жүйесіне біріктіреді.

· Түсініктілігі. Бұл ғылыми негізге- кереғар, жүйелікке тура қатысты болады. Оқу материалдарының түсінікті болуы көлеміне жэне ғылыми деңгейіне байланысты, сондықтан кейбір ғылыми ақпарды оңайлатып беруге тура келеді. Оңайлатудың дэрежесін тым төмендетіп жіберсе, бұрмалаушылыққа әкеліп согады. Оқушылар химиялық қосылыс жэне қоспа ұғымдарымен нақтылы мысалдар арқылы танысқан соң ерітінділер өтіледі. Осыған орай оңайлату үшін ерітінді ұғымына қосылыс деп те немесе қоспа деп те анықтама беру жөнінен химиялық қосылысқа (еріген зат жэне еріткіш бөлшектерінің өзара эрекетессуі), екіншілері бойынша қоспаға (құрамы тұрақсыз) ұқсайды.

· Саналылық және белсенділік негізі - оқыту барысында мү_ғалім мен оқушы еңбегінің ара салмағын оқушылар жағына ауыстырып, олардың пэнге қызығуын жэне білім алудағы белсенділігін арттыру. Ол үшін білімнің қажеттігі мен пайдасына оқушылардың көздерін жеткізіп, өздігінен жұмыс істей білуге үйрету керек.Ғылым тілін меңгеруге байланысты саналылық негізінің маңызы арта түседі. Оқушылар термин арқылы берілетін ұғымның негізгі белгілерін, қажет жағдайда, зат атауының шығу төркінін, химиялық символиканың мәні мен магынасын түсінуі, солар арқылы белгіленген заттар мен қүбылыстарды елестете білуі керек. Мүның өзі оқушылар білімінің жаттанды жэне үстірт болмауын қамтамасыз етеді.

· Көрнекілік принципі - дидактикалнық ертеден қалыптасқан түпкілікті негіздерінің бірі, химияны оқытуда маңызы орын алады. Оқушылар білімді заттар мен химиялық эрекеттерді тікелей қабылдау арқылы алуы тиіс. Бүл мүмкін болмаған жағдайда атом мен молекула қүрылысының, өндірістік қондырғылардың модельдерін, суреттерін, сызбанүсқаларын пайдаланады. Осының бэрінде оқушылар жан-жақты бақылау жасауға, эр көрнекіліктен барынша мол ақпар алуға, бақылау нэтижелерін қорытындылап, түсіндіре білуге үйренуі керек.

· Теорияның сарамандыққа байланыстылығы. Бүл -оқушылардың ғылым негіздерінен алған білімін омірмен, қоғамдық қүрылыс сарамандығымен ұштастыру арқылы жүзеге асады, политехникалық білім беру мәселелерін қамтиды. Реті келген жағдайда химия ғылымында ашылған жаңалықтардың ондіріске енгізілуін, ал химия онеркәсібінің қажеттілігі ғылымның дамуына түрткі болғанын нақты мысалдармен түсіндіріп отырған жөн. Мәселен откен ғасырда азот тыңайтқыштарын молынан ондіру, оқ-дэрі жасайтын нитрат алу қажеттігі туғанда химиялық байланыстырудың мәселесі қойылды. Осыған орай аммиак синтезінің жағдайларын, химиялық тепе-теңдікті қалаған жағына қарай ығыстыру шарттары, әрекетті жүзеге асыру қүралдары мен негіздері жан-жақты зерттелді.Соз болып отырған принципті жүзеге асыру үшін оқушылар химиядан алган теориялық білімін сарамандық таным есептерін шығаруға қолдана білуі тиіс. Бұл есептер өмірде, табиғатта, зертханаларда жэне өндірісте жиі кездесетін құбылыстарға негізделіп құрастырылады.

· Орта мектептегі химия курсының мазмүның сүрыптау негіздері. Химияны оқыту эдістемесінің негіздерінде оқу материалының көлемін және қиындығын реттеудің мынадай жалпы педагогикалық талаптары келтірілген: мазмүнынның түтастығы; ғылыми дэлдігі жэне қүндылығы; оқушылардың жас ерекшіліктеріне сай келуі; оқу жоспарындағы сағат санының ескерілуі; көпшілік мектептің жағдайына сәйкестігі; халықаралық стандартпен үйлесімділігі.Бүлар оқу пэндерінің бәріне тиесілі жалпы талаптар. Мектептегі химия курсының мазмұнын іріктеудің кейбір өзіндік негіздері химиядан сабақ беру әдістемесінде талданған. Енды соларға тоқталып отейік.

· Оқу материалының қазіргі ғылым деңгейіне сәйкес келуі. Қаз іргі ғылыми-техникалық даму дәуірінде жеке ғылым салалары қорыштап дамыды. Қайсыбір топшылауларға қарағанда, әр 7-10 ғылыми ақпараттың көлемі екі есе өскен екен. Мұның өзі оқу пәндерінің мазмұнын дүркін-дүркін қайта қарап, жаңалықтармен толықтырып отырып отыруды қажет етеді.Оқу пәні ретінде химияның мазмұнына деректі материалдар, Жетекші теориялар мен заңдар, өңдірістік материалдар енгізіледі. Осылардың әрқайсысы соны деректермен, химиялық технологияның жаңалықтарымен, жаңа иедялармен толысуы керек.Химия курсының мазмұнын таңдағанда және толықтырғанда таңдаған жүйелі түрде орналасуы ескеріледі. Оқу материалының ешінен еңіргелі білім мен біліктері іріктеліп, жетекші идеяның төңірегіне топтастырады, олардың ішкі мәнін жалпы заңдылықтарды қамтитын теориялардың тұрғысынан түсіндіреді.Демек теория мен деректі тәжірибелік білімнің арақатынасын тиімді анықтау - аса маңызды әдістемелік міндеттердің бірі.Деректер теориялық көзқарарсты жетік меңгеретін дәрежеде ғана алынады. Олардың мөлшері көбейіп кетсе, кері нәтиже береді.

Ұгымдарды дамыту негіздері. Химия ғылымьшың, даму барысында теориялық деңгейінің көтерілуіне байланысты, негізгі ұғымдарының мағынасы кеңейіп, тереңдейді. Мектеп курсында әр ұғымның ғылым тарихындағы қалыптасу жолын айнытпай қайталау міндет емес. Дегенмен, оқушылардың әзірлігін, жас ерекшелігін ескеріп, ұғымның мағынасын біртіндеп ашып, дамытуға тура келеді. Мәселен, зат туралы ұғым мына сызбанұсқаға сәйкес дамытылады; физикалық дене —►заттар элементтік құрамы—► элементар бөлшектер—► иондық құрамы—► материяның бір түрі.

Сызбанұсқаға қарағанда зат туралы алғашқы ұғым тәжірибе жүзінде бірнеше физикалық денелердің ортақ белгілерін табу арқылы қалыптасады (1). Бұдан соң атом молекулалық теорияның (2), электрондық теорияның (3), электролиттік диссоциациялану теориясының (4), жалпы материалистік көзқарастың (5) тұрғысынан дамиды.

Қиыншылықты бөлу негізі. Бұл негіз химия курсының мазмұнын анықтауда әр қилы шешім тапты. Мұндағы негізгі мәселе -оқушылардың таным әрекетінің мүмкіндігін ескеріп, деректі материалдардың, теориялардың және химиялық ұғымдардың орнын тиімді анықтау. Оқушылар тікелей бақылауға негізделмеген теориялық материалдарды игеруге қиналады. Сондықтан оларды бір жерге топтастырмай, қиыншылықты бөлу негізіне сәйкес кластарға бөліп орналастырады. Деректі материалдар теорияның алдынан және соңынан қарастырылады да, бірінші жағдайда теорияны түсіндіру, екінші жағдайда бекіту, нақтылау жэне дамыту мақсатын көздейді.

Қиыншылықты бөле білу негізі ұғымдарды дамытуға тығыз байланысты. Негізгі химиялық ұғымдар теориялық деңгейіне қарай курстыц әр жерінде өтіліп дамытылады. Мәслен, валенттілік ұғымының VII сыныпта эмпирикалық түсінігі, VIII сыныпта электрондық тустнігі беріліп келді. Эмпирикалық ұғымның өзі, алдымен қосылу, соңынан орын басу реакциялары арқылы эр тақырыптарға белініп беріледі.

Қиыншылықты бөле білу негізіне сәйкес терминдердің мағынасы да біртіндеп ашылады. VII сыныпта атом - химиялық бөлінбейтін заттың ең кішкене бөлшегі деп анықталады да, VIII сыныпта атомның элементар бөлшектерден тұратын күрделі құрылысы түсіндіріледі.

VIII сыныпта электрондардың атомдағы күйі, периодтылықтың себебі туралы күрделі материалды толық және терең қарастыру мүмкін еместігінен, бұлардың негізгі бөлігі XI сыныптағы жалпы химия курсына көшірілді.

Политехнизм негізі. Бұл негізді жүзеге асыру үшін химия курсының мазмұнына енгізілетін материалдар: 1) алдыңғы қатардағы химия өндірістерінің жэне негізіне химиялық эрекеттер жататын кейбір ондіріс орындарының шикізаттары, онімдері, технологиялық барысы, қажет болған жағдайда қондырғылары мен аппаратары; 2) ондірістің жалпы және химияға тән ғылыми негіздері; 3) халық шаруашылығын химияландырудың негізгі бағыттары, басқа пндірістермен байланысы, ауыр индустриядағы алатын орны; 4) химия өнеркэсібінің дамуы, қазіргі жайы, өркендеу перспективалары; 5) химия өндірістерінің экологиялық мәселелерін шешудегі мәні; 6)кәсиптік бағдар беретін материалдар.

Келтірілген материалдар оқушылардың ғылыми-техникалық ой -орісін дамытуға бағытталған. Бұлардан басқа гюлитехнизм пкушыларды сарамандық іске бейімдеу, тұрмыста жэне табиғатта жиі кездесетін заттармен жұмыс істей білу біліктері мен дағдыларын қалыитастыру мақсатын көздейді.

Тарихи негіз. Бұл негізді жүзеге асыру дегеніміз – химия ғылымындамыту бағытында көрсету, оның өткені, бүгінгісі және болашағы туралы оқушыларда пікір қалыптастыру. Тарихи негіз екі бағытта жүзеге асады: біріншісі - орта мектептегі химия курсының мазмұны мен құрылысын анықтағанда ғылымның тарихи даму логикасын ескеру, екіншісі - химия элементтердің заттардың, химия гылымының дамуына елеулі үлес қосқан ғалымдардың өмірі мен еңбектерінен мәлімет беру.

Бірінші бағыттың негізінде теориялық козқарастардың орналасу реті.анықталады, Мұнда оқушыларды ғылым тарихындағы адасулар мен қателіктерге соқтырмай, тура жолмен алып жүру максаты көзделеді,Екінші бағыт бойынша оқу материалыньвд мазмұнына кіретіндер,Кен таралған және толық түрде өтілетін элементтердің, мысалы оттегімен суттегінің ашылу тарихы жөнінде мағлұматтар беру; 2) атом-молекулалық ілімінің негізін қалаған М.В. Ломоносов, Дж,Далтон еңбектерімен қысқаша таныстыру; 3) массаның сақталу заңының ашылуына байланысты М.В.Ломоносов жэне А. Лавуазье тәжірибелерін сипаттау; көрнекті ғалымдардың ғылымға келу жолын, қиыншылықтарды жеңу үстіндегі табандылығын, Отанына деген шексіз сүйіспеншілігін нақтылы мысалдармен көрсету.

Орта мектептегі химия курсы мазмұнының қалыптасу кезеңдері. Жалпы білім беретін орта мектептің алдына қойылған міндеттердің өзгеруіне сэйкес химия пэнінің мазмүны үздіксіз қайта қаралып, жаңарып отырды.

1920 жылы химияның шамамен алынған екі бағдарламасының жобасы жарияланды. Шамамен алынған дейтін себебіміз-бұл бағдарламаларда әр сыныпта өтілетін тақырыптардың тізбесі ғана берілді, мазмүны ашылмады, оны жергілікті жағдайға байланысты мүғалімнің өзі анықтау керек болды. Екі жоба химияны оқытудың өмір мен қоғамдық сарамандыққа байланысын, өздігінен істейтін сарамандық жұмыстар арқылы оқушылардың белсенділігін арттыру негізіне сай құрылды. Профессор П.П. Лебедовтың басшылығымен жасалған москвалық жобада теорияның жетекшілік мәні мойындалмады, оны тәжірбиеден оқушылардың өздері қорытып шығаруға тиісті болды.

1923 жылы қабылданган жинақты бағдарламада химияның жаңадан қалыптаса бастаған жүйелі курсы жойылып кетті. Оның орнына барлық пәндерді біріктіретін "табиғат", "еңбек", "қоғам" деген құрама тақырыптар енгізілді. Соларға сәйкес өндіріс және өндірістік әрекеттерді жөндеп түсінбеді, білімнің сапасы да төмендеп кетті.

Оқу пэндерінің бағдарламаларын жасаудағы орын алған бүрмалаушылық-тарды түзетуде ВКП (б) Орталық Комитетінің 1932 жылғы тамыздағы "Бастауыш жэне орта мектептегі оқу бағдарламалары мен, тәртібі" туралы қаулысының маңызы зор болды. Бүл қаулыда жалпы білім беретін пэндердің жүйелі бағдарламаларын жасау, пэнаралық байланыстарды жүзеге асыру міндеттері қойылды. Осыған орай 1932 жылдың соңында В.Н. Верховский басқарған комиссия химияның тұрақты бағдарламасын ұсынды.

Бүл бағдарлама жүйелілікке, үғымдардың үздіксіз дамуына, политенизхмге, теорияның сарамандыққа байланысына негізделіп қүрылды. Химияның негізгі үғымдары мен заңдарының анықтамалары тэжірибе жүзінде өтілген деректі материалдардың негізінде берілетін болды, оларды орналастыруда химия ғылымының логикасы мен даму кезеңдері ескерілді.

Қазіргі қолданысқа ие болған бағдарлама ұстанымы - химиялық заттар бір-бірімен тығыз байланысты үғымдар жүйесінен түрады, оларды жете түсінбейінше, ғылымның мазмұнын игеруге толық мүмкіндік болмайды. Сондықтан орта мектептің биоорганикалық, органикалық, жалпы химия курсын меңгеруде жаңа бағдарламаның оқу - тәрбиелік маңызы зор.


Дата добавления: 2016-01-06; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:




Мы поможем в написании ваших работ!