Трасологияның түсінігі, ғылыми негіздері мен жүйесін атаңыз. 5 страница
29. Қылмыс болған жерден қашып кеткен айыпкерлерді, ұсталған және сотталган тұлғаларды, белгісіз қылмыскерлерді тіркеу және хабар-ошарсыз жоғалып кеткен адамдар және жеке басы аныкталынбаған мәйіттерді тіркеуді түсіндіріңіз.
Ұсталған, айыпталған және сотталған тұлғалар алфавиттік (фамилиясы бойынша) және дактилоскопиялық тіркеуге алынады, Ал қылмыс жасаған жерден қашып кеткен белгісіз қылмыскерлер - қылмысты жасау тәсілдеріне байланысты арнайы тіркеуге алынады.
Белгісіз қылмыскерлер, ауыр және аса ауыр қылмыстар категориясы бойынша сотталғандар сыртқы бейне белгілері бойынша тіркеуге алынады.
Алфавиттік тіркеу. Тіркеудің бұл түрі алфавиттік карточка көмегімен жүзеге асырылады. Компьютерге енгізілген мұндай карточкаларда келесідей тіркеме жасалған мәліметтер бекітіледі: фамилиясы, аты-жөні, туған жылы мен жері, ұлты, тү_рақты тұрғылықты мекен-жайы, соттылығының болуы; үкім шығарған сот; Қылмыстық кодекске байланысты бабы, сотталу уақыты, жазаның түрі; бұрынғы қылмыстық әрекеті (қашан, қандай органмен және Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің қандай бабы бойынша жауапершілікке тартылған), рақымшылық немесе кешірім жасауға байланысты үкімнің өзгеруі, жазаланған мерзімі мен орыны, сотталушының қайтыс болған күні, айы, жылы; іздестіруде жүрген тұлғаны жазадан босату негізі, қайыр тілеу мен босқындап жүруіне байланысты ұсталған тұлғалар; тіркеуге алудың зандық негізі жөніндегі мәліметтер. Карточкада тіркелетін түлғаның дактилоскопиялық формуласы көрсетіледі, оң қол сұқ саусағының таңбасы басылып алынады, олар алфавиттік және дактилоскопиялық карточканың өзара байланысын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар мүмкіндік болса тануға көрсету үшін карточкаға тіркелетін (тізімге алынатын) тұлғаның фотосуреті қоса тіркеледі.
Карточкалар - тіркелетін тұлғалардың фамилиясы ескеріле отырып алфавиттік рет бойынша картотекаларға енгізіледі.
Нақты карточка арқылы тұлғаның жеке басын: оның қандайда бір сезік тудыратындай немесе ол жөнінде мәлімет беретіндей, сондай-ақ айыпталушының, сотталушының бұрын соттылығының болуы немесе болмауы туралы мәліметтерді анықтау мақсатында тексерулер жүргізіледі.
Тексерілетін тұлғалар туралы алфавиттік карточкаларда бекітілген мәліметтердің дүрыстығына күмән келтіретін жағдайларда, карточка бойынша тексеру дактилоскопиялық тіркеу арқылы тексерулер жүргізумен толықтырылады.
30. Окиға болған жерді қарау алдында жүргізілетін дайындық жұмыстары мен оқиға болған жерді карау кезеңдері және тәсілдерін түсіндіріңіз.
Оқиға болған жердің толық, пәрменді және дұрыс қаралуы тергеушінің осы тергеу әрекетіне ұқыпты дайындалуына тікелей байланысты.
Тергеушінің дайындық жұмысы екі кезеңге бөлінеді. Бірінші кезең -тергеушінің оқиға болған жерге шықпай тұрып, окиға жөнінде хабар алысымен жүргізетін дайындық жұмыстары. Бұл бірінші кезеңде тергеуші мына төмендегі дайындық жұмыстарын атқарады:
1. өзі келгенше окиға болған жерді өзгеріссіз сақтап калу үшін белгілі бір лауазымды адамдарға, атап айтқанда, полиция қызметкерлеріне нұсқау береді;
2. оқиға болған жерді қарауға өзімен бірге қатынасатын лауазымды адамдарды (жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізетін), мамандарды нақтылап белгілеп, олардың окиға болган жерге кешікпей келуіне керекті шара колданады;
3. оқиға болған жерді қарағанда колданатын криминалистикалық құрал-саймандарды және басқа да керекті жабдықтарды дайындайды.
Тергеуші оқиға болған жерге өзі келгенше оны өзгеріссіз сақтап қалу жөнінде нүсқау берумен қатар полиция қызметкерлеріне кылмыстың басында болып, оны көрген адамдарды анықтау және басқа да жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізуге арнайы тапсырма береді.
Оқиға болған жерді қарайтын тергеу тобын құрганда тергеуші қарауга қандай мамандар қатынасуы керек екендігін алдын ала аныктайды. Егер оқиға болған жерде мәйіт бар болса, онда қарауға міндетті түрде сот-медициналық эксперт! не арнайы медициналық білімі бар адам қатыстырылуы керек. Іздерді және басқа да заттай дәледцемелерді іздеп табу, бекіту, алу және зерттеу үшін қарауға маман-криминалист қатыстырылады. Қаралатын объектілердің ерекшеліктеріне байланысты басқа да мамандардың қатысуы мүмкін.
Қарауға пайдаланылатын құрал-саймандарды дайындау үстінде тергеуші тергеу чемоданының ішіндегі жабдықтардың толық болуын, жарамдылығын тексереді. Осындай дайындық жұмыстарын бітіргеннен кейін тергеуші жедел оқиға болған жерге шығуы керек.
Оқиға болған жерге келісімен тергеуші мына темендегі дайындык жұмыстарын жүргізеді:
• жәбірленушінің хал-жағдайы анықталып, керек болса оган жедел медициналық жәрдем көрсетіледі;
• оқиға болған жердің шекарасын анықтайды;
«полиция кызметкерлерінің және баска да лауазымды адамдардын баяндауынан оқиға болған жерде кандай өзгерістер болғанын біліп, егер оқиға болған жерде өзгерістер болса, олардың қандай себептен болғанын аныктайды:
• қылмысты көзімен көрген куә адамдарды сұрау арқылы, оқиға жөнінде деректі мәліметтер алады;
• керекті жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізу жөнінде полицияға және жедел-іздестіру органдарының қызметкерлеріне нүсқау береді;
• қарауға қатынасатын куәгерлерді анықтап, оларды заңда көрсетілген құқұқықтары және міндеттерімен таныстырады, арнайы нұсқау береді;
• тергеу әрекетін қарауға қатысы жоқ бөтен адамдардың бұл жерден кетуі талап етеді;
• жедел-іздестіру органдарының кызметкерлеріне арнайы дайындығы бар, үйретілген итті пайдалану
• арқылы қылмыскердің ізіне түсіп. оны ұстауға нұсқау береді.
Жоғарыда көрсетілгем және де оқиғаның ерекшелігінен туындайтын баска да дайындык жұмыстарын бітіріп, тергеуші оқиға болган жерді қарауға кіріседі.
31. Мәйіттің жеке басын анықтау, жеке заттарды, бұйымдарды және басқа да бъектілерді тану үшін көрсету ерекшеліктері мен тұрғын үй, бөлмені не жер учаскесін тану үшін көрсету ерекшеліктерін түсіндіріңіз.
Мәйіттің кім екенін анықтап, сөйтіп өлген адамның аты-жөнін білу үшін, ол тануы мүмкін делінген адамға көрсетіледі. Мұндай тану үшін көрсетудің өзіндік ерекшелігі бар. Басқа объектілердей емес мәйіт жеке көрсетіледі. Оны көрсетер алдында арнайы сот-сараптама жүмысы жүргізіліп, мәйітті кісі көретіндей жағдайға келтіреді (оны " мәйітті әрлеу" дейді). Тануға мәйітханада жатқан мәйіттің беті және басқа да дене мүшелері, әсіресе, ине шаншып әлеміштеген белгілер (татуировка) денедегі тыртық, басқа ерекше белгілері көрсетіледі. Танушы өлген адамның туысканы, жолдасы, не басқа да таныс адамдары болуы мүмкін. Сондықтан мәйітті көріп, тану олардың көңіліне өте ауыр сезім туғызады. Осыған орай тану үшін көрсетер алдында сот сарапшысына мәйітті белгілі бір қалыпқа келтіруге ұсыныс жасалады. Тергеу тәжірибесінде кей жағдайларда, өздерінің хабар-ошарсыз кеткен туыстарын "біреу өлтіріп кетті ме" деп күдіктенген тұлғаларға аты-жөні белгісіз мәйіт көрсетіледі. Егер олар мәйітті танып, оның кім екенін айтса, тергеуші осы жөнінде хаттама жазып, осы адамнан жауап алады.
Мәйітті тану үшін көрсету тергеу әрекегі занды түрде жүргізілсе тергеуші танушыдан мәйітті қандай бет келбетінің, дене күрлысының ерекшеліктерінен танығандығы жөнінде анықтап сұрауы керек. Мәйіттің өзі ғана емес, оның жеке дене мүшелері де тану үшін көрсетілуі мүмкін. Мұндай жағдайда осы дене мүшесінің қандай ерекше белгілері бойынша танылғандығы анықталып, хаттамаға жазылады.
32. Тонау және қарақшылық қылмыстарының типтік ситуациялар, тергеу болжауы және алғашқы кезеңі және кейінгі жүргізілетін тергеу әрекеттерін корсетіңіз
Тонау - бұл бөтеннің мүлкін ашық түрде үрлау, яғни осы мүлікті иемденуші тулғалардың және басқа азаматтардың көзінше ұрлау. Мүлік иелері және басқа тұлғалардың қатысуын ұрлаушы түсінеді, бірақ саналы түрде ескермейді.Қарақшылық - Бұл бөтен мүлікті ұрлау мақсатында шабуыл жасауға ұшыраған адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті күш көрсетумен немесе осындай күш қолданамын деп қорқытумен ұштасқан шабуыл жасау. Тонау мен қарақшылық бір объектіге, яғни меншік иесінің мүліктік құқығына қол сұғады. Қарақшылық кезінде, сонымен қатар қол сұғу объектісі болып, иелігіндегі мүлікті иемдену мақсатымен шабуыл жасалатын түлғалар-дың өмірі және денсаулығы табылады.
Тонау да, қарақшылық та жай (қарапайым) және сараланған болып бөлінеді. Тонаудың жай формасында мүлікті ұрлауда күш қолданбайды. Ал сараланған түрінде күш көрсетумен немесе оны қолданамын деп қорқытумен кездесуі мүмкін. Алайда қарақшылықтан айырмашылыгы, Бұл күш керсету жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына қауіпті болып табылмайды.
Қарақшылықпен шабуыл жасау қылмыстарының ауырлататын жағдайларда жасалуы: адамдар тобының алдын ала сөз байласуы арқылы; қару немесе қару ретінде пайдаланатын заттарды қолданумен; тұрғын, қызметтік, өндірістік үй-жайға немесе қоймаға заңсыз кірумен жасалған қарақшылық; ұйымдасқан топпен; денсаулыққа ауыр зиян келтірумен абайсызда жәбірленушінің өліміне экеп соққан карақшылық. Сонымен қатар, қарақшылық аса қауіпті рецидивис-пен жасалған және қайталап жасалынған қарақшылық, мүлікті ipi мөлшерде ұрлау жатады.
Заңда аталған тонау мен қарақшылық белгілеріне талдау жасау осы қылмыстарды бір-бірінен ажыратып қарастыруға негіз ғана болмай, сонымен бірге тергеу барысында шешілетін мәселелер шеңберін анықтауға негіз болады. Ең алғаш шешілетін мәселеге - қылмыстың барлық болған жағдайларын анықтау жатады. Қарастырылып отырған қылмыстарға қатысты бұл ең алдымен қарау жүргізіліп жатқан себепке байланысты қандай оқиға орын алғанын (тонау немесе қарақшылық па, жай немесе сараланған түрі ме және т.с.с.), Бұл оқиға қандай нақты көрініс тапқанын анықтау керек.
Аталған мәселелерге сәйкес, алдын ала тергеудің алғашқы кезеңінде іздестіруге, бекітуге және алынуға жататын іздердің сипаты анықталады. Оларға мына іздер жатады: тонауды немесе қаракшылық шабуылын анықтайтын немесе жоққа шыгаратын іздер, сонымен бірге, оқиға болған жерді қарау кезінде инсценировкаланған қылмыстың ұйымдастырылғанын көрсететін іздер; қылмыскердің әрекет жасау тәсілін, ашық түрде мүлікті үрлаудың немесе қарақшылық шабуылдың мазмұнын сипатгайтын; қылмыстык іс-әрекет жасау кезінде күш қолданғаны немесе қолданамын деп қорқытуын сипаттайтын; тонау немесе қарақшылық шабуыл жәбірленушілерге қатысты жасалғанын сипаттайтын және жәбірленушінің тонау мен шабуыл кезінде жасаған іс-әрекеттерін сипаттайтын; тонаудың немесе қарақшылық шабуылдың мақсаты болып нақты не табылды, қандай заттар мен құндылықтар тоналды, олардың кейінгі тағдыры қандай екенін анықгауға мүмкіндік беретін; тонаудың немесе қаракшылық шабуылының қатысушыларын, сонымен қатар, өздерінің әрекеттерімен қылмыс жасауға мүмкіндік туғызған немесе оның ашылуына кедергі келтірген түлғаларды көрсететін; ұйымдасқан қылмыстық топты көрсететін: тұрақтылығын, қаруланғандығын, қылмыстық іс-әрекеттерді бірнеше рет жасағандығын және жауапкершілікке тартылатын қылмыскерлердің жазасын жеңілдететін немесе ауырлататын жағдайларды көрсететін іздер. Тонау немесе қарақшылық шабуылдың нақты орны мен уақытьт туралы қорытынды жасауға мүмкіндік беретін жағдайларды анықтау қажет. Мүлдай мәліметтер қылмысқа кінәлі айыпталушының жалған алибиін әшкерелеуге маңызды болып есептелінеді.Тонау мен қарақшылық шабуылдары қылмыстарын ашуға мүмкіндік туғызатын дәлелдемелермен қатар, осы қылмыстардың жасалуына әсер еткен себептер мен жағдайлар туралы қорытынды жасауға негіз болатын дәлелдемелерді және оларды болдырмау шараларын анықтау керек.
33. Мемлекеттік қызмет мүддесіне қарсы қылмыстар бойынша қылмыстық іс қозғау ерекшеліктері түсіндіріңіз.
34. Парақорлықтың криминалистикалық сипаттамасы және типтік ситуациялар, тергеу болжауы және алғашқы кезеңін түсіндіріңіз.
Парақорлық, мемлекетгің немесе қоғамның мүлкін жымқыру, қызмет бабын өз басына пайдалану сияқгы қылмысты жасағандар жеке ұсталады. Айталық, парақорлар пара алып жатқан жерінде, мемлекет және қоғам мүлкін талан-таражға салушылар жымқырған заттарын сол жымқырған жеріне алып шығарда, оны өткізу үстіңде тұтқындалады. Сезік келтіруші (айыпталушы) тұракты немесе уақытша жұмыс орнында кэсіпорын, мекеме басшыларының көмегімен ұсталады. Оларға ұстаудың себептері түсіндіріліп, әдістері белгіленеді. Ұсталатын адам оның барлық әрекеттеріне полиция қызметкері толық бақылау қойғаннан кейін шақырылады. Әйтпесе, кэсіпорын не мекеме басшысының шақыруы бойынша келудің орнына сезіктелуші (айыпталушы) тергеу орындарынан сытылып кетуге тырысуы мүмкін.
Сезіктелушіні (айыпталушыны) әсіресе қарулы қылмыскерді тұрғын үйлерде ұстау күрделі тергеу әрекеті болып табылады. Өйткені жедел топтың мүшелері үй ішіне қылмыскерге байқалмай кіруі керек. Көп жағдайда бұл қиындыққа түседі. Өйткені, қандай әрекетке болсын қылмыскер өте сақтықпен қарайды. Қауіп төнген сәтте ол ізін жасыруы немесе қажет деп тапса қарулы қарсылыққа эзірленіп үлгеруі мүмкін. Сондықтан басқа жерде ұстауға және уақытты бұдан әрі созуға болмайтын жағдайда ғана, оны өзінің немесе таныстарының үйінен ұстауға тура келеді. Мұндайда, үйге кірместен бұрын жедел топтың мүшелері үйдегі жалпы жағдай, ондағы сезік келтірушілердің жеке басы туралы барлык мәліметпен қайтара толық танысады. Бұл кезде үйде басқа да, оның ішінде қылмысқа қатысты адамдар да болуы мүмкін. Бұған қоса, сезік келтірушінің осы сәтте немен айналысып жатқанын (ұйқыда ма, арақ ішіп отыр ма, жәй демалып отыр ма, т.б.) да білу қажет.
35. Жауап алғанда колданылатын тактикалық әдістер мен беттестіру тактикасын анықтаңыз.
Жауап алғанда тергеуші мен жауап беруші адамның арасында белгілі бір қарым-қатынас қалыптасады. Психологиялық тұрғыдан ол қарым-қатынас олардың көзқарасында қайшылықтың бар-жоғына байланысты орнығады. Егер жауап беріп отырған адам өз еркімен шындықты, істің мән-жайын толық айтып отырса, мұндай пікір қайшылығы жоқ жағдай деп есептеледі.
Ал, егер жауап беріп отырған адам жалған жауап беріп, істің кейбір мән-жайларын жасырып, айтқысы келмей жалтарса, мұлдай жағдай келіспеушілік, яғни қайшылықты жағдай деп саналады.
Іс бойынша толық мәлімдеме алу үшін осы екі жағдайда да белгілі бір тактикалық әрекеттер қолданылады.
Бірінші жағдайда тергеу әрекеттері ұмытылып қалған оқиғаның кейбір мән-жайын жауап беріп отырған адамның есіне түсіруіне бағытталса, екінші жағдайда тактикалық әдіс жауап беріп отырған адамның өтірігін шығарып, әшкерелеп, оның шындықты айтуына мәжбүр етуге бағытталады.
Кейбір куәден, жәбірленушіден жауап алғанда көбінесе жауап үстінде пікір қайшылығы жоқ жағдай байқалады да, ал сезікті адамдардан және айыпкерлерден жауап алғанда келіспеушілік жағдай жиі кездеседі. Осыған байланысты жауап алуда қолданылатын әдістерді қалыптасатын тактикалық жағдайға сәйкес қарайық.
Біріншіден, жауап алып отырған адамға жайлы тыныш жагдай туғызса, оның асықпай, болған оқиғаны толық есіне түсіруіне жеңіл болады. Болған оқиғаны хронологиялық тәртіппен басынан аяғына дейін айтқызу арқылы да толық жауап алуға болады, себебі, мүндай жағдайда жауап берген адам болған оқиғаны белгілі бір ретпен, тізбектей, оның ұмытылған кейбір сәттерін есіне тез тұсіреді. Сонымен қатар, болған оқиғаны, керісінше, соңынан басына қарай қайталатса жауап беруші оқиғаның кейбір мән-жайын есіне түсіріп, өзінің жауабын толықтыруы мүмкін.
Осындай тактикалық жағдайда тағы бір жиі қолданылатын әдіс - ол жауап беруші адамның ойын жаңғыртуға бағытгалған әрекет. Егер жауап беруші екі оқиғаны, фактіні бір мезгілде және белгілі бір жағдайда қабылдаса, тергеуші оқиғаның өзін емес, сол жағдайды ғана есіне түсірсе, жауап беруші тергеуге қажет оқиғаны да есіне түсіреді. Айталық, куә Б.- ға тергеуші мынандай сұрақ қояды.
Тергеуші: Сіз азамат Садықовты танисыз ба, егер танысаңыз оны осы жылғы тамыздың басында көрдіңіз бе?
Куә Б: Садықовты танимын, бірақ оны тамыздың басында көрген, не көрмегенім есімде жоқ.
Жауап берушінің ойында белгілі бір фактілерді қайтара жаңғыртуына сонымен қатар, жауап үстінде құжаттарды, фотосуреттерді көрсету де үлкен әсер етеді. Кейде куә көрген адамның бет-әлпетін сипаттап беруде қиналады. Мұндай жағдайда криминалистикада қалыптасқан, бет-әлпетін сипаттау терминдерін айтып көмектесуге болады. Егер тергеуші жауапты оқиға болған жерге барып алса, жауап беруші көптеген мән-жайды қайтадан көз алдына келтіріп, оқиға женінде толығырақ, қанықты жауап бере алады.
Естіген фактілерді де ойға түсірудін тиімді әдістері бар. Айталық, куә бір кісінің тегін, немесе есімін есіне түсіре алмай отыр дейік, бірақ ол кісінің тегі А. әрпінен басталатынын ұмытпаған. Мұндай жағдайда оган телефон анықтамасы берілсе, ондағы есімдерді тізбектей оқи келе ұқсас есімге келгенде ол ұ-мытылған есімді есіне түсіріп, айтып береді.
Жауап алушы және жауап беруші адамның арасында қайшылыкты жағдай қалыптасқан кезде, басқаша тактикалық әдістер қолданылады, ол әдістер жауап беруші адамның өтірік айтып отырғандығын әшкерелеуге бағытталады. Мұндай жағдай көбінесе айыпкерден жауап алғанда, яғни айыпкердің қылмысты мен жасаған жоқпын, ол уақытта мен басқа жерде болдым деп шындықтан жалтарган кезінде кездеседі. Мұндайда айыпкердің алибиін әшкерелеу үшін қолданылатын ең бірінші тәсіл - жауап беруші адамнан неғұрлым толық жауап алу, ұсақ оқиғалардың бәрін қамту. Біріншіден, мұның, яғни ең елеусіз сәттерге дейін ескеріліп, жауап алынуы, олар тексерілген кезде бекімесе, жауап беруші адамның өтірігін шығаруға көмектеседі. Екіншіден, айыпкер жалпы оқиға бойынша беретін жауабын алдын ала дайындап келгенмен сұрақтың бұлай қойылатынын білмегендіктен, ол жауап бергенде абдырап өз етірігін өзі шығарып алады. Әсіресе, қайта жауап алғанда осылай болады.
36. Тергеу экспериментіне дайындык жұмыстары, тергеу экспериментін жүргізгенде қолданылатын тактикалық тәсілдер мен тергеу экспериментінің барысы және оның қорытындысын бекіту, нәтижелерін тексеріп, сынауды анықтаңыз
Криминалистикада жүргізіліп жатқан тәжірибенің міндетіне байланысты эксперимент және тергеу эксперименті болып екіге бөлінеді.
Сараптамалық эксперимент сараптама жүргізуге керекті үлгілер алуға, кейбір құбылыстардың өту барысын бақылауға (мысалы іздің пайда болу механизмін тексеруге) және сараптамада пайдаланатын (химиялық, физикалық т.б.) әртүрлі тәсілдердің тиімділігін, нәтижелігін тексеруде пайдаланылады.
Тергеу эксперименті іс бойынша, басқа тергеу әрекеттерін жүргізу арқылы табылған деректерде көрсетілген оқиғаның шындығын тексеру үшін, болған оқиғаны қайтадан бұрынғы қалпына келтіріп, оған ұқсас жағдайларда тәжірибелер жүргізу арқылы орындалады.
Тергеу эксперименті мына мәселелерді анықтау үшін жүргізіледі:
а) белгілі бір іс-әрекетті деректерде көрсетілгендей жағдайда істеуге (жасауға) бола ма, жоқ па? Мысалы, қорғандагы тесік арқылы белгілі бір затты алып шығуға бола ма? Белгілі қашықтыктагы жерге бір сағаттың ішінде автоқөлікпен, істе көрсетілген жолмен барып, келуге бола ма т.б.
б) іс бойынша тексеріліп отырған оқиганы белгілі қашықтықта және жарықтықта көріп қабылдауға бола ма? Белгілі дыбысты, я кісінің даусын істе көрсетілген жағдайда естіп, айтылған сөздің мағынасын түсінуге бола ма т.б.
в) іздің пайда болу механизмін зерттеп анықтау. Бұл мәселені жоғарыда көрсетілген сараптамалық эксперимент жүргізгенде анықтайды. Бірақ кейбір жағдай, іздің пайда болу механизмін зерттеп, анықтауға арнаулы білімнің қажеті жоқ болса, тергеушінің өзі эксперимент жүргізу арқылы бұл мәселені анықтап шеше алады.
Экспериментте қолданылатын тәжірибелер тергеу әрекетіне катынасқан адамдардың денсаулығына, өміріне қатер туғызбайтын жағдайда өткізіліп, процесуалдық заңға қайшы келмейтіндей болуы керек.
Криминалистикада жоғарыда көрсетілген жалпы әдістермен қатар арнайы әдістер де қолданылады.
Арнайы криминалистикалық әдістер, көбінесе басқа ғылымдарда пайда болған әдістерді криминалистикалық объектілерді зерттеуге бейімдеу арқылы пайда болған да, кейбір арнайы әдістер криминалистиканың өзінде пайда болып, кейінірек басқа ғылымдар да қолданылатын болған. Сонымен қатар арнайы әдістердің ішінде тек криминалистика ғылымында ғана қолданылатын әдістер бар, олар кейде криминалистикалық оқулықтарда криминалистиканың өзіне меншікті әдістер деп те аталады.
Дата добавления: 2016-01-06; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы! |
Мы поможем в написании ваших работ!
