Трасологияның түсінігі, ғылыми негіздері мен жүйесін атаңыз. 4 страница



Тіркеудің материалдарын жинау процедуралары Қазақстан Республикасының Ішкі Істер Бөлімінің заң актілерімен, Бас прокуратураның жеке бұйрықтары және инструкцияларымен белгіленеді.

23. Криминалистикалық тактика түсінігі және жүйесін атаңыз

Криминалистика ғылымының тергеу үстінде әрқилы ситуациялық жағдайларға байланысты қолайлы әдістер мен тәсілдерді қолдану және тергеуді ұйымдасқан түрде, жоспарлы жүргізу жөніндегі қағидаларды оқытатын негізгі бір бөлімін криминалистикалық тактика дейді.

Сонымен, криминалистикалық тактика дегеніміз - тергеу әрекеттерінің тиімділігін, нәтижелілігін арттырып, іс бойынша керекті дәлелдемелерді дер кезінде жинауға, мүнымен қатар тергеуді үйымды және жоспарлы түрде жүргізуге бағытталған, заң шеңберінде қолданылатын тиімді де, қолайлы тәсілдер жөніндегі ғылыми ережелердің жиынтығы.

Криминалистикалық тактиканың осы келтірілген жалпы ережелерін және түсінігін тұжырымдап, нақтылайтын болсақ, оны қамтитын тергеушінің тергеу әрекеттерін жүргізу үстінде осы сәтте туындаған тергеу ситуациясына байланысты дұрыс, ықшамды позиция ұстауы, ситуацияға байланысты нәтижелі және тиімді тәсілдерді қолдану, тергеуді ұлымды жүргізу үшін өз жұмысын дұрыс жоспарлау.

Кейбір оқулықтарда криминалистиканың бұл бөлімін тергеу тактикасы деп те атайды. Бірақ тактикалық тәсілдердің қолданылуы алдын ала тергеумен

1 Криминалистиканың үшінші бөлімі криминалистік тактиканың кұрылымы туралы қалыптасқан бір көзқарас жоқ екенін білеміз, проф. Е.Ғ. Жәкішевтің көзкарасын ескере отырып, осы окулық авторларының ойынша болжау, жоспарлау, тергеушінің әртүрлі кызмет түрлерімен өзара байланысы ілімдерін криминалистиканың төртінші бөлімінде қарастырған дұрысырак шектелмейді. Тактикалық әдістердің көбі сот мәжілісінде де қолданылады. Сондықган тергеу тактикасы деген ұғым бұл әдістердің қолдану жүйесін толық қамтымағандықтан, бұл бөлімді криминалистикалық тактика деп атау өте орынды. Криминалистикалық тактика криминалистиканың басқа да бөлімдерімен тағыз байланысты. Айталық, криминалистикалық құрал-саймандарды тергеу ұстінде қолданып, пайдалану ерекшеліктері әр тергеу әрекетін жүргізгенде қолданылатын тактикалық тәсілдермен тығыз байланысты. Жаңа криминалистикалық құрал-саймандар пайда болса, оларды тергеу әрекеттерін жүргізгенде қолдану әдістері криминалистикалық тактикада қаралады. Сонымен қатар, тергеу әрекеттерін жүргізу үстінде қолданылатын тәсілдер тергеліп жатқан қылмыстың түріне байланысты. Жалпы тактикалық тәсілдер әр қылмыстың тергеу әдістемесінің ерекшелігіне байланысты өзгертіліп, осы қылмысты ашуға, тергеуге бейімделіп қолданылады. Мысалы, оқиға болған жерді қарау тактикасы - тактикалық тәсілдерді пайдалану ерекшелігіне, жасалған қылмыстың түріне байланысты. Айталық, жол-көлік оқиғасы болған жерді қарағанда бір тактикалық әдіс қолданылса, керісінше, басқа тактикалык әдістер ұрлық болған жерді қарау үстінде қолданылады. Сондыктан әр тергеу әрекеттерінің тактикалық тәсілдері жеке қылмыстарды тергеу әдістемесі арқылы қылмысты ашу әдісі есебінде жүзеге асады.

Криминалистикалық тактика бөліміне тергеу әрекетін жүргізгенде қолданылатын тәсілдермен бірге, тергеуді жоспарлау, тергеу үстінде тергеуші мен жедел-іздестіру органдарының арасында қалыптасатын қарым-қатынастардың түрлері, тактикалық операция, тергеу ситуациясы деген сдоақтар да кіреді

 

24. Тергеу болжауының және тергеу жоспарының түсінігі мен олардың өзара байланысын атаңыз.

Қылмыстың тез арада ашылуы, тергеудің сапасы, тергсушінің істі тергеуге байланысты жұмысының мақсатты және ұйымдасқан түрде жүргізілуі тергеудіқ ı белгілі бір жоспармен жүргізілуіне тікелей байланысты.

Қылмыстық іс қозғалғаннан кейін тергеу жоспарын жасау арқылы тергеуші тергеу барысында шешілетін сұрақтарды толық айқындап алып, осы сұрақтарды нақтылы қандай: тергеу әрекеттерін, жедел-іздестіру және басқа да ұйымдастырушылық шаралар жүргізу арқылы шешуге болатынын анықтап белгілейді.

Сұрақтар тергеп отырған қылмыстың мән-жайын анықтауға байланысга болу керек. Сондықтан жоспарға кіретін сұрақтар осы қылмыс жөнінде тергеушінің ойша жасаған болжауынан туындайды. Тергеп отырған қылмыстың қалай, қандай жағдайда болғанын тергеуші, әрине, өз көзімен көрген жоқ. Бірақ қылмысты толық және объективті тергеу үшін тергеуші қылмыстың қалай болғанын ойша болса да болжап, қылмыстың жасалу жолын көз алдына елестетіп көріп, оның бейнесін ойша жасап көруі керек. Осындай ойша шығармашылық талдау процесінің үстінде қылмыстың қандай жағдайда болғандығы, қылмысқа қатынасқан адамдар және де қылмысты оқиғаның басқа да мән-жайлары жөнінде белгілі бір болжаулар пайда болады. Тергеушінің бр ойша талдау арқылы жүргізетін шығармашылық, белгілі бір сұрақтарды шешуге бағытталған іздеу процесі логикалық гипотеза әдістеріне негізделеді. Сондықтан тергеу болжауы логикалық табиғаты жағынан алғанда гипотезаңың бір түріне - жұмыс гипотезасына жатады.

Болжаудың мазмұны және мағынасына байланысты тергеу болжауы жалпы және жеке болып екі түрге бөлінеді. Жалпы болжау — ол нақты қандай қылмыстың болғандығы жөніндегі тергеушінің ой-пікірі. Айталық, оқиға болған жерде мәйіт табылған жағдайда тергеуші осы оқига жөнінде мына төмендегідей болжаулар жасай алады: жәбірленушіні біреу қасақана өлтірді, абайсызда өлтірді, не өзін-өзі өлтірушілік. Атап айтқанда, мұндай жалпы болжауда қандай қылмыс жасалғандығы жөнінде белгілі бір пікір туындайды. Осы жасалған жалпы болжаудың әрқайсысынан сұрақтар туындап, олар жөнінде жеке болжаулар жасалады. Мысалы, қылмысты белгілі бір адамның жасағандығы, қашан, қай мезгілде және қандай қару пайдаланғандьны жөніндегі, т.б. сұрақ-болжаулар. Осындай шығармашылық талдаудан гуындаған тергеу болжауларының бәрі бірдей тексерілуі қажет. Бастапқы кезде жасалған болжаулардың қайсысы дұрыс екенін біліп аңғаруға болмайды. Сондықтан жасалған болжаулардың бәрін бір кезекте қосарлы түрде тексеріп анықтау керек. Егер тергеуші осы сэтте шындыққа жатады деп тапқан бір болжауды ғана тексерумен айналысса, кейін ол болжау қате болған жағдайда, басқа болжаулардың тексерілуін кешіктіріп алады.

Сонымен тергеу болжауы дегеніміз тергеудің белгілі бір кезеңдерінде туындаған жағдайларға, жиналған айғақты дәлелдемелерге негізделген қылмыстың түрі, оның болу тетігі және қылмыстың басқа да мән-жайлары жөніндегі тергеушінің ой-пікірі. Қылмыстық іс бойынша жасалған болжауларды және одан туындайтын сұрақтарды шешу үшін арнайы тергеу әрекеттерін, жедел-іздестіру және басқа да анықтама жұмыстарын жүргізу керек. Бұл жүргізілетін жұмыстар белгілі бір кезекпен, тәртіппен, жоспарлы түрде өткізілуі керек болғандықтан, анықталатын сұрақтарды, тергеу шараларын толық қамтитын тергеу жоспары жасалады. Тергеу жоспарын осы тұрғыдан алып қарастырсақ, ол негізінен тергеу болжауын тексеріп, анықтауға бағытталған жоспар екендігі айқын көрінеді. Сонымен тергеу жоспарының логикалық негізі - тергеу болжаулары. Тергеу болжауларының, оны тексеруге бағытталған тергеу жоспарының жалпы бір шығармашылық жұмыстың бірімен-бірі байланысты екі сатысы екендігі, міне, осымен сипатталады. Тергеушінің шығармашылық ой-пікірі, Осыған байланысты жасалған болжаулары қағазға жоспар арқылы түсіп, жоспарда көрсетілген тергеу шараларын жүргізу арқылы жүзеге асады.

25. Тергеу қарауының түсінігі, мәні және түрлері мен оқиға болған жерді қараудың түсінігі, маңызы және міндеттерін атаңыз.

Тергеу қарауы - кылмысты тергеуге және ашуға маңызы бар немесе маңызды болуы мүмкін заттарды, құжаттарды және өзге де іздерді табу, бекіту, алу және қылмыстық істің мән-жайларын зерттеу мақсатында тергеушінің кез-келген объектілерді тікелей қабылдауы мен зерттеуінен тұратын тергеу әрекеті.

Қылмыстық іс жүргізу заңы бойынша қарау - кылмыс ізін, өзге материалдық объектілерді анықтау, сондай-ақ іс үшін маңызы бар жағдайларды айқындау мақсатында тергеуші, ал ол жоқ болған жағдайда анықгаушы немесе қылмыс туралы арыз немесе хабар түскен анықтау органының лауазымы жағынан жогары қызметкері жерді, үй-жайларды, заттарды, құжаттарды, көзі тірі адамдарды, мәйіттерді, жануарларды тексеру әрекеті.

Криминалистикалық әдебиетте тергеу қарауының келесідей мақсаттары көрсетілген:

- тергеушінің жеке объектіні, объектілердің жиынтығы немесе кешенін тікелей зерттеуі;

- оқиға, қылмыстың механизмі, жері, қылмыскердің және жәбірленушінің жеке басы және де қылмыстық іс бойынша анықтауға жататын өзге де мән-жайлар туралы типтік, жалпы және жеке болжауларды ұсыну үшін бастапқы ақпаратты алу;

- қылмыстын суымаған ізі бойынша қылмыскерді іздестіруді және қажетті жедел-іздестіру шараларын ұйымдастыру үшін мәліметтерді алу;

- тергеу барысында кейінгі әрекеттерді (кезектегі шараларды) жоспарлау үшін мәліметтерді алу;

- тергелетін қылмыстың жасалуына себеп болған жағдайларды анықтау; Тергеу қарауының түрлерін әртүрлі негізер бойынша жіктеуге болады: қарау объектісі бойынша, жүргізу кезектілігі бойынша, көлемі бойынша.

Қылмыстық іс жүргізу заңы бойынша тергеу қарауының келесі түрлері көрсетілген:

- оқиға болған жерді;

- заттай дәлелдемелер;

- мәйіт;

- сезіктінің, айыпталушының, жәбірленушінің, куәгердің денесін. Криминалистикада тактикалық мағынасы жағынан қарау объектілеріне:

- үй-жайдағы оқиға болған жер;

- ашық жердегі оқиға болған жер;

- мәиіт;

- қылмыстың қаруы және қүралы;

- құжаттар, фото - бейне-жазбалар, киноқұжаттар сонымен катар, пошта-телеграфты хат-хабар;

- жануарлар;

- көлік құралдары;

- компьютерлер;

- сезіктінің, айыпталушының, жәбірленушінің, куәгердің денесі.Кезектілігі бойынша тергеу қарауының екі турін ажыратамыз:

- алғашқы;

- қайталама.

Қайталама қарауын жүргізу жағдайлары әртүрлі болуы мүмкін: алғашқы қарауды сапасыз жұргізу (қолайсыз метеорологиялық жағдайлар, түнгі уақыт және т.б.), қажетті техникалық құрал-жабдықтарды қолданбау, тергеу барысында қайталама қарауын жүргізу қажет екендігін көрсететін мәліметтердің алынуы, алғашқы қарауын толық, егжей-тегжейлі, дұрыс жүргізілгендігінде күмән туындаса, сонымен қатар, прокурор мен тергеу бөлімі бастығының тікелей нұсқауымен жүргізіледі.

Көлемі бойынша тергеу қарауы негізгі және қосымша деп бөлінеді. Алғашқы қарау көп жағдайда негізгі қарау болып табылады. Сондықтан тергеуші қараудың жан-жақты, толық жүргізілуіне тырысып, қосымша қарау жүргізу қажеттілігін болдыртпауы қажет. Бірақ кей жағдайларда қосымша карау жүргізу ситуациялары да кездеседі: негізгі қарау кезінде жекеленген участіктерге, объект элементтеріне қарау жүргізілмеген жағдайларда. Мысалы, бухгалтерлік құжаттарға қарау жүргізу кезінде журнал-ордерлер, ведомстер зерттелінді, бірак №10 ведомстің болмауы себебінен қарау жүргізу мүмкін болмады. Кешірек бухгалтердің ұсынуымен №10 ведомстке қарау жүргізіліп, қосымша қарау хаттамасында бекітілді.

Барлық объектілерге қарау жүргізуде жалпы процессуалдық және тактикалық талаптар қойылады.

Тергеу қарауы екі куэгердің міндетті қатысуымен жүргізіледі, ал оқиға болған жерді қарау кезінде өзге жағдайлар да болуы мумкін.

Куәгер болып әрекет қабілеттілігі бар, іске мүдделі емес, заң талаптарын мұлтіксіз орындайтын азаматтардың болуы қажет. Олардың міндетіне тергеушінің барлық әрекеттерін, сонымен қатар, хаттаманың толтырылуын объективті бағалауы мен куәландыруы жатады. Куәгерлер мақсатты түрде тергеушінің, криминалист-маманның барлық әрекеттеріне бақылау жүргізуі керек.

Тергеуші қарау әрекетіне жәбірленушіні, сезіктіні, куәні, айыпталушыны олардың келісімімен қатыстырта алады. Қарауға сонымен қатар, тергеуші мамандарды шақыра алады. Қаралатын объектінің түріне байланысты криминалист-маман, дәрігер (медицина қызмет-кері), экономист, инженер, химик және т.б.

Тергеу ситуациясына, қаралатын объектіге байланысты участковый, патруль, жол полиция қызметкерлері қарауға қатысады.

Тергеу тәжірибесі қарауының бірнеше тактикалық нұсқауларын ұсынады:

1. қараудың кейінге қалдырылмай, дер кезінде жүргізілуі;

2. мақсатты түрде жүргізілуі, қараудың барысы мен нәтижесіне талдау жасау;

3. криминалистикалық техника талаптары мен ережелерінің сақталуы;

4. қараудың бір бастамамен жүргізілуі;

тергеу қарауының барлық нәтижелерін толық және объективті бекіту

 

26. Тінтудің криминалистикалык түсінігі, оның түрлері және міндеттерін атаңыз.

Қандай қылмыс жасалса да қылмыскер осы қылмыстың ашылмауына, оның ізін жасыруға әр түрлі әрекеттер жасап, қылмыстың ізін суытып, заттай дәлелдемелерді тығып, жоқ етуге тырысады. Сондықтан тергеу қызметкер-лерінің міндеті - калай болғанда да кылмысты ашуға керекті дәлелдемелерді, заттай дәлелдемелерді тез арада тауып алу. Заттай дәлелдемелерді тез арада тауып алып, қылмысты ашуға көмектесетін тергеу әрекетгерінің бірі - тінту. Қылмыстық іс жүргізу заңында тергеудің бұл әрекетіне түсінік берілмеген. Заңда егер істің мән-жайына байланысты заттай дәлелдемелерді қылмыскер не басқа адамдар өз еркімен бермесе, олар тінту жүргізу арқылы алынады деп кана көрсетілген. Тінтуді уақыт өткізбей, дер кезінде жүргізу керек. Сонда ғана іске керекті деректерді тауып алуға болады. Тінту дегеніміз үй-жайды, қора-ауланы еріксіз түрде қарау арқылы іске қатысы бар заттай дәлелдеме-дерді, тығылып қалган қылмыскерді тауып алу үшін жүргізілетін, заңда көрсетілген күрделі тергеу әрекеті.яя кейбір авторлар қандай объектілерді іздеп табу керек екенін тізбектеп айтып көрсетеді. Мысалы, қылмыс жасауда қолданылған қару, жалған күжаттар, қылмыскердің киген киімі, т.б. Бұлардың бәрін іске керекті заттай дәлелдемелер деп тұжырымдап көрсетсе де болады. Оқиға болған жерді қарау мен тінтудің ұқсастығы - осы екі тергеу әрекеті кезінде де белгілі бір нысан, не пәтер қаралып, заттай дәлелдемелер ізделеді. Бірақ окиға болған жерді қарау мен тінтудің арасында көп айырмашылық бар. Ол біріншіден, осы тергеу әрекеттерінің міндеттерінен, екіншіден, олардың жүргізілу әдісінен көрінеді. Оқиға болған жерді қарау оқиғаның қалай болғанын, қылмыстың жасалу тетігін зерттеуге, оның кімнің Жасағанын анықтауға бағытталады. Тінтудің мақсаты - әдейі тығып қойған немесе тығулы түрған заттай дәлелдемелерді арнайы тактикалық әдістерді қолдану арқылы тауып алу.

Кейбір авторлар тінту әрекетін жедел-іздестіру әрекеті ретінде қарастырады. Тінтуді жедел-іздестіру әрекеті деп санауға болмайды. Жедел-іздестіру әрекеті, әрине тінту үстінде, тіпті тінту басталғанга дейін де жүргізіледі. Оның мақсаты - тергеушіге тінтуді сапалы жүргізуге керекті деректер тауып беру, атап айтқанда қандай зат қай жерде болуы жөнінде, тінтілетін адамда кару бар ма, жоқ па, тінтуді жүргізуге керекті мәліметтер жинап, тауып беру. Сондықтан жедел-іздестіру жү-мыстарын тінтумен бірдей деп қарауға болмайды.

Тінтудің басқа тергеу әрекеттерінен айырмашылығы - оның еріксіздігі.

Тінтудің бірнеше түрлері болады. Ол - жеке адамды тінту (личный обыск), тұрғын үйді, жеке бөлмені тінту, ауланы немесе басқа ғимараттар мен нысандарды тінту. Әрине, ол іс бойынша керекті деректерді, заттай дәлелдемелерді іздеп тауып алу үшін жүргізіледі. Ал, заттай дәлелдемелерге қандай нысандар жатады, соған тоқталсақ. Олар - қылмыс жасалғанда қолданылған қару-құралдар (мылтық, пышақ, бұзуға пайдаланған құралдар), жалған құжаттар, тергеуден қашып, тығылып жүрген қылмыскерлер, не қылмыскерді эдейі тығып қойған адамдар, мәйіт оның бөлшектері, ұрланған қымбат бұйымдар, заттар. Іске қатысы болмаса да тінту кезінде табылған, жеке азаматтардың ұстауына болмайтын, заң бойынша тыйым салынатын объектілер - есірткі заттар, порнографиялық суреттер, қопарғыш заттар.

27. Жауап алу, оның түсінігі мен міндеттері және жауап алу алдында жүргізілетін дайындық жұмыстарын атаңыз.

Жауап алу дегеніміз заңда көрсетілген тергеу және сот әрекеті. Ол арқылы жасалған кылмыстың мән-жайлары жөнінде керекті деректі мәліметтер алынып, олар қылмысты ашуға пайдаланылады. Іс жүргізу жағдайына байланысты жауап беретін адамнан жауап алудың бірнеше түрі бар. Атап айтканда: жәбірленушіден, сезікті адамнан, куәден, айыпкерден жауап алу деп, бр тергеу әрекеті төрт түрге бөлінеді. Кімнен жауап алынса да ол қылмыстык іс жүргізу заңында көрсетілген тәртіп бойынша жүргізілуі тиісті, Бірақ, іс бойынша негұрлым көп, маңызды мәліметтер жинап, осы тергеу әрекетінің сапасын арттыру үшін жауап алғанда, бұған тиімді, ыңгайлы тактикалык әдістер қолданылады. Бірақ ол қаншалықты тиімді болғанымен ол заңца көрсетілген тәртіпке қайшы келмеуі керек.

Жауап алғанда кылмысты оқиғаға қатысты мынандай мәліметтер: қылмыстың болған уақыты, оның орны, амал-әдісі, кылмысты кімдердің жасағаны, оған қанша адамның қатысқаны, істеген қылмыстың зардабы, залалы, сипаты мен мелшері және кылмысты оқиғаның басқа да мән-жайлары анықталады. Бұлар - занда көрсетілген, міндетті түрде дәлелдеуге тиісті жағдайлар, кылмысты оқиғаға тікелей қатысы бар деректі мәліметтер. Сондай-ақ, жауап алу арқылы тікелей кылмысты оқиғага қатысы жоқ, бірақ кылмысты ашуға керекті аралық мәліметтер де алынады. Айталық, қылмыскердің қайда жүргенін, оның мекен-жайын білу үшін қылмыскердің ең жақын адамдарынан да жауап алуға тура келеді. Жауап алудың мұндай аралық түрінің, кылмысты оқиғаға тікелей қатысы болмаса да, істі тез ашуда, кылмыскерді тауып ұстауда, істің кейбір мән-жайын анықтауда үлкен маңызы бар.

Жәбірленушінің, куәнің жауаптары істегі басқа деректерді нақтылап, тергеушінің, соттың оқиғаның мән-жайына толық қаныгып, тиісті шешім қабылдауына зор септігін тигізеді. Дегенмен, болған қылмыстың мән-жайын қьшмыскердің өзінен артық ешкім білмейді. Сондықтан қылмысты мойындап, өз қателігін дұрыс түсінген қылмыскерден аса маңызды мәліметтер алуға болады. Бірақ оны асыра бағалап, оған ерекше сенімділікпен қарауға болмайды. Өйткені, істегі деректердің дәлелдемелік күштері бірдей, бірінен-бірінің артықшылыгы жоқ. Сондықтан қылмыскердің қылмысын мойындап, берген жауабына да сын көзбен қарау керек. Тіпті, кей жагдайларда қылмыскердің жасаған ауыр кылмысын жасыру үшін, бір ұсақ қылмыстарын мойнына алып,тергеушіні осыған сендіріп, өзінің жасаған ауыр қылмыстарынан құтылып кетуге тырысуы мүмкін. Айып істегі барлық деректердің тұжырымды қорытындысына ғана негізделуі тиіс

28. «Ауызша суреттеудің» әдістемесі, міндеттері және әдістері мен тергеу мен жедел-іздестіру тәжірибесінде «ауызша суреттеу» әдістемесін қолдануды түсіндіріңіз.

Криминалистикада «ауызша суреттеу» немесе «сөздік портрет» арқылы адамды іздестіру және тендестіру мақсатында арнайы терминологияны қолдана отырып, оның сыртқы белгілерін сипаттаудың ғылыми негізінің жүйесі ретінде анықталады. Мұнда анатомиялық белгілеріне, әсіресе бет-әлпетін сипаттауға ерекше көңіл бөлінеді.

«Ауызша суреттеу» - адамды белгілері бойынша тануға мүмкіндік береді, сыртқы бейнесін есте сақтауды жеңілдетеді, қысқа мерзім аралығында адам белгілерінің дұрыс сипатын құруға, сондай-ақ оның белгілерін фотокарточка арқылы сипаттауға, іздестіріп отырған түлғалардың бейнелерін компьютерлік көмегімен құрастыруға мүмкіндік береді. Бейнелеу кезінде арнайы терминдерді қолдану сипаттау белгілерін барлық адамдардың бірдей қабылдауын қамтамасыз етеді.

Жедел-іздестіру қызметкерлері мен тергеушілердің адамның сыртқы бейнесін сипаттау кезінде тұрмыстық сөздерді қолдануларына жол берілмейді, себебі ол әртүрлі түсіндірілуі мүмкін. Тергеуден бой тасалап жүрген адамды іздестіру көп жағдайда қылмысты көзімен көрген адамдардан жауап алу процесі кезінде, туысқандарынан, таныстарынан жауап алу кезінде анықталған белгілер бойынша, сонымен қатар, фотографиялық суреттерін немесе тіркеу құжаттарын зерттеу нәтижесінде алынған сыртқы белгілері бойынша ғана анықталуы мүмкін.

Кезімен көруші тұлға іздестіріліп отырған адамды сипаттау кезінде нақты емес, әрі түсініксіз жалпы түрмыстық терминдерді қолданады. Әртүрлі жағдайларға байланысты жауап алушылар белгілерді толық қабылдамауы мүмкін, мысалы: байқау уақытының аздығынан, жарықтың дұрыс болмауы салдарынан және т.б.. Адамды идентификациялау үшін маңызды белгілердің көбісі аса мән берілмегендіктен ескерілмеуі ықтимал. Жедел-іздестіру қызметкерлерінің немесе тергеушілердің міндеттері іздестірудегі түлғалардың сыртқы бейне белгілерін толық анықтау. Ол үшін сипаттау «Ауызша суреттеу» ережелері бойынша жүргізілуі керек және барлық ұсақ-түйектер толығымен ескерілуі тиіс. Белгілері бойынша іздестірудің нәтижелі аяқталуы сыртқы бейненің және киімнің белгілерін дұрыс және жылдам уақыт аралығында қолдануға байланысты (беттегі пластырь, қолдағы таңылулар, көптен бері қырынбаған бет және т.б.). Осы белгілер жылдам жойылып кететіндігін ескере отырып іздестіру жұмыстарын дер кезінде ұйымдастыру қажет.

Қылмыскердің сыртқы киімінің кейбір белгілері жайында белгілі бір қорытындыға келуге болады, кейбір жағдайларда оқиға болған жерді мудият қараудың тигізетін көмегі мол. Табылған аяқ іздері мен қадам алысына байланысты оның бойы, физикалық кемістігі, мысалы: аяғын ақсап, сылтып басуы анықталады.


Дата добавления: 2016-01-06; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!