Трасологияның түсінігі, ғылыми негіздері мен жүйесін атаңыз. 2 страница



Идентификацияның объектісіне тек қатты заттар ғана жатпай, сонымен қатар сұйық, сусымалы, газ тәріздес объектілер де жатады.

Объектілерді жекелеу келесі ғылыми ережелерден құралады:

Біріншіден, материалдық дүниедегі объектілердің сапалылық және сандық жагынан анықталуы.

Екіншіден, материалдық дүниедегі объектілердің салыстырмалы ту.рақты болуы.

10. Тергеуші мен криминалист-маманның қолданатын ғылыми-техникалық кұралдарын түсіндіріңіз.

Қылмысты ашу мен қылмыскерді эшкерелеуде тергеушінің криминалистикалық техника құралдарын шебер қолдануы үлкен рөл атқарады.

Оқиға болған жерді қарау және өзге де тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде әртүрлі құрал-саймандарды, жабдықтарды, құрылғыларды, материалдарды жинақы түрде қолдану олардың тиімділігін көрсетеді. Сондықтан да осы құралдардың жиынтығы тергеу және жедел чемодандары, сөмке және портфельдер түрінде қалыптасып пайда болды. Оларға қойылған ең алғаш талаптың біріне - салмағы жағынан жеңіл және көлемі жағынан шағын болуы жатқызылды. Ішіне тек қана тергеу әрекетін жүргізуге қажетті құрал-саймандар кірді: іздермен жұмыс жасауда қолданылатын құралдар, фотосуретке түсіру жабдықтары, жоспар мен схемаларды сызуда қолданылатын құрал-саймандар және т.б.

Техникалық жағынан дамудың әсерінен арнайы автокөліктің ішінде орналасқан универсалды жылжымалы құралдардың жиынтығы ойластырылды: кез-келген оқиға болған жерді қарауға, қылмыстың кейбір түрі бойынша оқиға болған жерді қарауға және оқиға болған жерде криминалистикалық немесе сараптаманың өзге де түрлерін жүргізетін автоқөліктер және т.б.

Дәлелдемелерді жинау процесіне оларды бекіту, алу және анықтау кіреді. Іздер мен басқа да объектілерді анықтау үшін қолданылатын кримина-листикалық техниканың әдістері мен тәсілдері әртүрлі болады.Тергеуші мен маман-криминалистің қолданатын техникалық құралдарын келесідей топтарға бөлуге болады: 1. жарықтанғыш; 2. өлшегіш; 3. іздейтін; 4. бекіту және алу; 5. буып-түю құралдары.

Жарық түсіру тәсілдері бұл моно және полихроматикалық жарықты тұсіруге бағытталған жалпы жағдай туғызатын әртүрлі құралдар. Жарықтың қайнар көзі ретінде қосымша сурет жарықтары, тұрмыстық фонарлар, фотовспышкалар және басқа да жарық түсіретін аппараттар қолданылады. Арнайы қайнар көздеріне нашар немесе мүлдем керінбейтін адам денесінен бөлінетін қан, сперма, сілекей немесе кейбір химиялық заттарды (мұнай, кілей және т.б.) анықтайтын ультракүлгін жарықтар кіреді. Ультракүлгін сәулесі әсерінен кейбір объектілер анық

көрінеді. Инфрақызыл сәуленің қайнар көзі болып электронды-оптикалық анықтағыш табылады (ЭОП). Бұл арқылы сырдың бояуларын, металдың, атылған оқтың үгінділері анықталады.

Өлшеу құралдарына: масштабты өлшегіштер, рулеткалар, транспортир, өлшегіш-циркуль, штангенциркуль, компас, планшет және зерттелетін объектінің ерекшелігіне байланысты өзге де өлшеу құралдары колданылуы мүмкін, мысалы: Гейгер-теркегіші, вольтметр.

Іздейтін құралдарға: қуыс бұрғылардың түрлері (щуп) және қондырғылары. әртүрлі үлкейткіш шынылар, дактилоскопиялык үнтақтардың жиынтығы, дакгилоскопиялық және магнитті кистілер. Металдық объектілерді іздеген кезде эскери бейнедегі индукциондық металл іздегіштер және криминалистикалық мақсатқа арнайы дайындалған магниттік металл көтергіштер қолданылады. Олардың кемшілігі қара және түрлі-түсті металдарды ажырата алмауында.

Биологиялық табиғи объектілерді анықтау үшін (қан, сперма, сілекей және т.б.) жарық түсіргіш құралдар, ультракүлгін сәулелі қосымша көздер және химиялық реактивтер қолданылады.

Криминалистикалық бекітудің мақсаты - мүмкіндігінше нақты объектіні бекіту, фактіні, оқиғаны, қылмыстың материалдық ізін және басқа да қылмыстық іс бойынша қажетті ақиқатты анықтау үшін бекіту.

 

Тергеу әрекетін жүргізу барысында фотографияны колданудың ерекшеліктері және сот-зерттеу фотографияларының әдістері мен бейне және дыбыс жазбаларын криминалистикада қолдануды түсіндіріңіз.

 

Тергеу әрекетін жүргізу барысында фототүсірілімдер өте жиі қолданылады. Фототүсірілім объектілеріне: оқиға болған жердің жалпы жағдайы мен оның бөлігі, мэйіт, іздер және басқа да заттай дәлелдемелер жатады.

Тергеу қарауын жүргізу кезінде оқиға болған жерді суретке түсіру. Оқиға болған жердің жағдайын және ол жерден табылған қылмыстық іздер мен басқа да заттай дәлелдемелерді дұрыс әрі толық бекіту тергеу әрекетінде қойылатын негізгі талаптардың біріне жатады.

Оқиға болған жерді суретке түсіру келесідей тәртіпте орындалуы тиіс:

а) оқиға болған жер және оның жекеленген бөлігінің жағдайы жөнінде тольщ мағлүмат алатындай көрнекі түрде түсірілуі шарт;

ә) оқига жағдайы барынша толық, әрі дәлме-дәл түсірілуі қажет;

б) қажет болған жағдайда түсірілген объектілердің көлемі жөнінде мшіімет бере алатындай етіліп (метрлік және масштабты) түсірілуі тиіс.

Оқиға болған жерді түсіру келесідей әдіс түрлері арқылы жүзеге асырылады: бағдарлап, шолып, түйінді және детальды түсіру әдістері.

Багдарлап түсіру - оқиға болған жердің өзін ғана түсіріп қоймай, сонымен қатар айналадағы оған жақын тұрған объектіні де қамтып түсіруге арналған әдіс. Оқиғаның нақты қай жерде болғандыгы жөнінде бағдарлап білу мақсатында қолданылатын, яғни оқиға болған жердегі жылжымайтын объектіні оқиғаға, қылмысқа еш катысы болмаса да айналамен қамтып қоса түсіру әдісі. Мысалы: жол-көлік оқиғасы болған жағдайда оқиға болған жердегі жол белгілерінің қоршаулары, оған жақын орналасқан жылжымайтын объектілер қосатүсіріледі.

Шолып түсіру - бұл оқиға болған жерді қоршаган айналасынсыз тек өзін ғана түсіру әдісі. Бұл әдісті қолдану кезінде фотоаппарат оқиға болған жердің толық көрінуіне немесе оның көпшілік бөлігінің көрінуіне мүмкіндік беретін нүктеге қатысты орналастырылады. Шолып тұсіру арқылы оқиға болған жердің жағдайын анықтауға және орналасқан заттар туралы дұрыс түсінік алуға болады. Түйінді түсіру - оқига болған жердің жеке учаскілерін және ондағы қылмыстық материалдық белгілерінің барынша көп шоғырланған жерлерін ipi масштабта түсіру әдісі (мысалы: қылмыстың материалдық басым бөлігі, яғни мәйіттің жатқан жері, өрт ошағы және т.б. көрсетіледі).

 

Детальды түсіру - бұл жеке іздерді және заттарды өлшеу масштабымен тусіру әдісі. Заттай дәлелдемелер мен іздердің сыртқы белгілерін бейнелеп көрсету үшін детальды түсіру әдісі қолданылады. Детальды түсіру әдісінің объектілеріне: қару-жарақ, оқ, гильза, қылмыс құралдары мен олардың іздері, қол, аяқ, келік-құралдарының іздері, ұрланған заттар мен өзге де объектілер жатады.

Мәйітті түсірудің де өзіндік әдістері бар. Алғашқыда мәйітті коршаган ортамен қамти отырып бірнеше жағынан түсіреді. Кейіннен мэйіт қоршаған ортасыз тек өзі ғана түсіріледі. Оны түсіру барысында орналасу жай-күйі жағдайьш, денесінің ашық жерлерін және киімін толық бейнелеп көрсетуге аса көңіл белінуі керек. Мэйіт қоршаған ортасыз екі қарама-қарсы жағынан түсіріледі. Түсіру кезінде фотоаппарат объективінің негізгі оптикалық осі мэйіттің ү.зына бойлық осіне перпендикулярлы болатындай етіп орналастыру қажет. Сонымен қатар, аппарат объективін төмен қаратып мэйітті жоғарғы жағынан вертикальды түсіру әдісі ұсынылады. Мэйіт табылған ғимарат, үй-жай және т.б. жерлер өте тар болған жағдайда, ол панорамалық әдісті немесе кең бұрышты объективті қолдану арқылы түсіріледі.

12. Құлыптар мен бекітетін кұрылғыларды зерттеу, көлік құралдарының іздері мен заттар мен материялдарды криминалистикалық зерттеудің түсінігі және оның міндеттерін көрсетіңіз.

Бұл тарау трасологиялық зерттеу бөліміндегі тараулардың ішінде жоғарыда қарастырылып өткен бұзу құралдарының іздерін зерттеу тарауына мазмұны жағынан жақын болып келеді. Беріліп отырған категорияға - құлыптар және бекітетін қүрылғылар, сондай-ақ жаппай өндірістік бұйымдар, заттар жатады.

Құлыптар әртүрлі конструкциялардан тұрады, соған байланысты олар төмендегідей негізде топтастырылады:

• жабылатын объектіге орналасу тәсіліне байланысты - тұрақты (ойып орнатылған) және алынатын (асіталы, ілінетін);

• тағайындау мақсатына байланысты - жалпы типтегі құлыптар (есікке, жиьазға салынатын) және арнайы құлыптар (сейфке, автокөлікке арналған);

• бекітілетін құрылғының құрастырылуы бойынша - серіппелі, сувалды, цилиндрлі, бұрандалы, шифрленген жүйемен жабылатын.

Құлыптың негізгі деталі - ригель болып табылады, ол құлыпқа ысырма сияқты әсер етеді. Тұрақты құлыпта ригель қорабы арқылы жылжиды және жапқан кезде есіктің жармалары немесе есікпен оның қорабының туйісу арқылы жабылады. Ілмелі құлыптарды жапқан кезде ригель имектің (доғаның) бір немесе екі жағынан ілініп қорабының ішінде оны ұстап тұрады.

Сараптамаға құлыппен қатар бөгетті кедергіні бұзуға (немесе ашуға) қолданылуы мүмкін деген заттар мен құлыптардың кілттері жіберіледі.Құлыптың ашылуы ригельдің жылжуы арқылы жүзеге асырылады. Қылмыс жасау кезінде құлыпты екі жолмен ашады: қілтпен ашады немесе бұзады. Кейде құлыпты ашудың екі тәсілі де қолданылуы мүмкін.Құлыпты ашу үшін - кілттер, желбезектер, басқа да заттар іріктелініп алынады.

Ашу кезінде төмендегідей үш негізгі тәсіл қолданылады:

• құлыптың саңылауы арқылы құлыптың механизміне тікелей әсер ету; мұндай әрекеттер іріктелініп алынған кілттер, желбезектер, басқа да заттармен жүзеге асырылуы мүмкін;

• ригелые сыртынан әсер ету жолымен ашу; бұл тәсілді колдану кезінде қатты тегіс заттар арқылы ригельдің шығып тұрған бөлігіне қысым жасалынады;

• есіктің ішкі жағындагы құлыпында қалған кілтті бұрап жылжыту жолымен ашу; кілттің ұлын сыртқы жақтан арнайы қысқышты қолдану арқылы тартып іліп алу жолымен ашылады.

Құлыпты ашу мен құлыптың ішкі және сыртқы беттеріндегі іздердің қалдырылу тәсілдерін зерттеу арқылы қылмыскерлер жөнінде бірқатар қылмыскер құлыптың құрылысын жақсы білетіндігі, құлыпты ашуға байланысты тэжірибелік дағдылығының бар екендігі, құлыпты ашуға қолданған (кілт, жезбезекті кілт, басқа да) заттар жөніндегі мән-жайларды анықтауға болады.

13. Сот баллистикасының объектілерін табу және карауды түсіндіріңіз.

Оқиға болған жерді қарау кезінде келесідей сұрақтарды шешу үшін: а) атыс қарулары шын мәнінде қолданылған ба? э) қандай қару және оқ -дәрілер қолданылған? б) қандай объектілерде ату іздері бар? в) атылған оқтың бағыты мен ара қашықтығы қандай? г) қаруды атқан тұлғаның ату үстінде ықтималды тұрған жері? д) өзін-өзі ату фактілеріне жата ма? е) қарудың атылу жағдайы қандай, ол қүлау, бір нэрсеге соғылу нәтижесінде атылып кеткен жоқ па және басқа да сұрақтарды анықтап алу қажет.

Қаруды қарау. бекіту және алу. Оқиға болған жерде табылған қару-жарақты қарау кезінде міндетті түрде төмендегідей тәртіп талаптары сақталуы тиіс:

• қаруда қалған іздер: қол іздері, қан тамшылары мен басқа да дененің ұсақ бөлшектері (тері, мый және т.б.) өшіп қалмас үшін оқпанның ауызғы бөлігінен (оқ шығатын) ұстауға болмайды, сонымен қатар, өзінің қол іздерінің қару бетіне түсіп қалмауы үшін қаруды кедір-бүдір жерінен немесе шетінен,болмаса қолға қолғап киіп ұстау қажет;

• қарудың оқпанын өзіне немесе қоршаған ортадағы адамдарға каратып устауға болмайды, оны жоғары қаратып үстау қажет;

• қару оқпанына қандай да бір заттарды кіргізуге, тығуға, салуға болмайды, бірақ оқпанның ішіндегі күйе, порох және т.б. бөлшектерді жоғалтып алмас үшін оқпан ұңғысына абайлап қалпақ кигізу керек.

• міндетгі түрде қарудан оқты алып тастау қажет;

• қару оқпанын ешқандай затқа тақауға болмайды;

• шаппалы күршекке, атқыш ілмекке тиісуге болмайды;

• қаруды құлатуға болмайды.

Қару табылған жағдайда, ең алдымен туйінді және детальды фототүсірілім ережелері сақталына отырып масштабты сызғышты қолдану арқылы фотосуретке түсіріледі. Фотосуретке қарудың түрі мен оның табылған жері ғана емес, сонымен қатар оның жеке бөлшектерінің: оқпан, серіппе (курок), бекітпе (затвор) және т.б. жағдайлары көрсетіле отырып түсірілуі қажет. Қару соққысының немесе оның құлау іздерін табу мақсатында қоршаған ортадаги барлық объектілердің - еденнің, құмның беткі қабаттары қаралады. Содан кейін екі бағыттағы жьшжымайтын объектіге және мәйіттің қолына дейінгі арақашықтық анықталады.

Қаруды қарау үшін оны таза қағаздың үстіне қойып тексеру қажет. Хаттамада қандай да бір бөгде объектілердің (қол, шаш, мый, тері бөліктері және т.б. іздерінің) табылған жерлері туралы мәліметтер жазылады. Тергеуге қажетті объектілер арнайы пакеттерге салынып буылып-түйіледі. Қарудан магазин! ажыратылады, ал патрон салғыштан патрондар алынады. Хаттамада магазин ішіндегі қалған патрондардың саны мен олардың маркілік және т.б. белгілері бекітіледі. Аңшы мылтықтарынан оның оқпаны ажыратылады. Бұл тәртіп ережелері револьверді буып-түйю кезінде қолданылмайды. Өйткені олардық каморалары атылған гильзалардан да, патрондардан да ажыратылмайды. Себебі олардың каморалардан атылған гильзалар да, патрондар да шықпайды, Маркілік белгілері бойынша хаттамада қандай камора (немесе патрон) оқпанға қарсы орналасқандығы жөнінде белгіленеді және каморадағы гильзалар мен патрондардың орналасу жүйесі жазылып бекітіледі. Қарудың оғын алып тастағаннан кейін оның маркілік белгілері, жеке қү-рылымдық (конструкциялық) ерекшеліктері аныкталады.

Қылмыскерлер қарудың оқпанына, эсіресе аңшы мылтығьшьщ оқпаныш тазарту жасаған жағдайларда, тергеуші алғашқы кезде сарапшының алдына қандай сү.рақтар қою керек екендігін білмейді. Тазартудан кейін, мысалы, ен соңғы атылған оқтардың түрін анықтау мүмкіндіктері жойылады. Қарудьщ атылу мерізімі жөніндегі сұрақтарды анықтау қажет болған жағдайларда оны тазартуға, сүртуге болмайды. Аталған және басқа да сұрактарды шешу мақсатында қару оқпандары жабыстырғыш ленталар арқылы бекітілген қағаз қалпақшаларымен жабылуы қажет. Қарудың мерзімін анықтауға байланысты зерттеулер жүргізу үшін олар сараптамаға жедел түрде жеткізілуі тиіс. Себебі олар қару табылған алғашқы 5 тәулігі ғана - бұл сұрактарды дү^ыс әрі нәтижелі шешудің кепілі бола алады.

Сонымен, оқиға болған жерде табылган атыс кұралына қарау жүргізіп, оны сипаттау кезінде хаттамада келесідей мәліметтер міндетті түрде көрсетіліп жазылуы тиіс:қарудың табылған жері, оның жағдайы мен оқпан ұңғысы қай тұсқа қарай бағытталған;

• зауыттық немесе қолдан жасалған ба;

• моделі, калибрі мен немері;

• металының және басқа да сыртқы қабатының түсі, жағдайы, тұгқасында және оқпанында зақымдану іздері бар ма, жоқ па;

• механизм жағдайы (сақтандырудың, бекітпенің, серіппенің);

• магазиндегі, патрон салғышта патронның бар-жоғы және саны;

• оқпан ойығының бағыты мен саны;

• оқпан ұңғысының күй-жайы (май жағылу, күйік, коррозия, металдың мүжілген жері,);

• оқпан ұңғысынан күйік иісі сезіле ме және басқа да бөгде зат іздерінің болуы (қан, мый бөлшектері, құм және т.б.).

Оқиға болған жерді қарау кезінде атыс қаруының зақымдалған жерлерін зерттеу - оның атылуы жағдайы бойынша құрылған болжауларды ары карай жүзеге асыруға және басқа да заттай дәлелдемелерді іздестіруге мүмкіндіктер туғызады.Қаралып отырған қарудың моделін анықтау үшін негізгі көңілді - оның зақымдану сипатына (оқтың, бытыраның ойылып қалган, шаншылып қалган жерлеріне), порох-түйірінің формасына және ыстың, күйенің бөлініп шыққан жерлеріне, егер болған жағдайда «штанцмарканың» формасына бөлу керек.

14. Техникалық жалған қол қоюды зерттеу және мөр таңбаларын зерттеу әдістерін көрсетіңіз.

Құжатқа зандық күш беретін қажетті реквизиттің бірі - қолтаңба болып табылады.

Жалған қолтаңба жасау кезінде орындаушы ең алдымен жалған қойылып отырған қол мен тұпнұсқаның сыртқы белгілерін ұқсатып жасауға тырысады. Бұл әртүрлі әдістерді қолдану арқылы жүзеге асырылады. Кейбір жағдайларда қолды қойған тұлғаның қолжазбасына және қойылған қолына ұқсату жолымен, ал кейде арнайы техникалық әдістер қолдану арқылы қолтаңбаның түпнұсқасына дәлме-дәл келтіріп, сол тұлғаның атынан орындалады. Осы екінші әдіс техникалық жалған қол қою деп аталады. Мұлдай жалған қол қоюдың келесідей түрлері бар: алдын-ала қарындашпен салып алып, оны кейін үстінен бастыру арқылы; қолтаңбаны үстінен басшру немесе терезеге қою жолымен көшіру қағазын қолданып бір қағаздан екінші қағазға түсіру арқылы; жоғарғы көшірмелік қасиетгегі бояғыш затгарды қолтаңба түпнұсқасынан жалған құлсатқа көшіру арқылы; компьютерлік әдістерді қолдану арқылы жалған қолтаңбалар жасалынады. Жалған қол қоюдың басқа да әдістері кездеседі.

Көшіру қагазы арқылы жалған қол қоюдың техникалық белгілері: әріп элементгерінің тік немесе догал болып қисық түсуі, штрихтардың басталуы мен аяқталу элементтерінің қисық түсуі және жазу құралдары іздеріндегі себепсіз үзілістердің болуы; біріккен екі штрихтың болуы, алдын-ала дайындалған штрихтар, екіншісі - бастырып сызу нәтижесінде пайда болған штрихтар. Қолтаңбаны көшірме қағазын қолданып бастыру нәтижесінде, алғашқы штрихтар кұ-жат бетіне кешірме қағазының бояуымен боялып түседі, ал қойылған қолды көшірме қағазын қолданбай-ақ үстінен бастырып жазу кезінде жалған қрсатта түссіз бастырылған штрихтар пайда болады.

Алдын-ала дайындалып бастырылып жазылған іздер және көшірме қағазының бояу штрихтарынан қалған іздер микроскопиялық зерттеу арқылы анықталады.

Терезеге қою арқылы бастырып көшірілген жалған қолтаңбаны, орындаушы-ның жүргізген бояу қозғалыс белгілері арқылы, ал қаламсаппен бастырылып көшірілген жалған қолтаңба штрих бояуларының тегіс түспеу нәтижесінде пайда болған белгілері арқылы анықталады.

Барлық жағдайларда көшірме қағазын пайдалану жолымен көшірілген жалған қолтаңбаның жазу белгілері, құжатгағы түпнүсқа белгілеріне сәйкес келмейді. Себебі бастыру кезінде қозғалыс іздерін дәлме-дәл, тура түсіру мүмкін емес.Қазіргі көшірмелі-көбейтпелі комьютерлік құралдардың көмегімен түпнұсқа қолға толық сәйкес келетін қолтаңбаларды алуға мүмкіндік береді. Мүлдай қолтаңбаларды зерттеу штрихтардың құрамын (бөліктерін), олардың микроқұ-рылымын және оларды қағазға түсіру әдістерін анықтаумен ерекшеленеді.

 

15. Диагностика криминалистиканың ілімі ретінде көрсетіңіз

Криминалистикалық диагностика жеке ілім ретінде кейінірек пайда болды. Ілім ретінде диагностиканың пайда болу тарихы криминалистикалық идентификация теориясының тарихына ұқсас. Бұл бағыттың криминалистика

ғылымында қалыптасуы идентификация теориясындай тәжірибелік (эмпирикалық) материалдардың ұзақ жылдар бойы жиналуынан тұрады.

Бүгінгі танда диагностикаға қатысты криминалистикалық техника, тактика, әдістеме, сот сараптамасы, сот-медицинасы, психиатрия, психология және т.б. әртүрлі салаларға байланысты өте көптеген материалдар жиналған. Бұл материалдар жалпы талдап қорытуды, жүйелеуді талап етеді. Егер кримина-листикалық идентификация теориясы мазмұны жағынан сәйкестендіру туралы үйлесімді, логика жағынан өз кезектілігімен жүйеленген білім жүйесінен тұрса, диагностика ілім ретінде элі күнге дейін пайда болу, калыптасу кезеңінде екенін көре аламыз.

Идентификацияны жүзеге асырудың негізгі формасы сараптама болып табылады. Ол, әсіресе дәстүрлі сараптама түрлерінде қолданылады. Ал диагностика болса сараптаманың барлық түрлерінде жүзеге асырылып, сонымен қатар, жедел-іздестіру, тергеу, сот әрекеттерінде қолданылады. Диагностиканы сарапшылар, тергеушілер, жедел қызметкерлері, мамандар мен соттар жүргізеді. Оның субъектілер шеңберінің кең көлемді екенін байқаймыз.

Идентификация, негізінен, дәлелдеу әдісі ретінде қарастырылса, диагностика дәлелдеумен қатар, іздестіру, жедел-іздестіру мэніне ие бола алады. Бірақ та идентификация мен диагностиканың мақсаты бір - тергелетін іс бойынша фактілі мэн-жайларды анықтау. Диагностика тұрғысынан шешілетін мәселелер (жалпы және жеке) шеңбері кеңірек.


Дата добавления: 2016-01-06; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!