Игерулі (комбинаторлық) өзгерістер



Игерулі өзгерістер тек қана сөз ішіндегі, сөз аралығындағы, сөздің мағыналы бөлшектерінің арасындағы іргелес тұрған немесе бір-бірінен алшақтап тұрған бір фонеманың екінші фонемаға ілгерінді, кейінді, кейде тоғыса келіп тигізетін ықпалынан пайда болады.

1. Аккомодация (лат. – бейімделу, ұқсату) морфемалар жігінде қатар келген дауысты және дауыссыз дыбыстардың бір-біріне ықпал етіп, бейімделіп айтылуы. Бұл құбылыс бойынша қазақ тілінде, негізінен, дауыстылар дауыссыздарға күштілік жасап, өз ықпалын жүргізеді, көбіне дауыстың қатысы және айтылуы жағынан өзіне бейімдеп тұрады. Мысалы: тамақ-ы – тамағы, ақ алма – ағалма, қара көз – қарагөз дегендерге дауыстылар дауыстың қатысы жағынан дауыссыздарды игеріп тұр.

2. Диссимиляция (ұқсамау) – дыбыстардың комбинаторлық өзгерістерінің бір түрі ретінде қарастырылады. Ассимиляцияда көрші дыбыстар бір-бірімен үндесіп, ұқсап тұратын болса, диссимиляцияда керісінше, сөз ішінде бірдей немесе ұқсас дыбыстардың біреуі өз орнын ұқсастығы жоқ дыбысқа береді. Диссимиляция – бір сөз ішінде артикуляциялық ұқсастығы жоқ екі немесе одан да көп дыбыстың келуі. Мысалы: молда – молла, коридор – колидор, бөлмелер – бөлмедер, таңдай – таңлай, айналайын – айланайын.

3. Метатеза – сөз ішіндегі дыбыстардың не буындардың өзара орын ауысуы. Бұл – айтуды жеңілдетуден туатын құбылыс. Тілімізде қатар келген пк, пқ дыбыстары кп, қп түрде орындарын ауыстырып айтылад: шапқыла – шақпыла, өкпе – өпке, лағынет – нағылет, тепкі – текпі, әпкел – әкпел. Бұлар іргелем дыбыстардың орын алмастыруы нәтижесінде пайда болған метатезалар.


Дата добавления: 2016-01-06; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!