Шектік (позициялық) өзгерістер



Бұл – дыбыстардың бір сөз ішінде орналасқан шектің (позицияның) тигізген әсерінен пайда болатын өзгерістер. Тіліміздегі кейбір дыбыстардың кідірістен не бұрын, не кейін қолданылуы; кей дыбыстардың сөздің не буынның нақтылы шегінде (басында, ортасында, соңында) айтылуы; сөз ішінде екпін түскен буындардан екпіні жоқ басқа буындардың алыс, не жақын тұруы; қазақ тіліне жат кірме дыбыстардың қолданылуы сияқты жағдайлар қазақ тілі фонемаларының негізгі өзіндік қасиетін түгенл сақтап қалуына әрқашан қолайлы бола бермейтіндіктен, шектік өзгерістер пайда болып отырады.

Шектік (позициялық) өзгерістер әр түрлі фонетикалық жағдайлармен байланысты бірнеше түрде кездеседі:

1. Протеза – сөз алдынан басы артық дыбыстың қосылуы. Бұл кірме сөздің айтылуын жеңілдету үшін қажет. Мұндай дыбыс дауысты да, дауыссыз да болуы мүмкін. Қазақ тілінде протеза болатын негізінен қысаң дауыстылар. Олар л, р дыбыстарынан басталатын сөздердің алдынан қосылады: лаж – ылаж, лай – ылай, рас – ырас, леген – ілеген, рет – ірет, рух – ұрух, ру – ұру, Лұқпан – Ұлұқпан, Рүстем – Үрүстем.

2. Эпентеза – сөз ішінде дауыссыздардың арасына дауысты дыбыстың қыстырылуы. Қазақ сөздерінің буын құрамында біртектес екі дыбыс (дуысты мен дауысты немесе дауыссыз бен дауыссыз тіркесі) қатар қолданылмайды. Ал кірме сөздердің көпшілігі осындай дыбыстардың тіркесінен құралған: бревно – бөрене, кровать – кереует, плюш – пүліш, текст – текіст, план –пылан, аброй – абырой, блок – былок, театр – театыр.

3. Эпитеза – протезаға қарама-қарсы құбылыс, дыбыстың сөздің соңынан қосылуы. Дауыссыздардың тіркесімен аяқталған басқа тілдерден ауысқан сөздерді айтуға олардың соңына артық дыбыс дәнекерленіп қосылып айтылып отырады: мүлде – мүлдем, дос – достым, факт – факті, банк – банкі, киоск – киоскі, самовар- самауырын, Омск – Омскі.

4. Элизия – бунақтағы сөздердің арасында қатар келген екі дауыстының алдыңғысының түсіп қалуы. Мысалы: сары уыз(ұуұз) –сарұуұз, қара ит (ійт) – қарійт, торы ала – торала, бара алмады – баралмады, жоғары іл – жоғаріл.

5. Редукция (терминнің мағынасы бәсеңдеу (ослабление дегенді білдіреді) – ашық буынды сөз ішінде келген қысаң дауысты дыбыстың әлсіреп, көмескіленуі. Дауыссыз дыбыстардың бірқатары сөз ішінде фонетикалық заңдылықтарға бағынып өзара үндесіп, тіркесіп тұра алады. Сондай-ақ дауыссыздар тіркесі сөйлеу барысында дауысты дыбыстардың редукциялануы нәтижесінде де пайда болады. Редукциялану нәтижесінде дауысты дыбыс мүлдем түсіп қалмайды, көмескіленіп, күңгірт естіледі. Мысалы, жапрақ – жапырақ, құрлыс – құрылыс, мағна – мағына, топрақ – топырақ, көкрек – көкірек, үзліс –үзіліс.

6. Гаплология – сөз ішінде біркелкі (ұқсас) буындардың бірінің түсіп қалуы, бұл буынға екпін түспеудің салдарынан пайда болады. Мысалы: балалар – баллар, араластыр – арластыр, қарызға алма –қарыз алма, көмекей – көмей, тасып едің ­– тасып ең, келемін ­– келем.

7. Аферезис – элизияға қарама-қарсы құбылыс, яғни бунақта қатар келген екі дауыстының кейінгісінің түсуі. Бұл тілімізде сирек ұшырасады. Оның өзінде алдыңғы сөз бір буынды әрі ашық буынды болу керек. Мұндай сөздер өте санаулы: да, же, бұ, (л), о (л), не, шылаулар – да, де, та, те... Не істейсің? Не ішесің? Деген тіркестерді тез, жылдам айтқанда нестейсін? нешесің?- ге жуықтайды. Шылаулар: жазып та алды – жазыпталды, мыс па екен – мыспекен болып айтылады.


Дата добавления: 2016-01-06; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!