Азақ тілі дыбыстарының үндесім түрленімі жайлы



( Әлімхан ЖҮНІСБЕК «ҚАЗАҚ ФОНЕТИКАСЫ» Қазақ фонетикасының зерттелімі 251-254 бет)

Н.И. Ильминский «үндесім (үндестік) заңы» деген атпен оған арнайы тоқталған және үндесім заңдылығын бүкіл түркі тілдеріне тән құбылыс ретінде атайды: «Закон созвучия по которому и известном слове, сколько бы оно длинно ни были, все гласные и согласные должны быть либо толстые, либо тонкие, - закон общий всем языкам тюркского семейства, существует и в киргизском наречий». Бұл жерде сингармонизмнің түркі тілдерін топтаудың белгісі ретінде қабылданғанын көреміз. Үндесім құбылысын тілдік белгі ретінде алған ғалым қазақ тілін осы белгісіне сүйеніп түркі тілдерінің қатарына жатқызып отыр.

Қазақ тілі дыбымтарының құрамын анықтай келіп, дауыстыларды екі топқа жұптап берген, өйткені олардың айтылымы жоғарыда көрсетілген үндесім заңына сәйкес екіге жіктелетінін көрсетуге тырысқан: «Гласные – а, ә, е, ы, і, о, ө, ұ, ү. Согласные – п, б, м, у[w], т, д, н, ж, з, ш, с, р, л, й, қ, ғ, к, г, ң. Гласные расположены нами по-парно. Первую в каждой паре назовем толстою, вторую (и ә). Толстые, в отношении степени толстоты, сходны с русскими, тонкие же все равномерно чужды остроты русских гласных, напр. те киргизское – русскому тэ». Автор қолданған «жуан жіңішке» атауларының да сол кезде қалыптаса бастағанын көреміз. Ең бастысы, орыс тілінің ықпалымен «твердый/мягкий» атауларының тікелей аудармасын іздемей, «толстый/ тонкий» атауларын алғанын байқаймыз. Бұл атаулар қазақ тілінде орнығып, тұрақты және үйреншікті зерттеу құралына айналып отыр.

Ғалым еңбегінің аса бір құнды тұсы деп оның дауыссыздарға қатысты айтқан пікірін алуға болады. Н.И. Ильминский қазақ тілінде дауыссыздардың да жуан-жіңішке болып айтылатынын аңғарған: «Подобно гласным согласные бывают толстые и тонкие. Гортанные различаются в этом отношении так резко, что нельзя было бы не дать им особого начертания; прочие же согласные все и каждая могут быть толстою и тонкою смотря по гласной, напр. ат, ет. И так как это определяется системою звуков (ерекшелеген – біз), то мы и не отличили этой двоякости согласных никаким значком». Бұл жерде ғалым пікірінің екі жағын атауғаболады. Бірінші, дауыссыздардың жуан/жіңішкелігін дауысты дыбыстарға таңып отыр. Өйткені ол кезде сингармонизм құбылысын «гармония гласных» деп ұғынған. Сондықтан дауыстылардың ықпалын зерттеушілер басым деп бағалаған. Екіншіден, дауыссыздардың жуан/жіңішке белгісін тілдің ішкі жүйесінен тауып отыр. Бұл сол кездегі фонетикалық теория деңгейі үшін өте жоғары нәтиже деп қарау керек.

В.В. Радлов түркі тілдеріндегі сингармонизмнің артикуляциясын талдай келіп, оның негізгі артикуляциялық көрінісі ретінде өзіндік белгілерді ұсынады, олар: ауыз қуысының толық қалпы, яғни тістен тілдің алдына дейін. Ол туралы «В.В. Радлов, разделяя классическую для тюркских языков восьмерку гласных на две группы – лабиализованные и нелабиализованные, последние, на наш взгляд, вполне обоснованно назвал зубными гласными, так как по его описаниям при воспроизведении нелабиальных гласных именно зубы выступают в качестве передней границы рто-глоточного резонатора» деп жазады проф. К. Хұсайынов.

Жалпы түркологияда әбден қалыптасып қалған теория бойынша, сингармонизмді «гармония гласных» деп қарастыру осы еңбекте де толық орын алған. Мысалы, монография авторлары «Сингармонизм – организующее средство тюркского слова, средство его цельнооформленности, установления границы слова в тюркском речевом потоке. Определящим элементом в сингармоническом комплексе является гармония гласных, ибо слово состоит из слогов, а основную слогообраовательную функцию несут гласные, которые в сочетании с согласными образуют различные типы слогов в тюркских языках» деп жазады.

Проф. М. Жүсіпұлы «Тілдің дыбыс қорын сингармонизм фонологиясының бағытында зерттеу үшін, біріншіден, іщденушінің алдында тұрған мәселелерге функционалдық (динамикалық) көзқарасты қалыптастыру керек; екіншіден, қазақша сөйлеу процесінде дыбысталу дағдысының және қазақ артикуляциялық базасының (дыбыстау мүшелерінің) сингармонизм заңына нық бейімделгенін анықтау керек еді. Ал, бұлардың ұйтқысы – сингармонизм заңы екендігі, сондықтан ол сингармониялық және бейсингармониялық (акцентті-фонемалық) дыбыстау дағдылары мен артикуляциялық базаларды салыстырып зерттегенде айқын байқалады» деп, болашақ зерттеушілердің алдына күрделі мәселе қояды.

 


Дата добавления: 2016-01-06; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!