Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің мөлшерін түсіндіріңіз



Азаматтық –құқықтық жауапкершіліктің қасиеттері
Жауапкершлік барлық құқық қатынастарына тән нәрсе. Жалпы алғанда жауапкершілк дегеніміз, заңмен немесе шартпен қаралған ретте өзіне жүктелген міндетті бұзатын азаматтық құқықтық қатынасының субьектісіне қолданылатын мүлікті өндіріп алу немесе мүліктік салмақ салу болып табылады.
Жауапкершілкке тарту, азаматтық құқық бұзушылық жағдайында құықтық нормаларға санкцияны жүзеге асыруға түрткі болады. Ең алдымен, азаматтық – құқытық жауапкершілік мемлекеттік және шарттық тәртіпті нығайтудың да, осы мақсаттың алдын алудың да тәрбиелік маңызы айырықша. Азаматтық –құқық қатынасының субьектілері болып табылатын тараптар өздеріне жүктелген міндеттерді орындамауы қоғамдық қатынастарды бұзып, мүліктік шығынға және жеке тұлғалар мен бүкіл қоғамдық қолайсыз жағдайларға әкеп соқтыратынын білуі тиіс, әрі өзінің міндетін бұзбауға күш салуы керек. Осыған сәйкес
Азаматтық –құқықтық жауапкершіліктің өзіне тән қасиеттері:
- борышқордың міндеттемені бұзғанынан туындаған мүліктік шығындарды несие берушіге қайтару;
- борышқордың міндеттемені тиісті дәрежеде орындауын қадағалау;
- борышқордың міндеттемесін орындамағаны немесе тиісті дәрежеде орындамағаны үшін жазалау;
- белгілі бір дәрежеде несие берушінің міндеттемеге қатысуына түрткі болу;
- борышқордың тәртіпсіздік фактілерін басқа тұлғалардың көзінше айғақтау болып табылады.
Ықпалы әр түрлі деңгейде бола тұрса да, міндеттемелердің бәрінде жауапкершіліктің мұндай қасиеттері кездеседі.
Азаматтық – құқықтық жауапкершілік - Азаматтық құқықтың Жалпы бөлімінің институты болып табылад, себебі, жалпы ереже бойынша азаматтық – құқықтық қатынастардың барлық түрінде өзіне тән қасиеттері кездеседі.
Азаматтық –құқықтың жауапкершілік түсінігі – заң ғылымында даулы мәселе. Кейбір авторлар оң мағынадағы жауапкершілікті бөліп қарайды, яғни оны барлық міндеттердің бұлжымайтын, қатаң түрде жетілген бастамасымен жүзеге асырылуы деп біледі. Сонымен бірге міндеттемені тиісінше орындауда азаматтық –құқықтың жауапкершілік әрқилы ережелерге бағынады, демек оны борышқордың белгілі бір әрекетінің аясына сыйдыруға болмайды.
Заң жүзінде жауапкершілік әрқашанда мінез – құлыққа нақтылы баға береді, яғни сол құқық бұзушының мінез – құлқының салдарына мән береді. Сондықтан да оны ретроспективті жауапкершілік деп атайды.
Жауапкершілік дегенді мемлекеттік немесе қоғамдық мәжбүрлеу шарасын қолдану деп те түсіндіреді.

2. Азаматтық құқықтық жауапкершілік тудыратын жағдай оның негіздері
Азаматтық құқықтық жауапкершілік тудыратын жағдай оның негіздері болып есептеледі. Ондай негіздерге ең алдымен заңда немесе шартта көрсетілген құқықтарды бұзу жатады.
Алайда жауапкершіліктің аталған негіздерінің бірі пайда болған кезде оны белгілі бір тұлғаға қолдана қою әр кез мүмкін емес. Ол үшін азаматтық-құқытық бұзушылыққа сәйкес келетін жалпы, типтік болып табылатын белгілі бір жағдайларды айқындап алу қажет. Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің мұндай жалпы негіздеріне жататындар:
-тұлғаның құқыққа қайшы қылығы (іс-әрекеті, не әркетсіздігі)
- жәбірленген тұлғаның шеккен зияны немесе залалдың бар болуы,
-құқық бұзушының құқыққа қайшы іс-әрекеті мен оның келтірген зиянының салдары арасындағы болатын себепті байланыс;
- құқық бұзушының кінәсі;
Нақты тұлғаға азаматтық – құқықтық жауапкершілікті жүктеу үшін жалпы ереже бойынша қажетті келтірілген негіздер жиынтығы - азаматтық- құқық бұзушылықтың құрамы болып табылады. Көрсетілген негіздердің біреу болмай қалса, жауапкершілікке тарту мәселесі туындамайды. Енді азаматтық құқық бұзушылықтың құрамының әлгінде айтылған элементтерінің әрқайсысына тоқтала кетеміз.
Құқыққа қайшы тұлғалардың қылықтары – азаматтық – құқықтық жауапкершіліктің негізі. Құққықа қайшы тұлғаның қылығы дегеніміз заңға немесе шартқа сәйкес емес теріс іс -әрекет болып табылады. Ол құқықтық қатынасқа түскен екінші жақтың мүліктік немесе мүліктік емес игіліктер мен құқықтарын бұзуға әкеп соғады.
Тұлғаның құқыққа қайшы қылығы жауапкершілікке тартудың бірден бір шарты болса, оны жауапкершіліктің заңдық негізі деп атайды. Тұлғаның құқыққа қайшы қылығының жағдайы іс-әрекетте не әрекетсіздікте көрінуі мүмкін. Мінез-құлықтың саналы түрде болуы обьективті жағдай, құықтық қатынасқа қатысушылардың құқық бұзушылығы оған қармайды, сондықтан да қылмыстық құқықта ол қылмыс құрамының обьективті жағын құрайды.
Бұл арада мәселенің екі жағына тоқтала кеткен жөн.
Біріншіден, заңдарды білмеу құқық бұзушыны ештеңеден арашалай алмайды.
Екіншіден тәртіптің саналылықпен жүзеге асуы басқаға, яғни құқық бұзушылық құрамының субьективті жағына, кінәлілік мәселесіне қатысты.
Кінә - азаматтық – құқықтық жауапкершіліктің негізі.
Жалпы заң ілімі кінәні тұлға өзінің заң бұзу әрекетін жан – дүниесімен, демек психологиялық тұрғыдан сезнуі деп түсіндіреді. Заңда оны қылмысты істердегі кінә және азаматтық істердегі кінә деп екіге бөледі.
Азаматтық заңдарда кінә мүліктік немесе мүліктік емес өзндік міндеттемелерді орындамау және тиісті дәрежеде орындамау тұрғысынан көрінеді.
Азаматтық құқықта тұлға кінәсіз болса да жуапкершілікке тартылуы мүмкін. Кінәсіз жауаптылық тек заңда көрсетілген жағдайларда ғана зиян келтіруші бұл жөнінде кінәлі болмаса да жауап береді. Керсінше, есі ауысқан адам, 14 жасқа жетпеген бала кінәлі болса да келтірілген зиян үшін жауап бермейді. Азаматтық кодекстің 359 – бабы 1- тармағына сәйкес егер борышқор міндеттемені тиісті дәрежеде орындау үшін өзіне байланысты шаралардың қолданғанын дәлелдесе, ол кінәсіз деп танылады.
Азаматтық кодекстің 359- бабының 1- тармағының жалпы нормасы кәсіпкерлік саласына қолданылмайды. Азаматтық кодестің 2- тармағында кәсіпкерлер үшін диспозитивтік сипаттағы басқа жалпы ереже берілген: міндеттемені орындамаған немесе тиісті дәрежеде орындамаған тұлға басқа кінәсі болмаса да жауап береді.
Зиян – заңмен қорғалатын игілк атаулының кемуі. Егер зиян мүліктік сипат алатын болса, оны зала деп атайды.
Азаматтық кодекстің 9 бабында құқығы бұзылған адам, егер заң мен шартта аз мөлшердегі шығын қаралмаса, өзіне келген залалды толық қалпына келтіруді талап ете алатындығы бекітілген.
Залалдар мынадай екі түрге бөлінеді:
- құқығы бұзылған тұлға жасаған немесе жасауға тиісті шығыстар, оның мүлкінің жоғалуы немесе зақымдануы
- сол тұлғаның құқығы бұзылмаған болса, дағдылы айналым жағдайында болатын, бірақ алынбай қалған табыстары
Мысалы, тасымалдау шарты бойынша мүлік бүлінсе немесе зақымдалса, оны тасымалдаушы тек қана нақты нысан мөлшерінде шығынын төлейді.
Мүліктік емес зиянға тұлғаның дене кемтарлығы мен психикалық ауруына байланысты моральдық, адамгершілік зардап, іскерлік беделге келетін залал және тағы басқалар жатады.
Себепті байланыс - азаматтық -құқықтық жауапкершілктің негізі. Азаматтық құқықтық жауапкершілікті анықтау үшін құқққа қайшы іс-әрекет пен зиянның арасында себепті байланыстың болуы да заңды. Қандай да бір құқыққа қайшы іс- әрекет жасағандығы үшін жауапкершілк жүктеуден сол зиянның болуы, сол іс-әрекеттің кездейсоқ бола қалған ғана іс емес, сол іс-әрекетке байланысты дағдылы, қалыпты тетігімен туғандығын анықтауы шарт.
3. Жауапкершіліктің түрлерін оның негіздері, субьектілері, құқық бұзушыға қолданылатын шара мен оның сипаты
Жауапкершіліктің түрлерін оның негіздері, субьектілері, құқық бұзушыға қолданылатын шара мен оның сипаты бойынша айыруға болады.
Негіздері бойынша жауапкершілік шартты және шарттан тыс боп бөлінеді, яғни ол шарт арқылы немесе онсыз да жүзеге асады. Бірінші жағдайда әр жақтың өзара шартынан, сондай – ақ басқа әректтерінен туындайтын құқықтық қатынастарға байланысты көрінеді. Жақтардың мақсаты қоғамдық пайдалы нәтижелерге қол жеткізуі болып табылады., бірақ заң мен шарт олардың мүмкін болатын құқық бұзушылығына орай міндеттері мен жауапкершілктерін қарастырады. Сондықтан, мұндай қатынсатар бойынша жауапкершілік осы құқықтық қатынасқа қатысушылардың құқыққа сай келетін іс- әрекеттерін сол нормалармен реттейді.
Шарттан тыс қатынастар құқыққа қайшы келетін екі жақтың бірінің кездейсоқ әрекеттерімен сипатталады. Сол себепті, жуапкершілік қатынастары өзгелерінен бөлек реттеледі, заң шығарушы жәбірленушіге қарағанда құық бұзушыға барынша қатаң қарайтыны табиғи нәрсе.
Егер құық қатынасында жауапкершілік субьектілері бір нешеу болса, онда жауапкершілік үлестік немесе ортақтасқан сипатта немесе субсидиарлы болып есептеледі. Құқықтық қатынастың екі жағының да кінәсі болған жағдайда оны аралас кінә деп атайды. Егер бір жақта бірнеше адамның кінәсі бар болатын болса, оны бірлескен кінә деп атайды.
Міндеттемелерде тұлғалар көп болғанда, сондай- ақ міндеттемені орындау үшінші жақпен жүзеге асырылатын жағдайда, регрестік талаптар бойынша жуапкершілік туындайды.
Заң жауапкершілік шарасы бойынша залалдың толық өтелуін талап етеді. Кейбір міндеттемелерде жауапкершіліктің борышқорлардан белгілі бір затты жеке беру міндеті туралы түрі де кездесуі мүмкін. Мұндай шаралар негізінен алғанда, заңды немесе шартта әдейі көрсетілмей-ақ қолданыла береді. Жауапкершіліқтің басқа шаралары жалпы ережеге сай келеді әрі заңның немесе шарттың арнайы көрсетуімен жекелеген міндеттемелерде қолданылады (мысалы, есеп айырысу құқық қатынастарында кездеседі). Тағы бір шаралар бас міндеттемеге қосымша ретінде қарастырылады және міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету құралы ретінде көрініп, сонымен бір мезгілде жауапкершіліктің шарасы болып табылады.
Сипаты жағынан жауапкершілік заттай және ақшалай болып келеді.
4. Жауапкершіліктің мөлшері
Жауапкершіліктің мөлшері жауапкершіліктің түріне және басқа да жағдайларға байланысты әрқалай болады.
Заладың орнын толтыру кезінде өзгертілетін бағаның қандай деңгейде болу керектігі есепке алынуына байланысты ол мәселені шешуде маңызды орын алады. Егер заңдарда немесе шарттта өзгеше көзделмесе, міндеттеме орындауға тиісті жерде, залады анықтаған кезде борышқор несие берушінің талабын өз ықтиярымен қанағаттандырған күнгі бағаға жүгінеді. Ал егер талап ерікті түрде қанағаттандырылмаған жағдайда сол талап арыз берілген күнгі қолданылған баға назарға алынады.


Дата добавления: 2016-01-06; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!