Жыныстық қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасы мен жәбірленушіден жауап алудың тактикалық ерекшеліктерін түсіндіріңіз.



Зорлау дегеніміз – күш көрсету немесе ол күшті көрсетемін деп қорқыту, сондай – ақ дәрменсіз жағдайды пайдалану арқылы жәбірленуші және басқа да тұлғаларды жыныстық қатынасқа тарту. Зорлау кезіндегі қылмыстық қастандықтың тікелей затына нақты әйелдің жыныстық дербестігі жатады. Бұл жеоде жәбірленушінің дене мүшелеоіне, ар – ожданына, сондай – ақ кейде материалдық, яғни, мүлкіне зиян келтіріледі. Зорлау көбіне пәтерлерде жасалады.: зорлау орындары ретінде сонымен қатар шатыр, подвал, ал ауылдық жерлерде қора, шаруашылық қосымша құрылыстар, орман іштері жүреді. Аталмыш қылмыстық әрекет көбінесе кешқұрым немесе мейрам күндерінде іске асырылады. Зорлау кезінде материалдық іздер көп мөлшерде қаладағы – жәдірленушінің денесінде, киімінде, қылмыс жасалған жерде, сонымен қатар зорлаушының денесі мен киімінде. Егер зорлау елсіз жерде, қараңғы түскенде және қылмыскер күтпеген жерден шабуыл жасап жансыздандырған жағдайларда болса, ол қылмысты тергеп – ашу кезінде бірқатар қиындықтарға әкеп соқтырады. Қылмыскердің бұрын жәбірленуші адамммен аз да болса таныс болғагдығы тәжірибеде жиі кездеседі, бөтен адамдар тарапынан зорлау мақсатында әйелдерге шабуылдауы сирек көзге түседі. әдетте зорлаушылар бұзақылыққа бейім, мінез – құлықтарында арсыздық, шіміркпеушілік байқалатын және қоғамды сыйламайтын тұлғалар ретінде көрінеді. Жәбірленуші ретінде көбіне мінез – құлықтарындағы ұшқалақтық, бейбастық элементтері, жыныстық қатынақа бірден түседі деген ой туғызатын қыздар немесе әйелдер жүреді. өздерінің аңқаулығымен зорлаушылар құрбаны болатын тәжірибесіз жас қыздар – жәбірленушілердің басқа санатына жатады. Зорлау туралы істер бойынша анықтауға жататын жағдайлар:

1. Жыныстық қатынас дерегі орын алды ма, егер алса – қашан немесе қай жерде.

2. Жыныстық қатынас кезінде күш жұмсалып, зорлық көрсетілді ме, ол қандай нысанда іске асырылды.

3. Жәбірленуші кім, дене бітімі немесе психика жағынан ауру, сондай – ақ жасы кәмелетке толмаған емес пе.

4. Зорлауды жасаған тұлға кім, ол бұрында осындай қылмыс жасаған ба, өте қауіпті рецидивист қатарына жата ма, егер зорлау топпен жасал са - әрбір тұлғаның кінәсі мен өз арам ойын іске асыру деңгейі қандай.

5. Зорлаудан кемен зардап қандай, дәрежесі бойынша өте ауыр болып санала ма.

6. Зорлау нәтижесінде жәбірленушіге келтірімен материалдық зиян мөлшері қандай.

7. Қылмыстың жасалуына қандай жағдайлар себеп болды.

2. Ауырлататын жағдайлар болмаған кезде зорлау туралы қылмыстық істер тек жәбірленушінің арызы бойынша ғана қозғалады. Зорлау оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғау кезінде төмендегідей бірқатар мәселелерге назар аударған жөн. Біріншіден, жәбірленуші өзіне қатысты зорлау әрекеті орын алды деп қандай да бір тұлғаны қылмыстық жауапқа тарту жайлы арыз беріп, кейіннен қандай да бір себептермен өз ниеттерін өзгертуі мүмкін. Сондықтан зорлау туралы арыз алған кезде қозғалған қылмыстық іс жәбірленушінің ықыласына қарамастан кейіннен қысқартылмайтындығы жайлы шағым берушілерге ескертілуі тиіс. Екігшіден, жәбірленушілер кейде қылмыстың құрамы жоқ әрекеттерді зорлау деп санап қателеседі. Аталмыш тексеріс мақсатында – жәбірленуші берген арыөдағы зорлау оқиғасын дәлелдейтін деректерді жинау. Қылмыстық іс қозғауға негіздерді анықтаудың тағы бір қажеттілігі – зорлау туралы істер бойынша тәжірибедде біреуге жала жабу оқиғалары аз емес. Зорлау туралы істер бойынша тергеудің алдын - ала кезеңінде пайда болатын екі типтік ситуацияны ажыратуға болады:

1. Арыз беруші зорлаған адамды атап тұрғанда немесе сезіктіні айқындау қиын болмаған жағдайлар. Осындай жағдайда тән алғашқы тергеу әрекеттерінің шеңбері мен оларды іске асыру реті: жәбірленушіден жауап алу, оған қатысты куәландыру әрекетін өткізу, киімдерін қарау және алу, оқиға болған жерді қарау, жәбірленушіге қатысты сот – медициналық сараптаматағайындау; сезіктіәні ұстау, жеке басын тінту, куәландыру, киім – кешегін қарау, куәлардан дауап алу. Тергеудің алғашқы кезеңінде сезіктінің тұрғылықты жерінде де тінту әрекеті жүргізіледі.

2. қылмыс жәбірленушіге бейтаныс тұлғамен жасалып, оған іздеу салу кезінде бірқатар қиындықтар пац\йда ь\боллған жағдай. Аталмыш тергеу әрекеттерінің мақсаты – қылмыскерге іздеу салу үшін қажетті және зорлаған адам анықтала қойған жағдайда, оны әшкерлеуге көмек көрсететін мәліметтерді көбірек табу. Тергеу әрекеттерімен қатар жоғарыда аталған екінші жағдайға тән із кесуші ит көмегімен қолдану, бұрын зорлау үшін сотталған немесе осындай жағымсыз әрекеттер жасауға дайын тұратын, тұллғаларды зерттеу, іздеу барысында жәбірленуші көмегімен пайдалану, зорлау жасайды – ау деген жерлерге торуылдар құру, ішкі істер органдарындағы әйел қызметкерлер жәрдемін қылмыскерді анықтауда пайдалану, жұртшылық көмегіне сүйену тәрізді іздеу салудың белсенді әрекеттері жүргізіледі.

 


Дата добавления: 2016-01-06; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!