Күш колдану белгілері бар мэйіт табылған жағдайларда жұргізілетін алғашқы тергеу әрекеттерін атаңыз



Оқиға болган жерді тексеру. Адам өлтіру ісі бойынша оқиға болған жерді қараудың ерекшеліктері, қылмыстық ситуацияның ашылуымен және қылмыс жасалған жердің сипатымен қамтамасыз етіледі. Атыс қаруын қолдануға байланысты жасалған адам өлтіру ісі бойынша оқиға болган жерді қараудың уландыру және т.б. жолмен жасалған адам өлтіру қылмысын қараудан айырмашылығы ерекше. Бұған қарамастан, адам өлтіруге байланысты іс бойынша оқиға болған жерге қарау жүргізудің жалпы тақтикалық ұсыныстары бар.

Адам өлтіруге байланысты іс бойынша қараудың негізгі обьектісі - мәйіт және оның табылған жері, себебі көп жагдайларда оның табылган жері қылмыстың жасалған жері болып келеді. Мұндай қарау әрекетін жүргізуді тергеушінің өзі жетекші бола отырып құрған топ жедел-іздестіру қызметкерлері, маман-криминалист, сот-медицина саласының мамандары, яғни жедел-тергеу тобымен жүзеге асырылады.

Оқиға болған жердің және нақты бір қылмыс жағдайының ерекшеліктеріне байланысты топ құрамына басқа да мамандар кіргізілуі мүмкін.

Тергеуші оқиға болған жерге келген соң бұрынырақ келген полиция кызметкерлерінің алған мәліметтері негізінде қылмысты көзімен көрген тұлғалардан жауап алады және қоршаған жағдайды өзі қарай отырып - жедел-іздестіру шараларын жүргізуге нұсқаулар береді, қаралатын жердің шекарасы мен қылмыстық іздің негізгі шоғырланған жерін анықтайды, іске қатысушы-лардың өзара атқаратын міндеттерін белгілейді.

Мәйіт қаралады, қылмыстың ізі табылу мүмкіндігіне байланысты ол табылған жер мен оның территориясы қаралады. Мәйіт табылған жерден едэуір ара қашықтықтан іске қатысты іздер мен басқа да обьектілер табылған жағдайларда, оларды қарау өзінше жекеленген тергеу әрекетін құрайды (әрекеттерінен тұрады). Оқиға болған жерде мәйіт болған кезде қарау әрекеті тәртіп бойынша орталықтан сыртқа қарай бағыттала отырып жүргізіледі. Мәйіттік құбылыстардың өзгеріске ұшырамай тұрғанында оларды бекіту және тергеу ісіне қажетті басқа да мәселелерді анықтау үшін қарау әрекеті мәйіт жатқан жерден нақты айтқанда мәйітті қараудан басталады.

Мәйітті қарау барысында оның: жынысы, шамамен жасы, дене бітімі, бойы; оқиға болған жердегі жылжымайтын обьектіге қатысты мәйіттің орналасу жағдайы анықталады; мәйіттің орналасу жай-күйі, сондай-ақ басының және аяқ-қолдарының орналасу жағдайлары мен ерекше белгілері бекітіледі. Қарау кезінде мәйіт танылмаған жағдайларда ауызша суреттеу әдістемесі бойынша хаттамаға толық сипатгамаланып бекітіледі. Содан соң хаттамаға белгілі бір кезектілікпен мәйіттің денесі мен киімдері, олардан табылған заттар және оның жатқан территориясы сипатталып жазылады.Мәйітгің киімдерін қарау барысында, оның киімінің жай-күйіне, оның жыл-мезгіліне сәйкестігіне және жәбірленушінің дәл осы кездегі физикалық жағдайына аса назар аудару қажет. Киімінің қалталары мүкият тексеріледі және табылған заттар, сондай-ақ киімдерінде жыртық, зақымдар, қол дақтарының іздері, басқа да биологиялық іздер, балшық т.б. болса, олардың түрлері, өлшемі, формасы, нақты орналасқан жерлері толық көрсетіле отырып сипатталады.Мәйіттің денесін қарау кезінде одан табылған мәйітгік құбылыстардың көрінісі мен оның дәрежесі, дене жарақаттары (қан болса оның тоқтағандығы), олардың саны, өзара орналасуы, өлшемі, түр-түсі денесіндегі бөгде іздер мен басқа да бөлшектер нақты сипатталып керсетіле отырып хаттамаға бекітіледі.


Дата добавления: 2016-01-06; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!