Ылмыстардың криминалистикалық сипаттамасын атаңыз



Қылмыстарды тергеудің жекелеген әдістемесі олардың криминалистикалық сипатгамасымен тығыз байланысты. Көптеген ғылыми мақалаларда, ҚР-ның және жақын шетелдердегі қорғалған кандидаттық және докторлық диссертацияларда криминалистер аталған түсініктерге байланысты өздерінің пікірлерін дұрыс деп есептейді.

Алғаш рет "криминалистикалық сипаттама" түсінігі Ленинград мемлекеттік университетінің профессоры П.И. Люблинский 1927 жылы ұсынды. Ол криминалистикалық сипаттаманы криминалистикамен қатар, сот медицинасы, криминалдық психологиядан құралатын ілім ретінде қарастырды. Осылардың негізінде қандай да бір оқиғаның криминалистикалық сипаттамасы қалыптасуы қажет. Ол үшін П.И. Люблинский ''не, қайда, қашан, кім, кімнің көмегімен, неге, қандай әдіспен" деген классикалық рим формуласын қолданды. Осы кезден бастап, кеңестік криминалист ғалымдар тергеу тәжірибесін зерттей және жалпылай отырып, жекелеген қылмыс түрлеріне тән белгілермен, бірқатар заңцылықтарды анықтады.

1966 жылы В.А. Сергеев криминалистикалық өзгешеліктері бар қылмыстардың ерекшелігін криминалистикалық сипаттама деп атауды ұсынып, бр түсініктің күрделі құрылымға ие екендігін атап көрсетті.

1967 жылы А.Н. Колесниченко барлық қылмыстарға криминалистикалық маңызы бар жалпы белгілер тән екендігін айтты. Профессор С.П. Митричев қылмыстарды зерттеу кезінде криминалистикалық маңызы бар типтік белгілерге назар аудару қажет деп есептеді. Аталған зерттеулердің әрқайсысы
қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасының элементтерін өз тұрғысынан бөліп көрсетті.

1974 жылы Мәскеулік мемлекеттік университетінің заң фақультеті ұйымдастырған криминалистика кафедра меңгерушілерінің бүкілодақтық семинары болып өтті. Аталған семинарда барлық қатысушыларға жекеленген қылмыс түрлерінің криминалистикалық сипаттамасын оқып зерттеу, сондай-ақ оны тергеу әдістемесінің құрамдас бөлігі ретінде қарау және криминалистиканың оқу бағдарламасына енгізу ұсынылды. Қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасы - криминалистикадағы жеке теориялық ілім болып табылатындығын атап өткен жөн.

Барлық криминалистер криминалистикалық сипаттаманы қылмыстың ақпараттық үлгісі (моделі) және қылмыстардың белгілерінің жүйесі ретінде қарастырады. Мамандардың пікірлері бойынша, криминалистикалық сипатта-маның тәжірибелік маңызы - оның ғылыми негізделген нұскауларды жасауға, тергеушінің дұрыс бағытталған қызметін қалыптастыруға, тергеудің неғұрлым обьективті жолдарын, әдіс-тәсілдерін тавдауға, сондай-ақ жекелеген тергеу әрекетгерін жүргізудің тақтикасын анықтауға мүмкіндік беретіндігінде.

Криминалистикалық сипаттама түсінігінің күрделілігіне барлық криминалис­тер мойындады. Совдықтан, криминалистикалық сипаттама қандай элементтерден тұратындығына келетін болсақ, ол элеменггердің саны жөнінде бірыңғай ойлар қалыптаспаған. Криминалистикалық сипаттама түсінігі мазмұнының күрделілігін оңай дәлелдеуге болады, бірақ оның кұрамына қандай элементтерді енгізу туралы осы уақытқа дейін біртұгас көзқарас айтылмаған. Криминалистикалық сипаттама түсінігінің қалыптасуының алғашқы кезеңіне кейбір авторлар оның қатарына қылмыстың қылмыстық-құқыктық, процесуалдық сипаттамаларын енгізеді. Атап айтсақ, И.А. Возгрин криминалистикалық сипаттама осы екі сипаттамадан құралу қажеттігін ерекше атап көрсеткен. Дегенмен де, кейінірек ол өз көзқарасын өзгертіп, төмендегілерді криминалистикалық сипаттама элементтері қатарынан шығарып тастады:

1) бастапқы ақпараттың сипаттамасын;

2) қылмыстық қол сұғушылықтың пәні туралы мәліметтерді;

3) қылмысқа дайындалу, орындау, оның ізін жасыру әдістері мен олардың қылмыстық әрекеттерінің зардабы жөніндегі мәліметтерді;

4) қылмыскер мен жәбірленушінің тұлғалық ерекшеліктері туралы мәліметтерді;

5) қылмыстың неғұрлым кеңінен тараған ниет-себептері туралы жалпылама мәліметтерді.


Дата добавления: 2016-01-06; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!