Стау түсінігі және оның негіздері, ұстауға әзірлік және ұстаудың тактикалық әдістері анықтаңыз



Ұстау дегеніміз - қылмысты жасауы мүмкін деген сезікті адамды. оның кінәсі анықталып, айып жариялағанша тұтқынға алуға байланысты кідіртпей жұргізілетін, занда көрсетілген тергеу әрекеті.

Қылмыс үстінде немесе кейін қылмысқа тікелей қатысты қолга түскен, көзімен көргендер, оның ішінде жәбірленушілер, жаңагы адамды қылмыскер ретінде көрсеткен, сезік келтірген адамның денесінен не киімінен немесе оның тұрған үйінен жасалған қылмыстың іздері табылған жағдайда ол адам тұтқынға алынады.

Заң бойынша егер қылмыс жасады деуге негіз болатындай басқа да деректер кездескен, ол адам қашуға әрекет еткен немесе оның тұрақты мекені болмаган, сондай-ақ сезік келтірушінің аты-жөні анықталмаған жағдайда ғана ұсталуы тиіс. Сондай-ақ егер анықтау органдары жедел-іздестіру немесе қылмыстық іс жүргізу заңына сәйкес басқа да шараларды жүзеге асырғанда қылмыс жасаған адам анықталса оның ұсталуы мүмкін.

Мұндай жағдайларда қылмыс жасады деп сезік тудырған адамды ұстау үшін прокурордың рүқсаты талап етілмейді. Анықтау органы тек сезіктелушінің қандай негізде ұсталғанын көрсетіп хаттама жазуға және бұл жөнінде занда көрсетілген мерзім ішінде прокурорға хабарлауға міндетті.

Негізсіз ұстау зандылықты өрескел бұзғандық болып есептеледі. Сондыктан бұған мейлінше сақ болу керек. Егер қылмыстық іс тергеу үстінде болса, онда қылмыс жасағаны туралы сезік тудырған адамды ұстау мәселесін ең алдымен тергеуші шешеді.

Ұстаудың тактикалық әдістері криминалистика ғылымында тәжірибеге негізделіп жасалады. Тактикалық жағынан, сезік тудырушылар жеке-жеке және тобымен ұсталуы мүмкін.

Тобымен ұстау көп жағдайда қиынға түседі. Ұстаудың мұндай түрінде сезіктелуші және оның сыбайластары тобымен немесе жалпы қылмыстық іске қатысы жоқ, дегенмен, әр түрлі себептермен қылмыс жасалган жерде бірге болган бірнеше сезік тудырушылар бір мезгілде күзетке алынады. Сондықтан оларды тобымен емес жеке-жеке, яғни олар әр жерде бөлек жүрген кезде ұстау тактикалық жағынан тиімді. Бұл мақсатта алдын ала қажетті жедел-іздестіру шаралары жүргізілуі мүмкін.

Экономикалық контрабанданың криминалистикалық сипаттамасы мен түпнұсқалы ақпар беру, қылмыстық іс қозғауды анықтаңыз

Қазіргі кезде экономика саласындагы қылмыстар кеңінен тарап өсуде және біршама өзгеріп жаңа түрлері пайда болған. Мысалы, еніп тапсырғаннан мүлікті иеленіп кету немесе ысырап ету, экономикалық контрабанда, жалған кәсіпкерлік, заңсыз банк қызметімен айналасу және т.б..

Қылмыстык-құқықтық көзқараспен қарастыратын болсак экономика саласын­дагы қылмыстарға мыналар тэн: бұл қылмыстың объектісі болып экономикалық маңыздағы коғамдық қарым-қатынастар; экономикалық залалдың болуы және де оның ipi көлемде немесе aça ipi көлемде болуы; ендірісте жасалатын және айналадағы ортага негативті әсер ететін қылмыстардыг коспағанда барлық уакытта ниеттің қылмыстық істен орын алуы.

Экономика саласына байланысты жасалатын қылмысіардын криминалис-тикалық сипаттамасы төмендегідей ерекшеліктерден тұрады.Біріншіден, экономика саласында жасалатын қылмыстар - мүліктік қатынастарға багытталған нақты бір материалдағы (өндірістерге, зауыт, фабрика, рудниктер, теле-радио коммуникациялары, акциялар мен ақшалай қаражаттарына, валюталарға, сондай-ақ жер және жер койнауларына, мұнай мен газ өнімдеріне, астык және дайын өнімдерге) қол сұгушылық болып табылады;

Екінші ерекшелігі, экономика саласына байланысты белгілі бір жоғары білімі бар кез-келген экономикалық қылмыстарды жасаған субъектілер, бұл қылмыстарды көбінде осы салага байланысты бір лауазымды құзіреттілік берілген тұлғалар жасайды;Үшінші ерекшелігі, экономикалық қылмыстарды жасау жағдайларына байланысты. Бұл қылмыстар міндетті түрде нақты бір шаруашылық ортасында, атап айтқанда: өнеркэсіптік немесе ауылшаруашылық, сонымен қатар сауда орындарында, кәсіпорын немесе офис, банк, фирмаларда және т.б. жасалады. Бұл жерде міндетті түрде мынандай операциялар жүргізіледі - каржылық және материалдық есеп-шоттар, м^нда міндетті түрде мамандар, кызметкерлер және сол сияқты басқа да түлғалар болуы тиіс.


Дата добавления: 2016-01-06; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!