Мемлекеттік қызмет мүддесіне қарсы қылмыстар бойынша қылмыстық іс қозғау ерекшеліктері түсіндіріңіз.



 

Парақорлықтың криминалистикалық сипаттамасы және типтік ситуациялар, тергеу болжауы және алғашқы кезеңін түсіндіріңіз.

Парақорлық, мемлекетгің немесе қоғамның мүлкін жымқыру, қызмет бабын өз басына пайдалану сияқгы қылмысты жасағандар жеке ұсталады. Айталық, парақорлар пара алып жатқан жерінде, мемлекет және қоғам мүлкін талан-таражға салушылар жымқырған заттарын сол жымқырған жеріне алып шығарда, оны өткізу үстіңде тұтқындалады. Сезік келтіруші (айыпталушы) тұракты немесе уақытша жұмыс орнында кэсіпорын, мекеме басшыларының көмегімен ұсталады. Оларға ұстаудың себептері түсіндіріліп, әдістері белгіленеді. Ұсталатын адам оның барлық әрекеттеріне полиция қызметкері толық бақылау қойғаннан кейін шақырылады. Әйтпесе, кэсіпорын не мекеме басшысының шақыруы бойынша келудің орнына сезіктелуші (айыпталушы) тергеу орындарынан сытылып кетуге тырысуы мүмкін.

Сезіктелушіні (айыпталушыны) әсіресе қарулы қылмыскерді тұрғын үйлерде ұстау күрделі тергеу әрекеті болып табылады. Өйткені жедел топтың мүшелері үй ішіне қылмыскерге байқалмай кіруі керек. Көп жағдайда бұл қиындыққа түседі. Өйткені, қандай әрекетке болсын қылмыскер өте сақтықпен қарайды. Қауіп төнген сәтте ол ізін жасыруы немесе қажет деп тапса қарулы қарсылыққа эзірленіп үлгеруі мүмкін. Сондықтан басқа жерде ұстауға және уақытты бұдан әрі созуға болмайтын жағдайда ғана, оны өзінің немесе таныстарының үйінен ұстауға тура келеді. Мұндайда, үйге кірместен бұрын жедел топтың мүшелері үйдегі жалпы жағдай, ондағы сезік келтірушілердің жеке басы туралы барлык мәліметпен қайтара толық танысады. Бұл кезде үйде басқа да, оның ішінде қылмысқа қатысты адамдар да болуы мүмкін. Бұған қоса, сезік келтірушінің осы сәтте немен айналысып жатқанын (ұйқыда ма, арақ ішіп отыр ма, жәй демалып отыр ма, т.б.) да білу қажет.

 


Дата добавления: 2016-01-06; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!