Жауап алу, оның түсінігі мен міндеттері және жауап алу алдында жүргізілетін дайындық жұмыстарын атаңыз.



Жауап алу дегеніміз заңда көрсетілген тергеу және сот әрекеті. Ол арқылы жасалған кылмыстың мән-жайлары жөнінде керекті деректі мәліметтер алынып, олар қылмысты ашуға пайдаланылады. Іс жүргізу жағдайына байланысты жауап беретін адамнан жауап алудың бірнеше түрі бар. Атап айтканда: жәбірленушіден, сезікті адамнан, куәден, айыпкерден жауап алу деп, бр тергеу әрекеті төрт түрге бөлінеді. Кімнен жауап алынса да ол қылмыстык іс жүргізу заңында көрсетілген тәртіп бойынша жүргізілуі тиісті, Бірақ, іс бойынша негұрлым көп, маңызды мәліметтер жинап, осы тергеу әрекетінің сапасын арттыру үшін жауап алғанда, бұған тиімді, ыңгайлы тактикалык әдістер қолданылады. Бірақ ол қаншалықты тиімді болғанымен ол заңца көрсетілген тәртіпке қайшы келмеуі керек.

Жауап алғанда кылмысты оқиғаға қатысты мынандай мәліметтер: қылмыстың болған уақыты, оның орны, амал-әдісі, кылмысты кімдердің жасағаны, оған қанша адамның қатысқаны, істеген қылмыстың зардабы, залалы, сипаты мен мелшері және кылмысты оқиғаның басқа да мән-жайлары анықталады. Бұлар - занда көрсетілген, міндетті түрде дәлелдеуге тиісті жағдайлар, кылмысты оқиғаға тікелей қатысы бар деректі мәліметтер. Сондай-ақ, жауап алу арқылы тікелей кылмысты оқиғага қатысы жоқ, бірақ кылмысты ашуға керекті аралық мәліметтер де алынады. Айталық, қылмыскердің қайда жүргенін, оның мекен-жайын білу үшін қылмыскердің ең жақын адамдарынан да жауап алуға тура келеді. Жауап алудың мұндай аралық түрінің, кылмысты оқиғаға тікелей қатысы болмаса да, істі тез ашуда, кылмыскерді тауып ұстауда, істің кейбір мән-жайын анықтауда үлкен маңызы бар.

Жәбірленушінің, куәнің жауаптары істегі басқа деректерді нақтылап, тергеушінің, соттың оқиғаның мән-жайына толық қаныгып, тиісті шешім қабылдауына зор септігін тигізеді. Дегенмен, болған қылмыстың мән-жайын қьшмыскердің өзінен артық ешкім білмейді. Сондықтан қылмысты мойындап, өз қателігін дұрыс түсінген қылмыскерден аса маңызды мәліметтер алуға болады. Бірақ оны асыра бағалап, оған ерекше сенімділікпен қарауға болмайды. Өйткені, істегі деректердің дәлелдемелік күштері бірдей, бірінен-бірінің артықшылыгы жоқ. Сондықтан қылмыскердің қылмысын мойындап, берген жауабына да сын көзбен қарау керек. Тіпті, кей жагдайларда қылмыскердің жасаған ауыр кылмысын жасыру үшін, бір ұсақ қылмыстарын мойнына алып,тергеушіні осыған сендіріп, өзінің жасаған ауыр қылмыстарынан құтылып кетуге тырысуы мүмкін. Айып істегі барлық деректердің тұжырымды қорытындысына ғана негізделуі тиіс

Ауызша суреттеудің» әдістемесі, міндеттері және әдістері мен тергеу мен жедел-іздестіру тәжірибесінде «ауызша суреттеу» әдістемесін қолдануды түсіндіріңіз.

Криминалистикада «ауызша суреттеу» немесе «сөздік портрет» арқылы адамды іздестіру және тендестіру мақсатында арнайы терминологияны қолдана отырып, оның сыртқы белгілерін сипаттаудың ғылыми негізінің жүйесі ретінде анықталады. Мұнда анатомиялық белгілеріне, әсіресе бет-әлпетін сипаттауға ерекше көңіл бөлінеді.

«Ауызша суреттеу» - адамды белгілері бойынша тануға мүмкіндік береді, сыртқы бейнесін есте сақтауды жеңілдетеді, қысқа мерзім аралығында адам белгілерінің дұрыс сипатын құруға, сондай-ақ оның белгілерін фотокарточка арқылы сипаттауға, іздестіріп отырған түлғалардың бейнелерін компьютерлік көмегімен құрастыруға мүмкіндік береді. Бейнелеу кезінде арнайы терминдерді қолдану сипаттау белгілерін барлық адамдардың бірдей қабылдауын қамтамасыз етеді.

Жедел-іздестіру қызметкерлері мен тергеушілердің адамның сыртқы бейнесін сипаттау кезінде тұрмыстық сөздерді қолдануларына жол берілмейді, себебі ол әртүрлі түсіндірілуі мүмкін. Тергеуден бой тасалап жүрген адамды іздестіру көп жағдайда қылмысты көзімен көрген адамдардан жауап алу процесі кезінде, туысқандарынан, таныстарынан жауап алу кезінде анықталған белгілер бойынша, сонымен қатар, фотографиялық суреттерін немесе тіркеу құжаттарын зерттеу нәтижесінде алынған сыртқы белгілері бойынша ғана анықталуы мүмкін.

Кезімен көруші тұлға іздестіріліп отырған адамды сипаттау кезінде нақты емес, әрі түсініксіз жалпы түрмыстық терминдерді қолданады. Әртүрлі жағдайларға байланысты жауап алушылар белгілерді толық қабылдамауы мүмкін, мысалы: байқау уақытының аздығынан, жарықтың дұрыс болмауы салдарынан және т.б.. Адамды идентификациялау үшін маңызды белгілердің көбісі аса мән берілмегендіктен ескерілмеуі ықтимал. Жедел-іздестіру қызметкерлерінің немесе тергеушілердің міндеттері іздестірудегі түлғалардың сыртқы бейне белгілерін толық анықтау. Ол үшін сипаттау «Ауызша суреттеу» ережелері бойынша жүргізілуі керек және барлық ұсақ-түйектер толығымен ескерілуі тиіс. Белгілері бойынша іздестірудің нәтижелі аяқталуы сыртқы бейненің және киімнің белгілерін дұрыс және жылдам уақыт аралығында қолдануға байланысты (беттегі пластырь, қолдағы таңылулар, көптен бері қырынбаған бет және т.б.). Осы белгілер жылдам жойылып кететіндігін ескере отырып іздестіру жұмыстарын дер кезінде ұйымдастыру қажет.

Қылмыскердің сыртқы киімінің кейбір белгілері жайында белгілі бір қорытындыға келуге болады, кейбір жағдайларда оқиға болған жерді мудият қараудың тигізетін көмегі мол. Табылған аяқ іздері мен қадам алысына байланысты оның бойы, физикалық кемістігі, мысалы: аяғын ақсап, сылтып басуы анықталады.

Ылмыс болған жерден қашып кеткен айыпкерлерді, ұсталған және сотталган тұлғаларды, белгісіз қылмыскерлерді тіркеу және хабар-ошарсыз жоғалып кеткен адамдар және жеке басы аныкталынбаған мәйіттерді тіркеуді түсіндіріңіз.

Ұсталған, айыпталған және сотталған тұлғалар алфавиттік (фамилиясы бойынша) және дактилоскопиялық тіркеуге алынады, Ал қылмыс жасаған жерден қашып кеткен белгісіз қылмыскерлер - қылмысты жасау тәсілдеріне байланысты арнайы тіркеуге алынады.

Белгісіз қылмыскерлер, ауыр және аса ауыр қылмыстар категориясы бойынша сотталғандар сыртқы бейне белгілері бойынша тіркеуге алынады.

Алфавиттік тіркеу. Тіркеудің бұл түрі алфавиттік карточка көмегімен жүзеге асырылады. Компьютерге енгізілген мұндай карточкаларда келесідей тіркеме жасалған мәліметтер бекітіледі: фамилиясы, аты-жөні, туған жылы мен жері, ұлты, тү_рақты тұрғылықты мекен-жайы, соттылығының болуы; үкім шығарған сот; Қылмыстық кодекске байланысты бабы, сотталу уақыты, жазаның түрі; бұрынғы қылмыстық әрекеті (қашан, қандай органмен және Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің қандай бабы бойынша жауапершілікке тартылған), рақымшылық немесе кешірім жасауға байланысты үкімнің өзгеруі, жазаланған мерзімі мен орыны, сотталушының қайтыс болған күні, айы, жылы; іздестіруде жүрген тұлғаны жазадан босату негізі, қайыр тілеу мен босқындап жүруіне байланысты ұсталған тұлғалар; тіркеуге алудың зандық негізі жөніндегі мәліметтер. Карточкада тіркелетін түлғаның дактилоскопиялық формуласы көрсетіледі, оң қол сұқ саусағының таңбасы басылып алынады, олар алфавиттік және дактилоскопиялық карточканың өзара байланысын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар мүмкіндік болса тануға көрсету үшін карточкаға тіркелетін (тізімге алынатын) тұлғаның фотосуреті қоса тіркеледі.

Карточкалар - тіркелетін тұлғалардың фамилиясы ескеріле отырып алфавиттік рет бойынша картотекаларға енгізіледі.

Нақты карточка арқылы тұлғаның жеке басын: оның қандайда бір сезік тудыратындай немесе ол жөнінде мәлімет беретіндей, сондай-ақ айыпталушының, сотталушының бұрын соттылығының болуы немесе болмауы туралы мәліметтерді анықтау мақсатында тексерулер жүргізіледі.

Тексерілетін тұлғалар туралы алфавиттік карточкаларда бекітілген мәліметтердің дүрыстығына күмән келтіретін жағдайларда, карточка бойынша тексеру дактилоскопиялық тіркеу арқылы тексерулер жүргізумен толықтырылады.

Окиға болған жерді қарау алдында жүргізілетін дайындық жұмыстары мен оқиға болған жерді карау кезеңдері және тәсілдерін түсіндіріңіз.

Оқиға болған жердің толық, пәрменді және дұрыс қаралуы тергеушінің осы тергеу әрекетіне ұқыпты дайындалуына тікелей байланысты.

Тергеушінің дайындық жұмысы екі кезеңге бөлінеді. Бірінші кезең -тергеушінің оқиға болған жерге шықпай тұрып, окиға жөнінде хабар алысымен жүргізетін дайындық жұмыстары. Бұл бірінші кезеңде тергеуші мына төмендегі дайындық жұмыстарын атқарады:

1. өзі келгенше окиға болған жерді өзгеріссіз сақтап калу үшін белгілі бір лауазымды адамдарға, атап айтқанда, полиция қызметкерлеріне нұсқау береді;

2. оқиға болған жерді қарауға өзімен бірге қатынасатын лауазымды адамдарды (жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізетін), мамандарды нақтылап белгілеп, олардың окиға болган жерге кешікпей келуіне керекті шара колданады;

3. оқиға болған жерді қарағанда колданатын криминалистикалық құрал-саймандарды және басқа да керекті жабдықтарды дайындайды.

Тергеуші оқиға болған жерге өзі келгенше оны өзгеріссіз сақтап қалу жөнінде нүсқау берумен қатар полиция қызметкерлеріне кылмыстың басында болып, оны көрген адамдарды анықтау және басқа да жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізуге арнайы тапсырма береді.

Оқиға болған жерді қарайтын тергеу тобын құрганда тергеуші қарауга қандай мамандар қатынасуы керек екендігін алдын ала аныктайды. Егер оқиға болған жерде мәйіт бар болса, онда қарауға міндетті түрде сот-медициналық эксперт! не арнайы медициналық білімі бар адам қатыстырылуы керек. Іздерді және басқа да заттай дәледцемелерді іздеп табу, бекіту, алу және зерттеу үшін қарауға маман-криминалист қатыстырылады. Қаралатын объектілердің ерекшеліктеріне байланысты басқа да мамандардың қатысуы мүмкін.

Қарауға пайдаланылатын құрал-саймандарды дайындау үстінде тергеуші тергеу чемоданының ішіндегі жабдықтардың толық болуын, жарамдылығын тексереді. Осындай дайындық жұмыстарын бітіргеннен кейін тергеуші жедел оқиға болған жерге шығуы керек.

Оқиға болған жерге келісімен тергеуші мына темендегі дайындык жұмыстарын жүргізеді:

• жәбірленушінің хал-жағдайы анықталып, керек болса оган жедел медициналық жәрдем көрсетіледі;

• оқиға болған жердің шекарасын анықтайды;

«полиция кызметкерлерінің және баска да лауазымды адамдардын баяндауынан оқиға болған жерде кандай өзгерістер болғанын біліп, егер оқиға болған жерде өзгерістер болса, олардың қандай себептен болғанын аныктайды:

• қылмысты көзімен көрген куә адамдарды сұрау арқылы, оқиға жөнінде деректі мәліметтер алады;

• керекті жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізу жөнінде полицияға және жедел-іздестіру органдарының қызметкерлеріне нүсқау береді;

• қарауға қатынасатын куәгерлерді анықтап, оларды заңда көрсетілген құқұқықтары және міндеттерімен таныстырады, арнайы нұсқау береді;

• тергеу әрекетін қарауға қатысы жоқ бөтен адамдардың бұл жерден кетуі талап етеді;

• жедел-іздестіру органдарының кызметкерлеріне арнайы дайындығы бар, үйретілген итті пайдалану

• арқылы қылмыскердің ізіне түсіп. оны ұстауға нұсқау береді.

Жоғарыда көрсетілгем және де оқиғаның ерекшелігінен туындайтын баска да дайындык жұмыстарын бітіріп, тергеуші оқиға болган жерді қарауға кіріседі.

Мәйіттің жеке басын анықтау, жеке заттарды, бұйымдарды және басқа да бъектілерді тану үшін көрсету ерекшеліктері мен тұрғын үй, бөлмені не жер учаскесін тану үшін көрсету ерекшеліктерін түсіндіріңіз.

Мәйіттің кім екенін анықтап, сөйтіп өлген адамның аты-жөнін білу үшін, ол тануы мүмкін делінген адамға көрсетіледі. Мұндай тану үшін көрсетудің өзіндік ерекшелігі бар. Басқа объектілердей емес мәйіт жеке көрсетіледі. Оны көрсетер алдында арнайы сот-сараптама жүмысы жүргізіліп, мәйітті кісі көретіндей жағдайға келтіреді (оны " мәйітті әрлеу" дейді). Тануға мәйітханада жатқан мәйіттің беті және басқа да дене мүшелері, әсіресе, ине шаншып әлеміштеген белгілер (татуировка) денедегі тыртық, басқа ерекше белгілері көрсетіледі. Танушы өлген адамның туысканы, жолдасы, не басқа да таныс адамдары болуы мүмкін. Сондықтан мәйітті көріп, тану олардың көңіліне өте ауыр сезім туғызады. Осыған орай тану үшін көрсетер алдында сот сарапшысына мәйітті белгілі бір қалыпқа келтіруге ұсыныс жасалады. Тергеу тәжірибесінде кей жағдайларда, өздерінің хабар-ошарсыз кеткен туыстарын "біреу өлтіріп кетті ме" деп күдіктенген тұлғаларға аты-жөні белгісіз мәйіт көрсетіледі. Егер олар мәйітті танып, оның кім екенін айтса, тергеуші осы жөнінде хаттама жазып, осы адамнан жауап алады.

Мәйітті тану үшін көрсету тергеу әрекегі занды түрде жүргізілсе тергеуші танушыдан мәйітті қандай бет келбетінің, дене күрлысының ерекшеліктерінен танығандығы жөнінде анықтап сұрауы керек. Мәйіттің өзі ғана емес, оның жеке дене мүшелері де тану үшін көрсетілуі мүмкін. Мұндай жағдайда осы дене мүшесінің қандай ерекше белгілері бойынша танылғандығы анықталып, хаттамаға жазылады.

 

Тонау және қарақшылық қылмыстарының типтік ситуациялар, тергеу болжауы және алғашқы кезеңі және кейінгі жүргізілетін тергеу әрекеттерін корсетіңіз

Тонау - бұл бөтеннің мүлкін ашық түрде үрлау, яғни осы мүлікті иемденуші тулғалардың және басқа азаматтардың көзінше ұрлау. Мүлік иелері және басқа тұлғалардың қатысуын ұрлаушы түсінеді, бірақ саналы түрде ескермейді.Қарақшылық - Бұл бөтен мүлікті ұрлау мақсатында шабуыл жасауға ұшыраған адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті күш көрсетумен немесе осындай күш қолданамын деп қорқытумен ұштасқан шабуыл жасау. Тонау мен қарақшылық бір объектіге, яғни меншік иесінің мүліктік құқығына қол сұғады. Қарақшылық кезінде, сонымен қатар қол сұғу объектісі болып, иелігіндегі мүлікті иемдену мақсатымен шабуыл жасалатын түлғалар-дың өмірі және денсаулығы табылады.

Тонау да, қарақшылық та жай (қарапайым) және сараланған болып бөлінеді. Тонаудың жай формасында мүлікті ұрлауда күш қолданбайды. Ал сараланған түрінде күш көрсетумен немесе оны қолданамын деп қорқытумен кездесуі мүмкін. Алайда қарақшылықтан айырмашылыгы, Бұл күш керсету жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына қауіпті болып табылмайды.

Қарақшылықпен шабуыл жасау қылмыстарының ауырлататын жағдайларда жасалуы: адамдар тобының алдын ала сөз байласуы арқылы; қару немесе қару ретінде пайдаланатын заттарды қолданумен; тұрғын, қызметтік, өндірістік үй-жайға немесе қоймаға заңсыз кірумен жасалған қарақшылық; ұйымдасқан топпен; денсаулыққа ауыр зиян келтірумен абайсызда жәбірленушінің өліміне экеп соққан карақшылық. Сонымен қатар, қарақшылық аса қауіпті рецидивис-пен жасалған және қайталап жасалынған қарақшылық, мүлікті ipi мөлшерде ұрлау жатады.

Заңда аталған тонау мен қарақшылық белгілеріне талдау жасау осы қылмыстарды бір-бірінен ажыратып қарастыруға негіз ғана болмай, сонымен бірге тергеу барысында шешілетін мәселелер шеңберін анықтауға негіз болады. Ең алғаш шешілетін мәселеге - қылмыстың барлық болған жағдайларын анықтау жатады. Қарастырылып отырған қылмыстарға қатысты бұл ең алдымен қарау жүргізіліп жатқан себепке байланысты қандай оқиға орын алғанын (тонау немесе қарақшылық па, жай немесе сараланған түрі ме және т.с.с.), Бұл оқиға қандай нақты көрініс тапқанын анықтау керек.

Аталған мәселелерге сәйкес, алдын ала тергеудің алғашқы кезеңінде іздестіруге, бекітуге және алынуға жататын іздердің сипаты анықталады. Оларға мына іздер жатады: тонауды немесе қаракшылық шабуылын анықтайтын немесе жоққа шыгаратын іздер, сонымен бірге, оқиға болған жерді қарау кезінде инсценировкаланған қылмыстың ұйымдастырылғанын көрсететін іздер; қылмыскердің әрекет жасау тәсілін, ашық түрде мүлікті үрлаудың немесе қарақшылық шабуылдың мазмұнын сипатгайтын; қылмыстык іс-әрекет жасау кезінде күш қолданғаны немесе қолданамын деп қорқытуын сипаттайтын; тонау немесе қарақшылық шабуыл жәбірленушілерге қатысты жасалғанын сипаттайтын және жәбірленушінің тонау мен шабуыл кезінде жасаған іс-әрекеттерін сипаттайтын; тонаудың немесе қарақшылық шабуылдың мақсаты болып нақты не табылды, қандай заттар мен құндылықтар тоналды, олардың кейінгі тағдыры қандай екенін анықгауға мүмкіндік беретін; тонаудың немесе қаракшылық шабуылының қатысушыларын, сонымен қатар, өздерінің әрекеттерімен қылмыс жасауға мүмкіндік туғызған немесе оның ашылуына кедергі келтірген түлғаларды көрсететін; ұйымдасқан қылмыстық топты көрсететін: тұрақтылығын, қаруланғандығын, қылмыстық іс-әрекеттерді бірнеше рет жасағандығын және жауапкершілікке тартылатын қылмыскерлердің жазасын жеңілдететін немесе ауырлататын жағдайларды көрсететін іздер. Тонау немесе қарақшылық шабуылдың нақты орны мен уақытьт туралы қорытынды жасауға мүмкіндік беретін жағдайларды анықтау қажет. Мүлдай мәліметтер қылмысқа кінәлі айыпталушының жалған алибиін әшкерелеуге маңызды болып есептелінеді.Тонау мен қарақшылық шабуылдары қылмыстарын ашуға мүмкіндік туғызатын дәлелдемелермен қатар, осы қылмыстардың жасалуына әсер еткен себептер мен жағдайлар туралы қорытынды жасауға негіз болатын дәлелдемелерді және оларды болдырмау шараларын анықтау керек.


Дата добавления: 2016-01-06; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!