Криминалистиканын әдістерін түсіндіріңіз.



Криминалистика өзінің алдына қойған міндеттерін ғылыми жолмен зерттеген тәсілдерді қолдану арқылы шешеді. Криминалистикада жалпы ғылыми және жеке тәсілдермен қатар арнайы тәсілдер де қолданылады.

Әр қылмыстың криминалистикалық сипаттамасы, онда көрсетілген жеке қылмыстарға тән белгілер қылмыстарды тергеуге қажетті әдістемелік ұсыныстар жасауға пайдаланылады. Криминалистика өзінің міндеттерін объективті тұрғыда зерттейді, сондықтан басқа ғылымдардағыдай диалектикалық тәсілді криминалистиканың жалпы тәсілі деп санауға болады. Мұнымен қатар криминалистикалық объектілерді зерттеуде, басқа ғылым салаларында да жиі қолданатын жалпы ғылыми тәсілдер пайдаланылады. Мысалы: бақылау, бейнелеп суреттеу, салыстыру, өлшеу, эксперимент т.о. Бұл көрсетілген жалпы ғылыми тәсілдер криминалистикалық зерттеулерде, тергеу әрекеттерін жүргізгенде де қолданылады. Әр тәсілдің өзіне тән міндеті және ерекшелігі болғанымен олар өзара бірімен-бірі тығыз байланысты, бірін-бірі толықтырады.

Енді айтылған жалпы ғылыми тәсілдердің әрқайсысын сипаттай келіп. олар-дың криминалистикалық зерттеуде қолданылу ерекшеліктеріне тоқталайық.

Бұл жоғарыда аталған жалпы ғылыми тәсілдердің колданылу ерекшеліктері тексерілетін объектілердің түріне және зерттеуде қолданылатын техникалық құралдарға байланысты.

Бақылау тәсілі дегеніміз - бір нәрсені (не затты) арнайы кадағалап қарап, оны зерттеп, қабылдап түсіну.

Мақсатты және ұйымды түрде жеке заттарды тексере отырып, зерттеуші-криминалист осы заттың ерекшеліктерін, белгілерін қабылдап, олардың өзара байланысын табады. Мұндай бақылау нақты заттың, не болмаса басқа деректер мен мәліметтерді тексеру арқылы қабылданады.

Криминалистикада, көбінесе, бұрын өтіп кеткен қылмыс жайы тексеріледі. Сондықтан тексеруші (тергеуші) қылмыс жайын өзі бақылап қабылдамайды. Ол қылмыстың мән-жайын істегі деректер, қылмыстың болғанын көрген куәлердің жауабы арқылы танысып біледі. Кейде іздерді, деректі заттарды тікелей бақылау әдісі де қолданылады. Криминалистикада объектілерді бақылау мына төмендегі түрлерге бөлінеді:

1. заттай дәлелдемелерді, яғни қылмыс жасауға байланысты пайда болған іздер, жеке заттар, құжаттар, олардың үлгілерін, осы заттай дәлелдемелердің белгілерін, қасиеттерін;

2. жеке адамдарды, олардың түр сипатының белгілерін, мінез-құлқын, темпераментін;

3. адамдардың іс-әрекеттерін, оның ішінде қылмыскердің қылмыс жасау тәсілдері мен қылмыстың ізін жасыруға байланысты жасаған әрекеттерін;

4. жеке бір оқиғалар, құбылыстар және солардың себебінен із пайда болу процестерінің ерекшеліктерін бақылау.

Бақылау Криминалистикада жеке затты, не болған оқиға мен құбылысты зерттеп тауып, оларды қабылдап түсіну үшін жүргізіледі. Кейбір объектілерді жай қарап, бақылау арқылы қабылдауға болады және олардың түпнұсқасын сипаттайтын белгілерді бақылап қабылдау үшін қосымша техникалық құралдарды пайдалануға тура келеді. Осыған байланысты бақылау жай және күрделі бақылау деп екі түрге бөлінеді. Жай бақылауға зерттеуші объектіні ешқандай техникалық құралдар пайдаланбай бақылап зерттеп, өзіне тән ерекше белгілерін қабылдайды. Бірақ адамның көзі объектінің бар белгісін, оған тән қасиетін көре алмайды. Оларды көру үшін ерекше бір әдіс, техникалық құралдар керек. Көздің көру шегін кеңейту арқылы, жай көзге ілінбейтін, көрінбейтін заттардың белгісін қарап қабылдау, күрделі бақылау деп аталады.


Дата добавления: 2016-01-06; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!