Криминалистикалык идентификацияның түсінігін атаңыз.



«Идентификация» термині - латын тілінен шыққан сөз, оны тікелей аударатын болсақ «теңдестіру», яғни «тепе-тендікті анықтау» немесе «тепе-тең ету, сәйкестендіру» деген мағынаны білдіреді.

«Идентификация» термині төмендегідей бірқатар түсінік талдауларын жасауда қолданылады:

• идентификация - адамның ойлау қабілетінің зандылығын ашуға мүмкіндіктер беретін ғылыми категория ретінде;

• идентификация - танымның әдіс-тәсілі мен құралы ретінде;

• идентификация- теңдестіру арқылы тану процесінің белгісі ретінде қарастырылады.

«Идентификация» термині - көзделген мақсаты мен шешетін мәселелеріне байланысты пайдаланылады және белгілі бір ойларды жинақтайды.

Идентификация ұғымы логика, таным теориясы (философияға), психология және басқа да негізгі ғылымдарға сүйенеді.

Таным теориясының (философия) көмегі арқылы адамның танымдық қызметіне ғылыми негізде талдаулар жасалады. Әлемдегі барлық материалды объектілер өзіне-өзі ғана тең. Әрбір объект өзіндік қасиетіне байланысты, өзі тектес басқа объектілерден ерекшеленеді. Объектілердің көптеген сәйкес келу белгі санына қарамастан материалды дүниедегі әрбір объект жекеленген болып табылады. Бұл жекеліктер адамдарға объектіні тануға, оны өзінің арасындағы басқа өзі тектес заттардан ажыратып тану немесе сәйкестендіру процесін жүзеге асыруға мүмкіндіктер береді.

Танылатын объектінің өзіндік қасиеті мен мақсат, міндеттеріне байланысты материалдық дүние объектілерін тану процесіндегі теңестіру әртүрлі жолдармен жүзеге асырылуы мүмкін. Теңдестіру актілері қарапайым, яғни күнделікті тұрмыс-тіршілікте, сондай-ақ ғылыми зерттеулер шеңберінде шешілетіндей күрделі болуы мүмкін. Мысалы: тендестірудің тұрмыстық актілерінде кішкентай бала өзінің ата-анасын, киімдерін, ойыншықтарын таниды; суретші өзінің салған суретін оңай ажыратады; ұста өзі жасаған детальдарды тез табады және т.б. Ал күрделі актілерде: химик-аналитик - химиялық заттарды, оның табиғатын, сондай-ақ геолог - минералдың, физик -физикалық процестердің табиғатын анықтайды.


Дата добавления: 2016-01-06; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!