Валюта бағамын реттеу құралдары



 

Қазіргі заманда валюта бағамын белгілеуде бір-біріне қарама-қарсы екі эдіс бар:

- валютаның еркін айналымдағы бағамы;

- тағайындалатын валюта бағамы.

Валютаның еркін айналымдағы бағамы кезінде бағам үсыныс пен сүраныстың эсерінен қалыптасады.

Валютаның еркін айналымдағы бағамына көптеген факторлар эсер етеді. Олар:

- түтынушы талғамының өзгеруі. Басқа елдің тауарларына леген тұтынушының талғамы, көзқарасы ол елдің валютасына қатты әсер етеді. Мысалы, американдық машиналардың беделі артса, онда түтынушылар оны алуға тырысып, долларға қосымша сұраныс тудырады. Немесе Қазақстанға Ресейден демалушылар көп келсе, онда рубль үсынысы көбейіп, арзандайды.

- табыстың салыстырмалы азаюы. Бір елдің үлттық табысы басқа елдердің үлттық табысына қараганда өсімі салыстырмалы жоғарғы болған жағдайда, ол елдің валюта бағамы төмендейді. Себебі елдің импорты табыс деңгейіне қатысты болады.

- бағаның салыстырмалы өзгеруі. Егер Қазақстанда баға өссе, ал Ресейде қалыпты болса, онда қазақстандықтар ресейліктердің салыстырмалы арзан тауарларын түлынуға тырысып, рубльге қосымша сұраныс тудырады. Ал ресейліктердің керісінше, біздің тауарларды түтынуға деген ынтасы азайып, рубль ұсынысын кемітеді. Бүл екі жағдай бірігіп, теңгені қүнсыздандырады.

- салыстырмалы нақты пайыздық қойылымының өзгеруі. Мүндай жағдайды ойластырайық. Қазақстанда инфляцияны тежеу мақсатында «қымбат ақша» саясаты жүргізілді. Нэтижесінде инфляцияны есептей отырып алынған нақты пайыздық қойылым мөлшері басқа елдерге қарағанда жоғарғы болды. Соның арқасында Қазақстан инвестициялауға өте тиімлі елге айналды, ал ол инвесторларды теңгені алуға итермелейді.

- алыпсатарлық. Қазақстан экономикасында:

1 Ресей экономикасына қарағанда жылдам өсу қарқыны болады деген жорамал бар;

2 Басқа елдерге қарағанда инфляция жоғары болады деген қаупі бар;

3 Төмен қойылымның пайыздық мөлшері күтілуде.

Ондай жағдайда теңгесі бар тұлғалар қолындағы теңгені басқа, қалыпты валютаға айырбастауға ұмтылады. Ал ол осы валютаға сүранысты жоғрлатып, оны теңгеге қарағанда қымбаттады.

Еркін айналымдағы валюта бағамының кемшіліктері:

- белгісіздік және сауданың нашарлауы. Белгісіздік жэне қауіп сауда жүргізгуде қиыншылықтарды туғызады. Мысалы, қазақстандық кэсіпкер АҚШ-тан 90 мың долларга машина алуға шартқа отырды. Ол есептегенде долларды 79 теңгемен санады, ал елдегі жағдайға байланысты төлем уақыты келген кезде доллар 150 теңге болды. Сонда кэсіпкер екі есе көп ақша төлейтін болады.

- сауда жағдайы. Елдің экономикасы халықаралық нарық валютасының бағамы төмендеген жағдайда нашарлайды. Валюта бағамына тэуелді болады.

- түрақсыздық. Ішкі экономикаға жағымсыз эсер етеді. Тағайындалатын валюта бағамы эдісі жоғарғыда қарастырылған әдіске

қарама-қарсы эдіспен жасалынады. Оның қолданылуы мемлекеттің валюта бағамын түрақтандырып отыру қажеттілігінің туындауымен қиындатылады. Мысалы, жоғарыдағы жағдайда валюта жетіспеушілгі автоматты түрде жойылады, ал тағайындау жағдайында тапшылықты мемлекет жою керек. Оны жою жалпы келесі әдістермен жасалады:

- резервті қолдану. Бүл валюта бағамын түрақтандырудың ең бір жеңіл тэсілі. Ол нарыққа мемлекеттің өзінің валюта қорымен эсер ету механизмі. Ал валюта қоры қалай жиналады? Мысалы, қарастырып отырған еліміз алдыңғы жылы оң сальдолы болып, біраз валютаны иемденіп қалды, Ол қор мемлекеттің иелігінде алтын ретінде сақталып, бағам ауытқулары байқалған кезде қолданылады. Бұл тэсілдің тиімсіз жағы, егерде теріс сальдо ұзақ уақыт байқалатын болса, онда мемлекеттің валюта қоры таусылып, бүл саясаттан бас тартуға мэжбүр болады.

- сауда саясаты. Ол мемлекеттің бағамды бір қалыпта үстау мақсатындағы импортты, яғни шетел валютасына деген сүранысты, шектеу, керісінше экспортты ынталандыру саясаты. Импортты квота, қосымша салық салу арқылы шектеуге болады. Ол жеңіл де, бірақ бүл қолдан жасалған щектеулер экономиканың дамуына кедергілер жасайды.

- валюлық бақылау, оңтайландыру. Тағы бір балама валюталық бақылау. Оның мэні келесіде, мемлекет өзінің шетке тауар шығарушылығына шетел валютасын тапсыруға міндеттейді.

- ішкі макроэкономикалық реттеулер. Салық және ақша саясаттарын жүргізу көмегімен шетел валютасына деген сұранысты азайтады.

Сонымен қатар, мемлекет валюта бағамын реттеу мақсатында қолдаулық немесе протекционистік шаралар қолданады. Бұл шараларға валюталық шектулер, валюта девальвациясы жэне ревальвациясы.

Валюталық шектеулер - бүл мемлекеттің валютамен немесе басқа валюталық қүндылықтармен операцияларды жүзеге асыруын заңды түрде шектеу немесе тыйым салуы.

Девальвация - ұлттық валютаның шетелдік валюталарға қатынасындағы айырбастау бағамын төмендету.

Ревальвация - ұлттық валютаның шетелдік валюталарға қатынасындағы айырбастау бағамын өсуі.

 

Қолданылған көздердің тізімі:

 

1. Ғабдулин Т.Ғ. Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп / Өңделіп және толықтырылып 3-ші басылым. - Алматы: Қазақстан – аудит орталығы, 2002. - 656б.

2. Есенғалиева К.С., Тілеужанова М.Ә. Экономика: Оқу құралы / К.С.Есенғалиева, М.Ә.Тілеужанова - бас. - Алматы: Жеті жарғы, 2003. - 240 б.

3. Заң газеті, 10 наурыз, Алматы, 1999 ж. - 4 б.

4. К.Маркс. Капитал / Алматы, 1968 ж. - 564 б.

5. Тұраров Н. С. Ақша-несие саясаты // Саясат. – 2006, №7.

6. Тактамысова Д. А. Экономическая теория: ответы на вопросы студенту. – М.: Экзамен, 2006 ж. – 58 б.

7. Хамитов Н. Н. «Банк ісі» «Экономика», Алматы – 2006 ж. – 49-55 б.

8. Шамрай И. Н. Ақша, несие, банктер: Оқу құралы / И. Н. Шамрай,

 


Дата добавления: 2015-12-17; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!