Валюта бағамы және оған әсер ететін факторлар



Кіріспе

Валюта саясаты мәселесі, ұлттық валютаның айырбас бағамын қалыптастыру және әлемдік валюта нарығында оның тұрақты жұмыс істеу проблемалары тәрізді валюталық қатынастарға Қазақстандағы нарық реформаларының байланыстылығы оның ерекшелігі болып саналады.

Валюталық бағамның өзгеру перспективасы бойынша мәселеге ғалымдар және көптеген сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар арасында қызу пікірталастар ұдайы жалғасуда. Осы көзқарастан валюталық саясат және ұлттық валютаның айырбас бағамын тұрақтандару мәселесін зерттеудің өте өзекті екені айқын. Бұл тұрғыдан осы мәселенің тиімділігін зерттеу және оның мүмкіндігінше тұрақты экономикалық өсуі стратегиясын жүзеге асыруды қамтамасыз ету қажеттілігі туындайды.

 

 

Валюта бағамы және оған әсер ететін факторлар

 

Валюта - бұл тауар жэне эрбір тауардың бағасы болады.Влюта тауарының бағасы - валюта бағамы. Валюта бағамы белгілі бір елдің ақша бійлігін қандай да бір басқа елдің ақша бірлігімен салыстырғанда онын қжа;ылығы. Валюта бағамының негізгі рөлі:

1 Халықаралық операциялар жүргізген кезде белгілі бір ақша бірліктерін баскшварға айырбасталу кажеттілігімен;

2 Халықаралык тауар нарығындағы бағалардың салыстыруымен, сонымен қатар әр түрлі елдердің көрсеткіштерімен;

Фирмалардың,банктердің, үкіметтердің есеп шотының шетелдік валютаға кезеңдік қайта бағалауымен байланысты.

Валюта бағамына келесі факторлар әсер етеді:

- валюта нарығындағы сүраным жэне ұсыным;

- елдің төлеу қабілеттілігі;

- төлем балансының сальдосы;

- инфляция.

Бұлардың ішіндегі маңыздылары:

- инфляция екпіні;

- пайыздық қойылымның өзгеруі;

- елдің төлем балансы;

- ұлттық табыс;

- жағдаятты факторлар.

Инфляция екпіні және валюта бағамы. Басқа шарттар тең жағдайында инфляция деңгейі ұлттық валютаның бағамының көлеміне кері пропорционалды эсер етеді.Басқаша айтқанда инфляция деңгейінің өсуі ұлттык валюта бағамының төмендеуіне, ал инфляция деңгейінің азаюы керіснше үлттық валюта бағамының жоғарлауына экеліп соқтырады.

Пайыздық қойылымның өзгеруі жэне валюта бағамы. Пайыздык қойылымның өзгеруі валюта бағамына екі түрлі эсер етеді. Бір жағынан олардың номиналды өсуі ел ішіндегі ұлттық валютаға деген сүранымнын азаюына экеледі. Себебі кәсіпкерлерге несие алу қымбатқа айналады.Ал несие алған жағдайда, кәсіпкер өз өнімінің өзіндік қүнын көбейтеді жэне ол өз кезегінде ел ішіндегі тауарлар бағасының өсуіне экеледі. Бұл ұлттық валютаны шетелдік валютаға деген қатынасында салыстырмалы түрде құнсыздандырады.

Екінші жағынан, басқа шарттар тең жағдайында, белгілі бір елдегі пайыздық қойылымның өсуі шетелдіктерге осы елде өз капиталын үстауь^өте табысты болады. Екі түрлі пайызды үтыс тігулердің өзгертуі валюталык бағытқа әсер етеді.

Сондықтан пайыздык қойылымның өзгеруі валюта бағамына тікелей жэне кері пропорционлды эсер етеді. Елдің төлем балансы жэне валюта бағамы. Елдің төлем балансы валюта бағамына тікелей эсер етеді. Оң немесе активті төлем баланс үлттық валюта бағамының өсуіне мүмкіндік жасайды. Себебі шетелдік дебиторлар тарапынан оған деген сұраныс көбейе түседі. Ал теріс немесе пассивті төлем баланс керісінше үлттық валюта бағамының төмендеуін туындатады.Төлем балансының валюта бағамына эсерінің көлемі елдің экономикасының ашықтылығының дэрежесімен анықталады. Неғұрлым ЖҰӨ-де экспорт үлесі жоғары (неғүрлым экономиканың ашықтылығы жоғары), соғүрлым төлем балансының өзгеруіне байланысты валюта бағамының икемділігі жоғары.

Ұлттық табыс жэне валюта бағамы. ¥лттық табыс өзі-өзінен өзгеретін тэуелсіз құрылым емес. Алайда үлттық табыстың өзгеруіне эсер ететін факторлар, сонымен қатар валюта бағамына да эсер етеді. Демек тауарлар үсынылымының өсуі валюта бағамын жоғарлатады, ал ішкі сүранымның өсуі валюта бағамын төмендетеді. Үзақ мерзімді кезеңде үлттық табыс неғүрлым жоғарғы болса, соғүрлым елдің валютасының құны жоғарғы болады. Қысқа мерзімде бүл үрдіс кері жүреді.

Жағдаятты факторлар және валюта бағамы. Жағдаятты факторлар қысқа мерзім уақыт кезеңінде үлттық валюта бағамынын көлемін едәуір өзгерте алады. Демек экономиканың дамуының перспективасы қатынасындағы күтулер, бюджеттік жэне ішкі саудалық дефициттердің өзгеруі валюта бағамына тікелей әсер етеді.

 


Дата добавления: 2015-12-17; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!