НАРЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ОТАНДЫҚ ФАРМАЦИЯНЫҢ ДАМУЫ



Қазақстан экономикасының барлық тармақтарында жүргізілген жұмыстар нәтижесінде дәрілік заттардың өндірілуі мен таратылу жүйесін басқару өзгерді.

1995 жылға дейін тұрғындарды және денсаулық сақтау орындарының дәрімен қамтамасыз етілуі мемлекетпен басқарылатын және қарапайым, бірақ тиімді құрылым болатын. Жұмыстың негізгі принципі келесі шарттарды орындауда: мемлекет бөлген дәрілік заттарды республикаға тарату, олардың дәріханаларда бағаларының бірқалыпты болуы. Бұл көп өзгерістерге ұшырады – дәрілермен қамтамасыз етудің орталықтанған жүйесі сұраныстар мен ұсыныстарға негізделген жеке меншік фармацевтиканың нарықтық жүйесіне ауыстырылды.

Мемлекеттің дәріхана мекемелерінің нарықтық формаға ауысуы әдістемелік және ереже-құқықтық негіздерінің шарттарынсыз іске асты. «Фармация» мемлекеттік мекемелерінің демонополизациясы нәтижесінде нарықтық экономикада жаңадан құрылған иелік етуші субъектілер пайда болды. Олар 1997 жылға дейін, яғни денсаулық сақтау орындары мен тұрғындарды дәрілермен қамтамассыз ету бағдарламасы мемлекет меншігінде болатын. Жаңа түзілген иеліктердің 95,7% мемлекттік емес меншік формасын құрды. 1995 – 1998 жыдары медикаменттердің сақталуы мен пайдаланылуы республикада 20 – дан 2400- ге дейін өсті.

Барлық экономикалық қатынастарда сонымен қатар фармацевтикада міндетті екі жақтың қатынасымен тығыз байланысты: сатушы және сатып алушы, өндіруші және тұтынушы. Бірақ фармацевтика сферасында сонымен бірге үшінші делдал бар, яғни ол фармацевтикалық өнімдердің жеткізілуі мен сатылуына жауап беретіндер (олар бірнеше болуы мүмкін). Бұл үш тізбек өз ара ең маңызды мәселені шешу керек - жеткізілетін медикаменттердің тиімді есебін өз ара келісу. Отандық фармацевтика саласында делдалдардың көп мөлшерде пайда болуы Қазақстанға тән теріс жақтармен көрінеді. Ол бір дәрілік заттың тек әр түрлі аудандарда ғана емес бір қала ішінде ең төменгі және ең жоғарғы бағасының өте үлкен айырмашылығынан байқалды.

Бұл кезде бағалардың айырмашылығы делдалдардың санына пропорционал. Өйткені олардың әр қайсысы өз табысын есептейді. Дәрілердің бағасының айырмашылығы он есе және одан да жоғары болуы мүмкін. Сондықтан дәрілердің бағасының мәселері ең маңызды мәселелердің бірі, себебі көптеген дәрі-дәрмектерге, бағасы қымбаттығынан, тұрғындардың қолы жетпейді.

Кейде аурухана бас дәрігерлері мемлекеттік бюджет бөлген қаражат есебінен дәрілерді жеке меншік фирмалардан екі – он есе жоғары бағамен сатып алады. Дәрігерлердің дәрілік заттардың сатылуына қатысуын мүлдем тоқтату керек, барлық мемлекттерде бұл жазылмаған заң қатарына жатады. Дәрігер мен провизордың ара қатынасын түзету арқылы науқас адам сапалы препараттар мен жақсы ем қабылдай алады.

Дәріханаларды дәрілермен қамтамассыз ету дұрыс басқарылма-ғандықтан, барлық аудандарда медикаменттердің азаюына, рецептурасыз және сапасы төмен дәрілерге сұраныс өте жоғарлап кетуіне алып келді. Сонымен қатар бұл мәселе қатаң конкуренция принципіне негізделген.

Тауар өндіруші дәріханалардың 99% жеке меншікте. Медикаменттердің көтерме өндірмесі мен 2400 компания айналысады. Көтерме мекемелердің негізгі бөшегі мемлекеттік емес меншікке жатады: 84 - кіші кәсіп орын субъектілеріне, 8% - ашық акционерлік қоғам үлесіне (барлық сауда көлемінің 10%), мемлекеттік және біріккен мекемелердің үлесіне қалған 8% (барлық сауда көлемінің 10%) келеді. Көптеген ұйымдар ірі тасмалдаушылар болып табылады. Оларда бүкіл Қазақстан территориясына дәрі тасымалдауға болатын Республикалық лицензиясы бар. Олардың көбісі Алматыда орналасқан.

Дәрілік қамтамассыз етуді қаржыландыруда негізгі шарттар және бұл процесті басқару - тек үкіметтің ғана сұрағы емес. Мұнда дәріханалық мекемелердегі жұмысшылардың жұмысының схемасы мен стилін өзгерту және де емдеу мекемелерінің дәрігерлерінің де, сонымен бірге тұрғындардың өз денсаулықтарына көз қарасын өзгерту өте маңызды.

Бұл кезде дәріханалық жүйелердің реттелуі мемлекет қолына көшеді. Өйткені өндірілетін дәрілік заттардың 30 – 40% мемлекет және міндетті медициналық сақтандыру қорлары қаржыландырады. Сондықтан мемлекет бюджеттік шығындарды өзі қадағалап отыруы керек. Реттелу механизімі ретінде әлеуметтік және ауыр созылмалы аурулармен ауыратын науқастарға мемлекеттік емдік бағдарламалар ұйымдастыруға болады.

Соңғы жылдарда фармацияның белсенді дамуы үшін мемлекетте тәуелсіздік жылдарында не істелгенін еске түсіру керек.

Тәуелсіздік алғаннан кейін республиканың фармация мәселелеріне арналған ереже құқықтық құжаттың Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетінде 05.08.1992 жылдан бастап № 657 «Нарықтық қатынастарға өту жағдайында денсаулық сақтауды шыңдаудың жедел шаралары» Қаулысы қабылданды. Бұл Қаулының негізінде Денсаулық сақтау министрлігінде дәрілік зат сапасын бақылау Басқармасы құрылды. Бұл Қаулымен «Фармация» холдингі құрылды. Сондықтан қазіргі Қазақстан Республикасының фармацевтикалық экономикасы 1992 жылдан бастап құрыла бастады деген негіз бар.

 


Дата добавления: 2016-01-05; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!