І петрдіҢ реформалары кезіндегі Ресейдегі фармация



 

XVIII ғасырдың басы Ресейде, І Пётрдің жаңа өзгерістерімен сипатталады. Оның билігінің тұсында күшті әскер құрылды, мемлекеттік аппарат қайта құрылды, ақша жүйесі жаңартылды, теңіз флоты құрылды. І Пётрдің өзгертулері елдің мемлекеттік, экономикалық және мәдени өмірімен қоса, медицина мен фармациялық ғылым мен тәжірибеге де қатысты болды.

Медицина саласындағы негізгі реформаларға госпитальдардың, емшілер мен дәріханашыларды дайындайтын госпиталдық мектептердің ашылуын атауға болады.

Дәріханалық іс-шаралар бұл кезде ерекше орын алды. І Петрдің ұлы жарлығымен 1700 жылы әскери және теңіз госпитальдарында әскери дәріханалар ашылды.

1706 жылы І Петр Мәскеуде хирургиялық училище мен анатомиялық театры бар «әскери госпитальді» ашты. Онымен қатар, орыс армиясындағы бірінші тұрақты госпиталь дәріханасы жұмысын бастады. Русьте бірінші 1581 жылы Кремльде ашылған ескі және Ильинкадағы жаңа қонақ ауласындағы (1673) жаңа дәріханалардың ашылуынан медициналық мемлекеттік қызмет құрылымын бастады.

Зелейный, москательный және көкөністі лавкалар дәріхананың бір бейнесі болды. Олардың иесін «лавка отырушылары» немесе «зелейниктер» деп атаған. Олар емдік шөптерді сатып, әр түрлі емдік өсімдіктердің емдік қасиетін зерттеумен айналысқан.

1581 жылыМәскеуде дипломы бар бірінші дәріханашы пайда болды. Бұл, Иван Грозныйдың өтініші бойынша келген медиктер тобының мүшесі, қолында ағылшын патшайымы Елизаветаның нұсқаулық хаты бар, Джеймс Френчем болды. Чудов шіркеуіне қарсы, Кремльдегі бірінші дәріхананы ашқан да сол болды.

 


Дата добавления: 2016-01-05; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!