Аралық бақылау кестесі мен тақырыптар



Аралық бақылау № Өткізу мерзімдері (апта) Аралық бақылау тақырыптары мен сұрақтары
№1 аралық бақылау   Тақырыбы: Криминологияның түсінігі, пәні, жүйесі және міндеттері. Криминологияның түсінігі. Криминологияның пәні. Криминологияның құрылымы. Криминологияның міндеттері. Міндеттері: криминологияның түсінігін, пәнін, жүйесін талдау. Криминология әдістемесін игеру.
Тақырыбы: Криминологияның қалыптасуы және дамуы. Криминологияның даму бағыттары. Криминологияның қалыптасу үрдістері. Қылмыстық құқықтың классикалық мектебінің криминологиялық идеялары. Криминологиядағы позитивизм. Әлеуметтік бей-берекеттік теориясы. Дифференциациялық байланыс теориясы. Психологиялық көзқарастар. Қауіпті жай-күй теориясы. Қазіргі заманғы шетелдік криминология. Кеңестік криминология. Қазақстандағы қазіргі заман криминологиясы. Криминологиялық мекемелер. Криминологияның болашағы. Міндеттері: Криминологияның туындау және дамуының негізгі кезеңдерін, криминологиядағы басты бағыттардың негізін қалаушыларын білу. Криминологияның дамуының негізгі кезеңдеріне сипаттама бере алу. Қазіргі заманғы криминологиялық теорияларды және ондағы мәселелерді білу.
Тақырыбы: Қылмыстылық және оны зерттеу. Қылмыстылық көрсеткіштері мен криминологиялық зерттеулердің әдістері. Қылмыстылық түсінігі. Қылмыстылық көрсеткіштері. Латентті қылмыстылық. Қылмыстылық зардаптары. Криминологиялық зерттеулердің міндеттері мен объектісі. Криминологиядағы негізгі таным тәсілдері. Криминологиялық зерттеулердің әдістемесі. Міндеттері: қылмыстылық түсінігі, белгілері мен сипаттамасын білу. Криминологиялық зерттеулердің әдістемесін игеру.
Тақырыбы: Қылмыскер тұлғасы. Қылмыскер тұлғасы түсінігі. Қылмыскерлерді топтастыру. Қылмыстық мінез-құлық детерминациясындағы тұлға ролі. Міндеттері: Қылмыскер тұлғасы түсінігі мен түрлерін білу. Қылмыскер типтерінің әрқайсысына сипаттама беру алу, оның болашақтағы мінез-құлқына болжау жасай алу. Қылмыстық мінез-құлық детерминациясындағы тұлға ролін анықтай алу.
Тақырыбы: Қылмыстық мінез-құлық механизмі. Нақты қылмыстық құқық бұзушылық себептері. Қылмыстылық себептері мен шарттары. Қылмыстық құқық бұзушылық кезеңдерін анықтаудың түсінігі мен маңызы. Қылмыстық мінез-құлық механизмі: түсінігі, кезеңдері. Қылмыстылық себептерінің түсінігі. Қылмыстық мінез-құлықтың детерминациялық концепциясы. Қылмыстылық себептерінің кейбір концепциялары. Қазіргі қоғамдағы қылмыстылық себептері. Қылмыстылықтың кешенді себептеріндегі тұлға ролі. Қылмыстылыққа ықпал ететін факторлар. Міндеттері: Қылмыстылық себептері түсінігін, оның концепцияларын білу. Қылмыстылық себептерін топтастыра алу. Қылмыстылықтың кешенді себептеріндегі тұлға ролінің маңызын көрсете алу.
Тақырыбы: Қылмыстылықтың виктимологиялық қырлары. Виктимділіктің алдын алудың шетелдік тәжірибесін зерттеу. Қылмыс құрбаны түсінігі. Виктимділік және виктимизация. Қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы жәбірленушінің ролі. Виктимологиялық типология. Қылмыстылықтың виктимологиялық алдын алу. Міндеттері: Қылмыс құрбандарының түсінігі мен типтерін білу, виктимділік ұғымын және түрлерін игеру, қылмыс жасаудағы құрбан ролін анықтай алу. Виктимділіктің алдын алудың шетелдік тәжірибесі туралы мәліметтерді игеру.
Тақырыбы: Криминологиялық болжау және қылмыстылықпен күресуді жоспарлау. Қылмыстылықты болжау және жоспарлау түсінігі. Болжау түрлері. Болжау тәсілдері. Міндеттері: Криминология функциялары ретінде болжау түсінігін және түрлерін білу. Болжау мен қылмыстылықпен күресуді жоспарлаудың арақатынасын талдай алу.
Тақырыбы: Дүние жүзіндегі қылмыстылықтың алдын алудың криминологиялық теориясының жалпы сипаттамасы. Қылмыстылықтың алдын алудың түсінігі. Қылмыстылықтың алдын алу жүйесі. Алдын алу түрлері. Қылмыстылықтың алдын алудағы прокуратура, тергеу органдарының ролі. Міндеттері: қылмыстылықтың алдын алудың түсінігі, мақсаттары, міндеттерін, деңгейлерін білу, қоғамға қайшы мінез-құлықтың түрлі кезеңдеріндегі алдын алу қызметінің ерекшеліктерін талдау, мақсаттары, деңгейі, ауқымы, бағыты бойынша алдын алу түрлерін және олардың маңызы мен мазмұнын білу.
№2 аралық бақылау.       Тақырыбы: Жеке адамға қарсы және зорлық-зомбылық қылмыстылығының криминологиялық сипаттамасы және олардың алдын алу мәселелері. Зорлық-зомбылық қылмыстылығының криминологиялық сипаттамасы. Зорлық-зомбылық қылмыстылығына ықпал ететін себептер мен шарттар. Зорлық-зомбылық қылмыстылығының алдын алу шаралары. Міндеттері: Зорлық-зомбылық қылмыстылығының жалпы сипаттамасын білу, зорлық-зомбылық қылмысытарын жасайтын тұлғалар мен бұзақылардың криминологиялық сипаттамасын, олардың адами-психологиялық және әлеуметтік-демографиялық ерекшеліктерін бере алу. Зорлық-зомбылық қылмыстылығының себептері мен шарттарын көре білу.
Тақырыбы: Кәмелетке толмағандар мен жастар қылмыстылығының криминологиялық сипаттамасы. Кәмелетке толмағандар қылмыстылығының криминологиялық сипаттамасы. Кәмелетке толмағандар қылмыстылығына ықпал ететін себептер мен шарттар және олардың алдын алу шаралары. Міндеттері: Кәмелетке толмағандар мен жастар қылмыстылығының жалпы криминологиялық сипаттамасын, оның әлеуметтік-құқықтық маңызы мен жеке қылмыстылық ретінде жіктеу негіздерін білу. Кәмелетке толмағандардың қылмыстылығының жай-күйі, деңгейі, құрылымы мен динамикасы туралы мәліметтерді игеру. Кәмелетке толмағандар қылмыстылығына ықпал ететін себептер мен шарттарды, олардың алдын алудың негізгі бағыттарын білу.
Тақырыбы: Қайталанған қылмыстылықтың криминологиялық сипаттамасы және оның алдын алу шаралары. Қайталанған қылмыстылық және оның түрлері. Қайталанған қылмыстылыққа ықпал етуші факторлар, криминологиялық сипаттамасы. Қылмыстарды қайталаушылардың тұлғасы. Қайталанған қылмыстылықтың алдын алу. Міндеттері: Қайталанған қылмыстылықтың криминологиялық сипаттамасын бере алу, қайталанған қылмыстылықтың жай-күйі, деңгейі, құрылымы мен динамикасы. Қайталанған қылмыстылыққа жол берген тұлғалардың криминологиялық ерекшеліктерін, қайталанған қылмыстылықпен халықаралық деңгейде күресудің негізгі бағыттары.
Тақырыбы: Ұйымдасқан, кәсіби, террористік, экстремистік қылмыстылықтың криминологиялық сипаттамасы. Ұйымдасқан, кәсіби қылмыстылықтың түсінігі және оның сипаттамасы. Ұйымдасқан қылмыстылықпен күресу ерекшеліктері. Қазіргі заманғы кәсіби қылмыстылық. Кәсіби қылмыстылықтың себептері. Террористік қылмыстылықтың ерекшеліктері. Ұйымдасқан, кәсіби, террористік, экстремистік қылмыстылықтың алдын алу. Міндеттері: Ұйымдасқан, кәсіби, террористік, экстремистік қылмыстылықтың криминологиялық сипаттамасын жүргізе алу. Террористердің, ұйымдасқан топ құрамында қылмыс жасаған тұлғалардың криминологиялық сипаттамасындағы ерекшеліктерді білу. Дүниежүзілік деңгейде ұйымдасқан, кәсіби, террористік, экстремистік қылмыстылықпен күресудің және алдын алудың шараларын игеру (алдын алу бағыттары, ұйымдасқан қылмыстылық және терроризммен күресуді үйлестіру).
Тақырыбы: Әйелдер қылмыстылығының криминологиялық сипаттамасы. Қазақстандағы әйелдер қылмыстылығын зерттеу кезеңдері жәнеоларды талдау. Әйелдер қылмыстылығының жалпы криминологиялық сипаттамасы. Әйелдер қылмыстылығының себепті-факторлық кешені және оның алдын алудың негізгі бағыттары. Міндеттері: Әйелдер қылмыстылығының ерекшеліктерін білу, оның көрсеткіштерін игеру: деңгейі, көлемі, динамикасы. Әйелдер қылмыстылығымен күресудің негізгі бағыттарын талдау.
Тақырыбы: Пайдакүнемдік қылмыстылықтың криминологиялық сипаттамасы. Пайдакүнемдік қылмыстылықтың жалпы сипаттамасы. Пайдакүнем қылмыскердің типологиясы. Пайдакүнемдік қылмыстылықтың детерминациясы мен себептерінің ерекшеліктері. Пайдакүнемдік қылмыстылықтың алдын алу. Міндеттері: Пайдакүнемдік қылмыстылықтың түсінігін, белгілерін, түрлері мен оларды жасау тәсілдерін білу. Пайдакүнемдік қылмыстылығының жай-күйін талдау. Пайдакүнем қылмыскердің криминологиялық сипаттамасын бере алу. Пайдакүнемдік қылмыстылықтың себептері мен шарттарын айқындай алу.
    Тақырыбы: Абайсыздық қылмыстылығының түсінігі мен әлеуметтік-құқықтық сипаттамасы. Экономикалық қызмет саласындағықылмыстылықтың және сыбайлас жемқорлықтың криминологиялық сипаттамасы. Абайсыздық қылмыстылығының жалпы сипаттамасы, оның түрлері. Абайсыздық қылмыстылығының себептері мен шарттары. Абайсыздық қылмыстылығындағы ниет пен мақсат. Абайсыздық қылмыстылығының алдын алу. Сыбайлас жемқорлық қылмыстылығының түсінігі мен криминологиялық сипаттамасы. Сыбайлас жемқорлықтың детерминациясы мен себептілігінің ерекшеліктері. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шараларының ерекшеліктері. Міндеттері: Абайсыздық қылмыстылығының, экономикалық қызмет саласындағы қылмыстылықтың негізгі көрсеткіштері, олардың алдын алудың шаралары туралы ақпараттарды талдай алу. Аталған қылмыстылық түрлеріне криминологиялық сипаттама бере алу.
    Әскери қылмыстылық пен бас бостандығынан айыру орындарындағы қылмыстылықтың криминологиялық сипаттамасы. Әскери қылмыстылыққа ықпал ететін негізгі себептер мен шарттар. Әскери қылмыстылықтың алдын алу. Жазасын өтеп жүрген тұлғалар арасындағы қылмыстылыққа ықпал етуші себептер мен шарттар. Бас бостандығынан айыру орындарындағы қылмыстылықтың алдын алу шаралары. Міндеттері: Әскери қылмыстылық пен бас бостандығынан айыру орындарындағы қылмыстылық түсінігі мен көрсеткіштерін білу, криминологиялық сипаттамасын жүргізе алу. Аталған қылмыстылық түрлерімен күресудің алдын алу шараларын игеру.

* СОӨЖ бекітілген кесте бойынша жүргізіледі.

 

 


Дата добавления: 2016-01-05; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!