Кейс. Қылмыскер тұлғасы



Қылмыстық құқық бұзушылық оқиғасымен танысыңыздар. Оған виктимологиялық талдау жүргізіңіздер:

- жәбірленуші өзінің виктимділігін арттырған қандай да бір әрекеттер жасады ма?

- осы оқиғада қандай виктимологиялық шаралар тиімді болатын еді?

Кешкі уақытта есіктің қоңырауы соғылады. Пәтер иесі О.Мәкенов есіктің «көзінен» қарағанда, полиция қызметкерін көреді. Полисмен өзінің куәлігін көрсетіп, «Мен сіздің жаңа учаскелік инспектормын» - деп таныстырады. О.Мәкенов есікті ашады. Ары қарай не болғаны оның есінде жоқ. Есін жиған уақытта аяқ-қолы байланған күйі еденде жатқанын көреді. Пәтердегі барлық құнды заттар жоғалған болып шығады.

 

 

Кейс. Қылмыскер тұлғасы

Қылмыстық құқық бұзушылық оқиғасымен танысыңыздар. Оған виктимологиялық талдау жүргізіңіздер:

- жәбірленуші өзінің виктимділігін арттырған қандай да бір әрекеттер жасады ма?

- осы оқиғада қандай виктимологиялық шаралар тиімді болатын еді?

Жанар мектептен шығып үйіне келеді. «Бұл қалай? Үйдің есігі ашық тұр. Анам жұмысқа кетерде есікті жабуды ұмытып кеткен шығар. Бірақ, үйдің іші неліктен шашылып жатыр?». Үйге кірген Жанар бөтен адамды көреді. Қорыққанынан көзі бақырайып, орнынан қозғала алмайды. Көмекке шақыруға үні шықпайды. Үйдің ішіндегі бөтен адам Жанардың аяқ-қолын байлап, үйден шығып кетеді.

Осы оқиғадан кейін Жанар бірнеше ай бойы жүйке емдеу клиникасында емделіп шықты.

 


Дата добавления: 2016-01-05; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!