Кейс. Қылмыскер тұлғасы



1 және 2 оқиғада сипатталған қылмыстық мінез-құлық мазмұнымен танысыңыздар. Қылмыскердің жеке тұлғасын талдаңыздар. Оның жасаған қылмыстық әрекеттерінің негізінде қандай криминогенді белгілер орын алған:

1 оқиға. Д.Қарпықов ұзақ өмір сүрді. Өз өмірінде көптеген теріс қылықтарға барған. Алдымен ұрлықпен айналысты. Қартайған шағында ұрлықпен айналысу қиындай түсті де, ол ұрланған заттарды сатып алып, қайта сатумен айналысты. Өмір сүрген 70 жылында Д.Қарпықов көп нәрсені көрді. Бірақ, бұл өмірден әділеттілікті көре алмады. Адамның адал еңбегімен байлыққа ие болып, бақытқа қол жеткізгенін көре алмады. «Адал еңбекпен патша сарайын сала алмайсың» - деген сөзді жиі қайталайтын.

2 оқиға. Ж.Сәрсенбаев қалта ұрлығымен айналысатын. Ол ұрлықпен күн көру жолына кездейсоқ түсті. Бір күні Ж.Сәрсенбаев автобуста келе жатып, бір еркектің шалбарының артқы қалтасынан әмияны түсіп қалайын деп тұрғанын көреді. Ж.Сәрсенбаев әмиянды ақырын ғана алып, оны иесіне қайтарып, ақшаға ұқыпты болу керек екендігін айтпақшы болады. Бірақ, ақшаның иесі мұны байқамайды, ал Ж.Сәрсенбаев іркіле берді. Әмиянда ақша лық толы еді. Ол ақшаға Ж.Сәрсенбаев өзіне көптеген киім-кешектер алады.

Екінші рет қалтаға ұрлыққа түсерде аздап қорықты, дегенмен өткен жолы түскен ақшаның буы бәрін ұмыттырды. Уақыт өте келе Ж.Сәрсенбаев сенімдірек қимылдай бастады – ол бірнеше рет ұрлық жасады, бәрі ешқандай оқыс оқиғасыз өтті. Осылай оңай олжаға дәніккен Ж.Сәрсенбаев ісін жалғастыра берді. Өзі жұмыс жасайтын зауытта еңбекақыны жиі кешіктіретін, қолда нақ ақша мүлдем болмайтын. Ал қазір өзіне көлік сатып алды. «Қазіргі уақытта аз ақша табу ұят болып саналады. Әркім шамасына қарай тірлік жасайды – өзінің «бизнесін» жолға қояды». Өзінің осы өмірі өзіне ұнайды, қалтаға түсу мұның делебесін қоздыратын. Басқа өмірді қаламайды.

 

 


Дата добавления: 2016-01-05; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!