Тапсырма. Қылмыскер тұлғасын зерттеу.



Төменде көрсетілген сипаттамаларды мұқият зерттеңіздер.

1) қылмыскер тұлғасын сипаттайтын белгілер түгел қамтылған ба (тұлғаның құрылымы, әлеуметтік ролі мен мәртебесі, эмоционалды, интеллектуалды, еріктілік қасиеттері, адами-психологиялық сипаттамасы)?

2) 1 және 2 мысалда көрсетілген қылмыскер типін анықтаңыздар және өз көзқарастарыңызды дәлелдеңіздер.

1 мысал. А.Сиқымбаев, 46 жаста, үйленбеген, білімі - 9 сынып, еңбекке қабілетті, бірақ мамандығы жоқ, еңбек өтілі – жоқ. Бұрын 4 рет - 2 рет ұрлығы үшін, 1 рет – бас бостандығынана айыру мекемесінен қашқаны үшін сотталған.

18 жыл бас бостандығынан айыру орындарында болған, 2 жыл бостандықта ж.рген. Алғашқы қылмысы үшін 8 жылға бас бостандығынан айыруға сотталған, кейін – 7 жыл мерзім алған. Ұрлығы үшін сотталып, жазасын өтеп жүргенде мекемеден қашады, нәтижесінде қашып жүрген 4 ай ішінде 12 ұрлық жасайды.

2 мысал. М.Есентаев, 47 жаста, білімі – 4 сынып, жүргізуші болып жұмыс жасаған, жол ережесін бұзғаны үшін куәлігінен айырылған. Бұрын үйленген, 20 бұрын ажырасып кеткен. Отбасының қайда екені туралы мәліметтері жоқ. Басқа туыстары жоқ. 5 рет сотты болған, оның ішінде 4 рет ұрлығы үшін сотталған. Алғашқы ұрлығын 26 жасында жасаған: досы екеуі шаруа қожалығынан бидай ұрлап сатып отырған. Кейінірек тағы 2 рет ұрлық үшін, 1 рет бұзақылығы үшін сотталған. Жазасын өтеп келегн соң да жұмысқа орналаспаған. Қайыршылықпен күнін көрген, кездейсоқ табыстар тауып отырған, шөлмектер жинап, өткізіп нәпақасын айырған. Тұрғылықты мекен-жайы жоқ. Соз ауруын жұқтырған. Маскүнем. Соңғы қылмысы – көліктен бір жәшік алма шырынын ұрлаған. Бірақ, бас бостандығынан айыру мерзімдері бір де бір рет 3 жылдан аспаған.

 


Дата добавления: 2016-01-05; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!