Оқу курсын зерттеу жоспары



 

№ п/п Тақырыбы Сағат саны Сабақ нысаны Сабақ сұрақтары Бақылау шаралары СӨЖ (тапсыру мерзімі, тапсырма)
  Криминологияның түсінігі, пәні, міндеті және жүйесі.   1 апта 1,5   Оқытушының презентациясы – 40 минут; Дискуссия – 35 минут. 1. Криминология ғылым ретінде (түсінігі, әлеуметтік және құқықтық сипаттамасы). 2. Криминологияның пәні және жүйесі. 3. Криминологияның басқа құқық салаларымен байланысы. 4. Криминологияның міндеттері мен функциялары, теориялық-қолданбалы ғылым ретіндегі маңызы.       №1 кейсті шешу/ №1 жазбаша жұмысты тексеру
  Криминологиялық зерттеу әдістері.   1 апта.   1,5   Оқытушының презентациясы – 40 минут; Дискуссия – 35 минут. 1. Әдістеме түсінігі. 2. Криминологиялық әдістерді деңгейі бойынша топтастыру. 3. Криминологиялық әдістердің сипаттамасы.  
  Криминологияның қалыптасуы және дамуы. Криминологияның даму бағыттары.   2 апта.   1,5   Оқытушының презентациясы – 40 минут; Дискуссия – 35 минут. 1. Криминологиялық ойлардың туындауы. Криминологияның ғылым ретіндегі қалыптасуы. Криминологиядағы биологиялық және әлеуметтік теориялар. 2. Криминология ғылымының жалпы сипаттамасы, негізгі бағыттары және қазіргі уақыттағы жай-күйі (позитивизм, әлеуметтік бей-берекет теориясы, психологиялық көзқарастар, қауіпті жай-күй теориясы). 3. Кеңес дәуіріндегі криминология. Криминологиялық мекемелер. 4. Қазіргі уақыттағы криминологиялық теориялар мен мәселелер, Қазақстандағы криминологиялық зерттеулердің жай-күйі.    
  Қылмыстылық және оны зерттеу. Қылмыстылық көрсеткіштері.   2 – 3 апталар     Оқытушының презентациясы – 40 минут; Дискуссия – 35 минут. 1. Әлеуметтік құбылыс ретіндегі қылмыстылық түсінігі. Қылмыстылықтың жалпы сипаттамасы (қылмыстық құқық бұзушылықтар мен қылмыстылықтың өзара байланысы, қылмыстылық белгілері). 2. Қылмыстылықтың сандық және сапалық көрсеткіштері (тар және кең мағынадағы қылмыстылықтың жай-күйі). Қылмыстылық динамикасы, динамикалық қатарлар. Қылмыстылық құрылымы, құрылымдық көрсеткіштер, қылмыстылыққа ықпал етуші әлеуметтік және құқықтық факторлар. 3. Латентті қылмыстылық. Қылмыстылық зардаптары.   №2 кейсті шешу / №2 жазбаша жұмысты тексеру
  Қылмыскер тұлғасы.   3 – 4 апталар   Оқытушының презентациясы – 1,5 сағат. Кестелер әзірлеу, қылмыскерлер типін анықтау (қылмыстық іс материалдарымен жұмыс жасау) – 1,5 сағат 1. Қылмыскер тұлғасы түсінігі (Қылмыскер тұлғасын зерттеудің криминологиялық маңызы. Қылмыскер тұлғасының түсінігі мен деңгейлері, сипаттамасы. Қылмыскер тұлғасындағы биологиялық және социологиялық бастаулардың ара қатынасы. Қылмыскер тұлғасы мен әлеуметтік орта). 2. Қылмыскерлерді топтастыру (қылмыстық мінез-құлқының бағыты, қоғамға қайшылық бағыты бойынша типологиясы, қылмыстық мінез-құлық ерекшеліктері, қылмыскерлердің кәсіби типтері). «Қылмыскер тұлғасы» тақырыбындағы тәжірибелік сабақ. №3 кейсті шешу / №3 жазбаша жұмысты тексеру
  Қылмыстық мінез-құлық механизмі. Нақты қылмыстардың шарттары.   4 – 5 апталар     Оқытушының презентациясы – 1,5 сағат. Кестелер әзірлеу, қылмыскерлер типін анықтау (қылмыстық іс материалдарымен жұмыс жасау) – 1,5 сағат 1. Қылмыстық мінез-құлық механизмінің кезеңдері. Нақты қылмыстар жасау механизмі, оның элементтері, функциялары, қылмыстық ниеттің құрамдас бөліктері. 2. Қылмыстық мінез-құлық механизмінің кезеңдерінің сипаттамасы. 3. Қылмыстық мінез-құлық детерминациясындағы қылмыскер тұлғасының ролі.   №4 жазбаша жұмысты тексеру
  Қылмыстылық себептері мен шарттары   5 апта   1,5   Оқытушының презентациясы – 40 минут; Дискуссия – 35 минут. 1. Қылмыстылық себептері түсінігі. 2. Қылмыстылық себептерінің кейбір концепциялары, теориялары. Қылмыстылық себептерін топтастыру (қылмыстық ситуациялардың түрлері, ситуацияның объективті мазмұны және оны қылмыскердің субъективті қабылдауы, қылмыстық ситуацияларды жою немесе залалсыздандыру). Қазіргі уақыттағы қылмыстылық себептері. 3. Қылмыстылықтың кешенді себептеріндегі қылмыскер тұлғасының ролі.   №5 жазбаша жұмысты тексеру
  Қылмыстылықтың виктимологиялық қырлары. Виктимділіктің алдын алудағы шетелдік тәжірибені зерттеу.   6 апта   Зерттеу жұмысы – 1,5 сағат; талдау, студенттердің презентациясы - 1,5 сағат. 1. Қылмыс құрбаны түсінігі. 2. Виктимділік және виктимизация. 3. Қылмыс жасаудағы жәбірленушінің ролі. 4. Виктимологиялық типология. 5. Қылмыстылықтың алдын алудағы виктимологиялық шаралар. Виктимділіктің алдын алудағы шетелдік тәжірибе. Виктимологиялық портрет дайындау. №4 кейсті шешу.
  Қылмыстылықпен күресудегі криминологиялық болжау және жоспарлау.   7 апта     Оқытушының презентациясы – 1,5 сағат (студенттермен пікірталас) Тәжірибелік жұмыс (статистикалық мәліметтермен жұмыс жасау, есептер шығару) -1,5 сағат. 1. Болжау криминология функцияларының бірі ретінде. Қылмыстылықпен күресудегі криминологиялық болжау және жоспарлау түсінігі. 2. Жеке қылмыстық мінез-құлықты болжау, оның қылмыстылықтың алдын алудағы маңызы. 3. Қылмыстылықпен күресудегі криминологиялық болжау және жоспарлаудың ара қатынасы.   №6, 7 тапсырмаларды орындау / жазбаша жұмыстарды тексеру
  Дүниежүзілік қылмыстылықтың алдын алудың криминологиялық теориясының жалпы сипаттамасы.   8 апта     Оқытушының презентациясы – 1,5 сағат (студенттермен пікірталас) Тәжірибелік жұмыс (қылмыстылықтың алдын алу бағдарламаларын дайындау) -1,5 сағат. 1. Қылмыстылықтың алдын алу түсінігі (мақсаттары, міндеттері, алдын алу функциялары, деңгейлері, қоғамға қайшы мінез-құлықтың түрлі кезеңдеріндегі алдын алу шараларының ерекшеліктері). 2. Қылмыстылықтың алдын алу құрылымы. 3. Қылмыстылықтың алдын алудың түрлері. 4. Қылмыстылықтың алдын алудағы прокуратура органдарының ролі. 5. Қылмыстылықтың алдын алудағы соттардың қызметі. 6. Қылмыстылықтың алдын алу бағытындағы мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру. Шетелдердегі қылмыстылықтың алдын алу мәселелері. Тәжірибелік жұмыс №5, 6 кейстерді шешу.
  Зорлық-зомбылық қылмыстылығы мен бұзақылықтың криминологиялық сипаттамасы, алдын алу мәселелері.   9 апта     Оқытушының презентациясы – 1,5 сағат (студенттермен пікірталас) Тәжірибелік жұмыс (статистикалық мәліметтермен жұмыс жасау) -1,5 сағат. 1. Зорлық-зомбылық қылмыстылығының әлеуметтік-құқықтық сипаттамасы. 2. Зорлық-зомбылық қылмыстарын жасаушы тұлғалардың криминологиялық сипаттамасы. 3. Зорлық-зомбылық қылмыстарының себептері мен шарттары. 4. Зорлық-зомбылық қылмыстарының алдын алудың негізгі бағыттары.     №8 тапсыриманы тексеру.
  Кәмелетке толмағандар мен жастар қылмыстылығының криминологиялық сипаттамасы.   10 апта   1,5   Оқытушының презентациясы – 1,5 сағат; студенттердің презентациясы - 1,5 сағат. 1. Кәмелетке толмағандар мен жастар қылмыстылығының түсінігі, оның әлеуметтік-құқықтық сипаттамасы және жеке қылмыстылық түріне жіктеу негіздері. 2. Кәмелетке толмағандар қылмыстылығының жай-күйі, деңгейі және динамикасы. 3. Кәмелетке толмағандар мен жастар қылмыстылығының себептері мен шарттары және кәмелетке толмағандар мен жастар қылмыстылығының алдын алудың негізгі бағыттары. 4. Кәмелетке толмаған қылмыскер тұлғасының сипаттамасы: жасы мен жынысы, моральдық-адамгершілік, әлеуметтік-психологиялық, медициналық және мотивациялық белгілері. Кәмелетке толмаған қылмыскердің криминологиялық портретін жасау. №9 тапсырманы орындау.
  Рецидивтік қылмыстылықтың криминологиялық сипаттамасы және оның алдын алу.   10 апта 1,5   Оқытушының презентациясы – 1,5 сағат; студенттердің презентациясы - 1,5 сағат. 1. Қылмыстардың қайталануының және қайталанған қылмыстылықтың криминологиялық түсінігі. 2. Рецидивті қылмыстылықтың негізгі көрсеткіштері: жай-күйі, деңгейі, құрылымы мен динамикасы. 3. Қайталап қылмыс жасаған тұлғалардың криминологиялық сипаттамасы. 4. Қайталанған қылмыстылықтың себептері мен шарттары. 5. Қайталанған қылмыстылықтың алдын алудың негізгі бағыттары және халықаралық тәжірибе.   №7 кейсті шешу.
  Ұйымдасқан қылмыстылықтың криминологиялық сипаттамасы.   11 апта 1,5   Оқытушының презентациясы – 1,5 сағат; диспут - 1,5 сағат. 1. Ұйымдасқан қылмыстылықтың түсінігі мен жалпы сипаттамасы. 2. Ұйымдасқан қылмыстылыққа ықпал ететін мән-жайлар (себептері, шарттары, факторлары және детерминациялары). 3. Ұйымдасқан қылмыстылықтың алдын алу шаралары және онымен күресу жолдары. Статистикалық мәліметтермен жұмыс жүргізу. №10 жазбаша жұмысты тексеру.
  Кәсіби, террористік және экстремистік қылмыстылықтың криминологиялық сипаттамасы.   11-12 апталар   Оқытушының презентациясы – 1,5 сағат; студенттердің презентациясы - 1,5 сағат. 1. Кәсіби, террористік және экстремистік қылмыстылықтың ерекшеліктері. 2. Кәсіби қылмыскердің, террористтің және экстремисттің жеке тұлғасы. 3. Кәсіби, террористік және экстремистік қылмыстылықтың алдын алу.   №11 жазбаша жұмысты тексеру.
  Әйелдер қылмыстылығының криминологиялық сипаттамасы.   12 апта     1,5   Оқытушының презентациясы – 1,5 сағат; диспут - 1,5 сағат. 1. Қазақстандағы әйелдер қылмыстылығының даму кезеңдері және оны талдау. 2. Әйелдер қылмыстылығының жалпы криминологиялық сипаттамасы. 3. Әйелдер қылмыстылығының кешенді себеп-факторлары және оның алдын алудың негізгі бағыттары. 4. Әйелдер қылмыстылығының алдын алуда құқық қорғау органдарының ролі. Әйелдер қылмыстылығының алдын алу бағдарламасын әзірлеу. №8 кейсті шешу / №12 жазбаша тапсырманы тексеру
  Пайдакүнемдік қылмыстылықтың криминологиялық сипаттамасы.   13 апта     Оқытушының презентациясы – 1,5 сағат; студенттердің презентациясы - 1,5 сағат. 1. Пайдакүнемдік қылмыстылықтың түсінігі мен криминологиялық сипаттамасы (белгілері, топтастыру және қылмыс жасау тәсілдері). 2. Пайдакүнемдік қылмыстылықтың жай-күйі және көрсеткіштері. 3. Пайдакүнемді қылмыскер тұлғасының криминологиялық сипаттамасы. 4. Пайдакүнемдік қылмыстылықтың себептері мен шарттары.  
  Абайсыздық қылмыстылығының түсінігі және оның әлеуметтік-құқықтық табиғаты   14 апта 1,5   Оқытушының презентациясы – 1,5 сағат; диспут - 1,5 сағат. 1. Абайсыздық қылмыстылығының негізгі көрсеткіштері. 2. Абайсыздық қылмыстылығының себептері мен шарттары. 3. Абайсыздық қылмыстылығының алдын алу және оның ерекшеліктері.   №9 кейсті шешу.
  Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстылықтың және сыбайлас жемқорлықтың криминологиялық сипаттамасы.   14 апта 1,5   Оқытушының презентациясы – 1,5 сағат; диспут - 1,5 сағат. 1. Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстылығының түсінігі. 2. Экономикалық қылмыстылықтың жай-күйі. 3. Экономикалық қылмыстылықтың қалыптасуы және оның детерминанттары. Себепті-факторлық талдау. 4. Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстылығының алдын алу шаралары. Студенттердің презентациялар (жобалар) ұсынуы №10 кейсті шешу/ №13 жазбаша жұмысты тексеру  
  Әскери қылмыстылықтың криминологиялық сипаттамасы және оның алдын алу.   15 апта 1,5   Студенттердің презентациясы – 75 минут 1. Әскери қылмыстылықтың жалпы криминологиялық сипаттамасы. 2. Әскери қылмыстылықтың себептері мен шарттары. 3. Әскери қылмыстылықтың алдын алудың өзекті мәселелері.  
  Бас бостандығынанайыру орындарындағы қылмыстылықтың криминологиялық сипаттамасы.   15 апта 1,5   Оқытушының презентациясы – 1,5 сағат; диспут - 1,5 сағат. 1. Бас бостандығынанайыру орындарындағы қылмыстылықтың жалпы криминологиялық сипаттамасы. 2. Бас бостандығынанайыру орындарындағы қылмыстылықтың себептері мен шарттары. 3. Пенитенциарлық қылмыстылықтың алдын алудың өзекті мәселелері.   №14 жазбаша жұмысты орындау.
    45 сағат контактілі сабақтар Силлабус дәрістер мен семинар сабақтарына бөлінбейді, студенттер барлық контактілі сабақтарда белсенділік көрсетуі тиіс Тақырып сұрақтары ықшамдалып берілді, оқытушы сабақ кезінде сұрақтарды әрі қарай жіктеуі мүмкін. студент бақылау сабақтарына үнемі дайын болуы тиіс СӨЖ тапсырмалар және оларды тапсыру нысандары силлабустың соңына қарай беріледі.

 

 


Дата добавления: 2016-01-05; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!