Нақты фактілерді біледі; әдістер мен үрдістерді біледі; негізгі ұғымдарды біледі; ережелер мен қағидаларды біледі.



Келесілерді түсінге міндетті:

Түсіну ұғымы білім алушының материалдарды бір нысаннан екінші нысанға айналдыра алуынан анықтауға болады (мысалы сөзді математикалық нысанға өзгерте алу). Түсінудің сапасы ретінде материалды ерекше түрде түсіндіру (түсіндірме, қысқаша шығарма) немесе оқиға мен құбылыс туралы болжам жасай алу (нәтиже мен себепті болжау). Бұндай оқу нәтижесі материалдарды қарапайым түрде ұғынуға, түсінуге әкеледі.

Білім алушы:

Фактілерді, ережелер мен қағиданы түсінеді;

Сөздік материалдарды, сызбаларды, графитер мен диаграммаларды түсіндіреді;

Бар мәліметтер арқылы алдағы нәтижелерді болжай алу.

 

Білуге міндетті:

Қолдана алу

Нақты шарттарда және жаңа жағдайларда алынған білімді қолдана алу. Мұнда ережелерді, әдістерді, түсініктерді, заңдарды, қағидалар мен теорияларды қолдану кіреді. Бұл дәреже материалдарды игеруде түсінуге қарағанда жоғары бағаланады.

Білім алушы:

Түсініктерді, қағидаларды жаңа жағдайларда қолданады;

Заңдарды, теорияларды нақты тәжірибелік жадайларда қолданады;

Әдістерді немесе үрдістерді дұрыс қолдануды көрсетеді.

Меңгеруге міндетті:

Анализ

Бұл категория бойынша білім алушы игерілген материалдарды оның құрылымы анық болу үшін құраушы бөлімдерге бөле алуы қажет. Әр бөлімнің, тараудың жалпы ұғымға сәйкестігін келтіре білуі керек.

Білім алушы:

Жасырын ұсыныстарды анықтайды;

Ойлау қабілетінде кеткен қателіктер мен олқылықтарды көреді;

Фактілер мен әрекеттердің байланысы мен айырмашылығын жасайды;

Мәліметтердің мәнін бағалайды.


Дата добавления: 2016-01-05; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!