Курстың академиялық саясаты



ПӘННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

(SYLLABUS)

Пән: Kri 3224 Криминология

Мамандығы: 5В030100 «Құқықтану»

Кредит саны 3 кредит
Курс: 3
Контактілі сабақтар 45 сағат
   
СОӨЖ 23 сағат
СӨЖ 67 сағат
Бақылау нысаны:   жазбаша емтихан
Жалпы сағат көлемі 135 сағат
  Оқытушы туралы мәліметтер Керімқұлов Әділ Темірұлы құқық магистрі, аға оқытушы
   
Тел. +7 (7172)70-30-23
   
Пререквизиты: - қылмыстық құқық (жалпы бөлігі); - қылмыстық құқық (ерекше бөлігі)
Постреквизиты: - таңдау пәндері

 

Астана 2015

Курстың академиялық саясаты

«Криминология» пәні бойынша білім және арнайы дағдыларға ие болу үшін студент оқытушы жүктеген тапсырмаларды, дербес дайындау үшін әзірленген жеке жұмыстарды дәл уақытында дәне дұрыс орындауы шарт. Студенттер оқытушы ұсынған негізгі және қосымша әдебиеттермен танысға міндетті. «Криминология» пәнін зерттеу кезінде студент қазіргі уақыттағы азаматтық-құқықтық жүйелермен жете таныс, заң техникасын тиімді пайдалана алуы тиіс.

Тапсырмаларды орындау кезінде студенттерге басқа студенттердің жұмыстарын көшіруге, қайталауға, плагиатпен айналысуына тиым салынады.

Ұсыныстар: берілген тапсырмаларды уақытында және толық көлемде орындау; оқу барысында белсенділік көрсету; топтық жұмыстарға қатысу; өзінің интеллектуалдық қабілетін және сөйлеу мәнерін жетілдіру, кітапханаға бару және заң терминологиясы мен ойлау жүйесін қалыптастыру; әріптестері мен оқытушыларға құрмет көрсету шарт болып табылады.

Сабақ кезінде студент пікірталастарға белсенді қатысуы тиіс, конспектілер жүргізіп, силлабуста көрсетілген тақырыптар бойынша алдын ала дайын болуы тиіс. Сабаққа кешікпеуге міндетті. Студент сабаққа 10 минуттан артық кешіккен жағдайда, оқытушы оны сабаққа кіргізбеуге және оқу журналына тиісті белгіні қоюға құқылы.

Сабақ кезінде аудиториядан тысқа шығуға, оқытушының рұқсатынсыз орын ауыстыруға, сөйлесуге, телефон және өзге де бөтен құралдарды қолдануға тиым салынады.

Студент аудиториядан оқытушының рұқсатымен 5 минуттан аспайтын уақытқа шыға алады, студент осы мерзімнен кешіккен жағдайда оқытушы оны сабаққа жібермеуге құқылы.

Студент оқу курсы бойынша кемінде үш баға алуы, барлық бақылау сабақтарына қатысуға, силлабуста көрсетілген тапсырмаларды жүйелі түрде орындап отыруға міндетті.


Дата добавления: 2016-01-05; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!