Дүниенің ғылыми суреті



5 Дүниенің ғылыми суреті мен Ғылыми революция және олардың тарихи түрлеріне сипаттама беріңіз.
Ғылыми революция дегеніміз – ғылым дамуының белгілі бір кезеңінде пайда болып, оның ішкі қайшылықтарын шешетін, мазмұнын өзгертетін ерекше құбылыстар.Ғылымдағы революция сан қырлы. Олардың үш негізгі сипаттарын бөліп қарастыруға болады:
1) Жаңа эмпирикалық материалдарды теориялық түрде талдау жасау,
2) Табиғат туралы бұрын қалыптасқан түсініктерді түбірімен жою;
3) Тығырыққа тірейтін жағдайлардың пайда болуы.
Ғылыми революцияларға тән жағдай ол: ескі идеялар мен теориялар талқандап, шығарып тастау арқылы танымның теориялық негізін саналы қайта құру.Ғылыми танымның тарихи дамуы барысында бірнеше ғылыми революциялардың түрлерін бөліп қарастыруға болады.Жеке – білімнің тек бір аумағын қарастыратын микрореволюция;Кешендік – білім аумағының бірнеше салаларын қарастыратын революция;Әлемдік – ғылым негізін тұтасымен өзгертетін жалпы революция.
Ғылыми революциялардың түрлерін анықтаған кезде мынандай жағдайларды еске алу қажет:ғылыми революциялардың аумағы;ғылымның іргелі теориялары мен заңдарын қайта құру тереңдігі;жаңа іргелі заңдар мен жаңа жалпы ғылыми жаратылыстық теориялар ашу;әлемнің жаңа картинасының қалыптасуы;ойлаудың жаңа түрін қалыптастыру;ғылым дамуының тарихи кезеңі,ғылыми революцияға ілесе жүретін әлеуметтік-экономикалық қайта құрулар.
Егер ғылым тарихына үңілетін болсақ, онда екі революцияны ғана әлемдік, іргелі революция деп атауға болады: XVI-XVII ғасырлардағы революция мен ХХ ғасырдағы ғылыми-техникалық революция.XVI-XVII ғасырлардағы ғылыми революция материя қозғалысының механикалық формасын зерттейтін ғалымдағы революциялық секіріс болды. Ол классикалық жаратылстанудың негізін қалады.XIX ғасырдың ортасында бірнеше кешендік революциялар қатар болды. Олардың ішінде ерекше бөліп қарайтын революциялар: органикалық клетканың ашылуы, энергияның сақталу және айналу заңы, Ч.Дарвиннің эволюциялық ілімі, химиялық элементтердің периодтық жүйесі.
Бұл революциялардың мәні – заттар мен құбылыстарды даму және өзара байланыс тұрғысынан қарастыру.
Екінші әлемдік революция ХХ ғасырдың қарсаңында болды. Ол салыстырмалық теориясы мен кванттық механиканың шығуымен байланысты.
Қазіргі уақытта ғылыми білім әлеуметті өмірдің барлық сфераларына енді. Ғылыми жұмыстардың өзі ақпарат беру мен ақпарат алудағы революциялармен тығыз байланысты.


Дата добавления: 2016-01-05; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!