Ылыми танымның әдіс-тәсілдері.



  • Эмпирикалық (бақылау, сипаттау, эксперимент, өлшеу)
  • Теориялық (идеализациялау, матемализациялау, модельдеу, аксиоматизация, гипотетика-дедуктивтік тәсілдер)
  • Жаратылыстануда қолданылатын бүкілжалпылық әдістер (анализ, синтез)

Әдіс-тәсілдері – практикалық және теоретикалық таным әдістерінің бірлігі.

Бақылау – адамның белгілі бір мақсаты үшін қоршаған ортаға қарау барысында қоршаған ортадағы заттар туралы ақпарат алу.

Эксперимент – бақылаушының белгілі бір объект туралы әр түрлі ақпарат алу мақсатында оған белгілі бір әрекет жасау. Эксперимент – бақылауға қарағанда ауырлау тәсіл.

Идеализациялау – ойда белгілі бір теорияға идеалды, маңызды болып табылатын объект құру.

Анализ – бұд мағлұмат процедурасы ой не реалды бөлшектеу, зерттелетін объектті жеке элементерге бөліп, олардың жүйелі қасиетін, қатынасын табу.

Синтез – бұл операция анализде зерттеліп жатқан элементтерді біртұтас бүтінге біріктіру

Жалпылама тәсілдері. Жаратылыстану ғылымының әр құбылысын зерттейді.

  • Структуралық – ғылымның ішкі құрылысын, оның элементтері арасындағы байланысты зерттейді;
  • Функционалдық – ғылымның элементтерінің функционалдық тәуелділігін зерттейді.
  • Алгоритмдік – қатаң тәртіппен өтетін процестердің ережелерін зерттейді;
  • Ықтималдық – статикалық заңдылықтарды зерттеу;
  • Ақпараттық – әр түрлі құбылыстардың ақпараттық аспектін зерттеу.

 

2. Ғылыми революция – ежелгі жаңа змандағы қазіргі заманғы ғылымның қалыптасу кезеңі, бұл кезде математика, физика, астрономия, биология (анатомияны қоса) және химия табиғат пен қоғамға деген көзқарасты түбегейлі өзгертті. Дәстүрлі көзқарастарға сәйкес ғылымдағы революция Еуропада Қайта өркендеу дәуірінің соңына таман басталып, 18 ғасырдың аяғына дейін жалғасқан делінеді. Сол уақытта кезеңнің нақты басталу уақытының анықталмағанына байланысты 1543 жылғы Коперниктің «Аспан сфераларының айналуы туралы» және Андреас Везалияның «Адам денесінің құрылысы туралы» еңбектері ғылыми революцияның бастамасы деп есептелді. Кейде ғылыми революция деп принципиалды жаңа ғылыми теориялардың пайда болуына байланысты дүние туралы көзқарастың түбегейлі өзгерісі көрініс табатын тарихтың басқа да кезеңдері танылады.


Дата добавления: 2016-01-05; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!