Тіл біліміндегі сабақтастық мәселесі



2.Көркем шығармадағы түр мен түстің стильдік қызметі. Халықтың асыл мұраларын жеткізуші ана тілімізді ардақтай отырып, оның даму, толығу үдерістерін жан-жақты зерттеу, танып-білу арқылы түр-түс атауларының термин ретінде қалыптастыру мүмкіндіктерін ашу – бүгінгі күн талаптарының бірі деп қарауға болады. Түр-түстердің табиғатын білу, құрамын анықтау, қолданыс аясын кеңейту – ӛмірдің барлық саласына да қажетті, практикалық маңызы зор мәселе. Қазақ тілінде түр-түске байланысты қолданылатын сӛздер тек түсті ғана білдіріп қоймайды. Түр-түс атаулары белгілі бір шеңбер аясында қолданылып, тура, ауыспалы, шартты, символдық т.б. мағыналарды білдіреді. Түр-түс атауларының қолданысын лингвистикалық тұрғыдан сӛз еткенде олардың тіліміздегі жан-жақты қыры ашыла түседі. Түр-түс атауларының табиғаты тілдегі ұлттық мәдениет, тарих, дүниетаным, қазақы түсінікпен де сабақтасып жатады. Сол себепті түр-түс атаулары бүгінгі таңда маңызды тақырыптың біріне айналып отыр. Түр-түс атауларын лингвистикалық тұрғыдан зерделеу барысында заңғар жазушы М.Әуезовтің шығармаларындағы кейбір қолданыс ерекшеліктерін қарастыруға мән бердік. Қазақ тіліндегі жалпы түр-түс ұғымына қатысты атаулардың саны мыңнан асып жығылады екен. Олардың ішінде ӛз тұлғасымен (түбір, туынды түбір, біріккен сӛз түбірінде) берілетін түр-түс атаулары (ақ, боз, сұр, қара, ала, ал, қызыл, сары, көк, жасыл, қоңыр, кер, құба, құла, торы, күрең, жирен, күлгін, шабдар, барқын, баран, қызғылт, көгілдір, көкше, сарғылт, сарғыш, ақша, ақшыл, зеңгір, бурыл, сұрғылт, көкшіл, сұрқай, қоңырқай т.б.) қырыққа жуық. Бұлардың сыртында түр-түстік мағына білдіретін сӛздер мен сӛз тіркестері (шымқай, қырмызы, шұбар, қожалақ, тұм, шикіл, қошқыл,

секпіл, тарғыл, қылаң, жолақ, сағал, таңдақ,далаптай, анардай, аршыған жұмыртқадай т.б.) тағы бар. Түр-түс атауларының сан жағынан қаншама кӛп болғанымен, сұрыптай келгенде бір топ негізгі, тірек сӛздің шеңберінен шықпайтынын кӛрдік. Қалғандарының бәрі ұйытқы болып отырған осы 20 шақты түбір сӛздің негізінде дамып (көк – көгілдір, көкше, көкшіл т.б.) туынды түбірге немесе сӛз тіркесіне (қара көк, күлгін көк т.б.) айналған жай және күрделі атаулар

болып саналады [1; 6]. Қазақ тілінің табиғатына тән бір ерекшелік: кӛптеген түр-түс атауының шығу тегі бүгінде белгісіз. Олардың кейбіреулерін этимологиялық жолмен анықтауға болса да, кейбіреулерінің құпия сырын ашуы мүлде мүмкін емес. Мәселен, ақ, боз, сұр, көк, кер, ал тәрізді бір буынды түр-түс атауларын талдап, анықтап жатудың қажеті жоқ. Ӛйткені бұлар одан әрі жіктеуге, морфемаларға бӛлшектеуге келмейді. Яғни оларды кӛне түркі заманынан

бері келе жатқан байырғы, тӛл түбірлер санатына жатқызуға болады. Кӛптеген түркі тілінде кездесетін бұл сӛздердің түпкі мағынасы да кӛне болуы ықтимал. Күрделі атаулардың санатына екі, үш не одан да кӛп сӛзден тұратын түр-түс аттары жатады. Бұлардың ӛздерін де тұлғалық және мағыналық жағынан екі топқа бӛлуге болады. Бірінші топ – негізгі екі түр-түс атауының ӛзара тіркесуі арқылы жасалған күрделі атаулар; екінші топ – негізгі түр-түс атауларының біреуі не екеуі қатысып, басқа сӛздермен тіркесуі арқылы жасалған күрделі атаулар. Олардың компонент санына байланысты: екі компонентті, үш және кӛп компонентті (күрделі) түр-түс атаулары деп те

топтастырамыз. Ал енді екі компонентті түр-түс атауларының тілдегі қызметіне келсек, олардың бәрі белгілі бір заттың, құбылыстың күрделі анықтауышы болып саналады. Мысалы: тобылғы торы ат, қара қасқа айғыр, шикіл сары жігіт, алтайы қызыл түлкі т.б. Екі компонентті күрделі түр-түс атаулары ӛзінің синтаксистік қызметі жағынан жоғарыда қаралған бір сӛзден тұратын

атаулардан ешбір айырмашылығы жоқ. Анықтауыштық қызметте жұмсалады. Екі компонентті

түр-түс атаулары М.Әуезов шығармаларында молынан кӛрініс тапқан. Мысалы, Құнанбайдың мінген атына берілген сипаттама: Жұмабайдың астындағы да сол Құнанбайдікі – Найманкөк деген, үлкен ақ көк ат болатын. Осы сӛйлемді қарай отырып, Құнанбай атының түсінің ӛзі

ақ көк деп алынғанын кӛреміз. Лингвистикалық тұрғыдан талдасақ, негізі екі сӛздің тіркесуі арқылы жасалған күрделі сын есім. Жылқы малына байланысты алынған бұл түсті жазушы жалпы жылқы түсінің бірі ретінде кӛрсетіп отырған жоқ. Құнанбайдың мінген атының сирек қолданылатын ақ көк деген күрделі сӛзбен (екі түстің) тіркесе алынуы жазушының бүкіл

идеясын ашып тұр. Кез келген шебер қаламгер туындысында барлық сӛз қолданысы тек жазушының ұстанымы мен айтатын негізгі ойына қарай қолданыс таабады. Ұстаным – тенденция. Тенденция дегеніміз – орасан мәнді нәрсе. Тенденция – шындықты суреттеудегі қаламгерге тән құштарлық, ой-ӛзегіндегі мығым принцип. Әлемдік құбылыс Әуезовтің шығармасына талдау жасау үшін, ең алдымен, «Абай жолы» романындағы күрделі образ – Құнанбай бейнесіне

тоқталмай болмайды. Құнанбай – бүкіл әлем әдебиетінде шебер жасалған сирек образ. Құнанбай – азулы ғана емес, ақылды, шоқпар мен сойылдың ғана емес, әріден толғайтын ойдың адамы. Қаламгер романда Құнанбайдың образын жан-жақты танытуда түр-түс атауларының ӛзін мақсатты түрде қолданғаны байқалады. Түр-түстің символдық мәні туралы академик Әлкей Марғұлан: «Кӛк түс – кӛкке табынудың, аспанның символы, қызыл – оттың, қара – жердің, жасыл – кӛктемнің, жастықтың символы» [4; 84], – деп жазады. Жазушы мығым ұстанымға сүйене отырып, Құнанбайдың образындағы деталь штрихтарды қолдануда оның жағымды әрі кесек тұлға екенін танытып отырады. Бұл жӛнінде З.Қабдоловтың: «Тӛрт кітаптың ӛн бойында адам образдарын жасауға қызмет етпейтін бірде- бір деталь сызық жоқ», – деген пікірі ӛте негізді алынған.

Басқа халықтар секілді қазақ халқы үшін де әлем екі түске – ақ пен қараға бӛлінген. Оның бірі ақ түс – күллі игі, жақсы қасиеттерді білдірсе, кӛп жағдайда қара түс – қайғы қасіреттің, жамандық біткеннің бедеріне ие. Мысалы: Ақ пен қараны пейіл айырар. Ақ пейілдің аты арып, тоны

тозбайды. Ақтың отын ақымақ өшіре аламайды. Қара күн басыңа тумай, қара су кешпе. Бұл түсінік халық арасына терең ұялап, оның тілі мен ойлау жүйесінен орын алған. Барша түркі тілінде «кӛк» сӛзі мейлінше кең мағынада қолданылады және сол мағыналардың қай-қайсысы да киелі мәнімен назар аудартады. Мәселен: 1. Көк – аспан мағынасын білдіретін сӛз. Түркі халықтары үшін аспан Тәңірінің тұрағы. Сондықтан да тілек тілегендей қолды кӛкке жайып тәу ете жалбарынады, билегенде қол кӛтеріп кӛкті аялағандай қимыл жасайды. 2. Көк – түсті, реңді білдіретін сӛз. Сонымен бірге Тәңірінің ықыласы түскен киелі түс болып есептеледі. Байырғы

түркілер шығысты көк түспен белгілесе, батысты – ақ, солтүстікті – қара, оңтүстікті – қызыл түспен белгілеген. Сӛйтіп, Тәңірінің кӛзіне балаған Күннің шығар тұсына кӛк түсті лайық деп білген. 3. Көк – Тәңірі сӛзінің болмысы, Тәңірі – дүние-тіршілік атауының жаратушысы ең құдіретті иесі. Сондай-ақ айбындылық пен сес кӛрсету мәнінде де жұмсалған. Сол себепті

қазақ қарғағанда «кӛк соққыр» дейді... Этнолингвистикалық арналардан мысал келтіре кетсек, «көңіл жүйрік пе, көк дөнен жүйрік пе?». Айдаттың да байлаттың, торғайдай тоздырып, көбінің көзіне көк шыбын үймелеттің. Демек, ойымызды жинақтай кететін болсақ, Құнанбайдың кесек образын сомдауда жазушы жоғарыда аталған екі түсті қатар тегін қолданбағанын пайымдаймыз. «Қазақ тілінің түсіндірме сӛздігінде» қара сӛзінің мағынасына қатысты түстік, белгісіздік, қайғы-уайым, қатыгездік, киелілік, қасиеттілік, қарапайымдылық сияқты қасиеттерді табуға болады. Бұл мағыналар қара сӛзінің ұғымдық нышандық, яғни таңбалық белгісін де білдіріп тұр. Қара сӛзінің тура мағынасы – «ақтың қарама-қарсы түрі». Бұл оның негізгі мағынасы. Бірақ бұл атауыштық мағына одан кейін пайда болған коннотативтік мағынаның қалыптасуының барлығына бірдей ұйытқы бола алмайды. Мысалы: түркі топонимикалық жүйесінде жиі кездесетін gara su тіркесінің мағынасы сумен емес, жермен байланысты. Ал барлық орта ғасырлық түркі ескерткіштерінде кездесетін gara budun термині халықтың түсіне байланысты емес, оның қоғамдық-әлеуметтік орнымен байланысты, яғни қарапайым тӛменгі сатыдағы халық. Қара сӛзінің ауыспалы коннотативтік мағынасы оның атауыштық мағынасына қарағанда әлдеқайда кӛп: қара, қара тұту, қара жамылу, қара ту, қара тігу, қараны жығу, қаралы көш, қара қазан, қара шаңырақ, қара шымылдық, қара жаулық, қара ниет, қара жүрек т.б. Қара сӛзінің ендігі бір символдық мағынасы – шыдамдылық, төзімділік. Қара түсті мал ақ, боз түстіге қарағанда шыдамды келеді екен. Бұдан қара түсінің шыдамдылық мәнінде болатынын кӛреміз. Қара шаңырақ иесі дегендегі қара шаңырақ ұғымы алғашқылықты, бастапқылықты білдіретін сияқты. Мұнда қара заттың түсін білдіретін негізгі мағынасынан әлдеқайда кең ұғымда жұмсалған. Яғни қара шаңырақ – байырғы үй, баспананың бастапқы қалпы деген сӛз. Қара тау, қара халық, қара сөз, қара жол деген тіркестердегі анықтауыштар тек түсті ғана білдіріп тұрмағандығы түсінікті: ежелгі тау, негізгі халық, бастапқы сӛз, басты жол деген ұғым береді. Қара түсімен байланысты туатын тұрақты тіркестердің ауыс мағыналары мынадай болып келеді: - жамандықтың белгісін білдіретін тұрақты тіркестер (қара тізім, қара қағаз, қара ту т.б.) - жауыздық, қатыгездіктің белгісін білдіретін тұрақты тіркестер (қара

жау, қара ниет, қарабет, қара көңіл т.б.) - алғашқылықтың, бастапқылықтың белгісін білдіретін тұрақты тіркестер (қара өлең, қара шаңырақ, қара су, қара тау т.б.) - киеліліктің, қасиеттіліктің белгісін білдіретін тұрақты тіркестер (қара шаңырақ, қара жер т.б.) - қарапайымдылықтың белгісін білдіретін тұрақты тіркестер (қара қазақ, қара бұқара т.б.) - қайғы-мұңның белгісін білдіретін тұрақты тіркестер (қара күн, қара қайғы, қара уайым, қара түн т.б.). Осы ұғымдардың қай-қайсысы болмасын, қаламгер тілінде белгілі бір қимыл-әрекетті, үдерісті т.б. сипаттау үшін ӛте шебер, үйлесімді қолданылған.

3.Қ Жұбановтың тілтанымдық көзқарасы. Қ.Жұбановтың «Абай – қазақ әдебиетінің классигі» және Қ.Иассауи «Хикметтерінің» тіліне арналған «Түрки әдебиеттер тілінің танымы» атты еңбектерін қазақ әдеби тілінің қалыптасу, даму тарихының сүбелі екі кезеңінің (ХІ ғ.түркі жазба әдеби тілі және ХІХ ғ.ІІ жартысындағы қазақтың ұлттық жазба әдеби тілі) басты өкілдерін талдау объектісі ете отырып, қазақтың поэтикалық тілінің бастау алған қайнарлы бұлағын танытуға арналған алғашқы зерттеу үлгісі деуге болады.Алдымен зерттеуші поэзия тілін жалаң құрылымдық, лексикалық талдаумен шектелмейді. Кез келген шығарманың тілі оның шығу тарихымен, сол шығарма дүниеге келген дәуірдің қоғамдық, әлеуметтік құбылыстармен тығыз байланыста талдануы керек деген принципті басты ұстаным етіп алған Қ.Жұбанов Хожа Ахметтің тіліндегі жеке қолданыстарды, шығарма мазмұнындағы кейбір фактілерді тарихи этнографиялық, мәдени таныммен сабақтастыра қарастырады. «Яғни, ол әдебиет сол қауымның саяси құрылысын, мәдениет халін, шаруашылық күйін, дүниетану көзқарасы дәрежесін, әдет-ғұрпын, қысқасы нені жақсы, нені жек көретінін бізден жасыра алмайды. Өйткені, біз қандай адам болмасын ол сол бір кездегі өзінің туған, өскен орталығының, әлеумет пен қоғам орталығының жемісі еді деп білеміз. Сол адамның сөйлеген сөзі, істеген ісі, қылуасы сол қауымның бір бөлігінің болса да мүддесін, елестетпей қоймайды деп білеміз», - деп жазады.

Тілді оның құрылымдық, функционалдық сипаты тұрғысынан ғана зерттеудің аздық ететіні адам факторының алдыңғы орынға шығуы нәтижесінде айқын көріне бастады. Тілді диахронды түрде зерттеуге ерекше мән беріліп, оның әдіс-тәсілі кеңейтілді. Тілді ұлт тарихымен, ұлт дүниетанымымен, ұлттық идеямен тамырластыра зерттеуге көңіл бөліне бастады. Тілді антропоөзектік парадигмада зерттеудің бір саласы – тілді ұлттың мәдениетімен, салт-дәстүрімен, рухани болмысымен сабақтастыра қарастыру. Осы бағыттың басты көрінісі тіл білімінің этнолингвистика, лингвоиәдениеттану, лингвоелтану тәрізді жаңа салаларымен негізделді. Бұндай бағыттағы зерттеулердің негізгі қазақ тіл білімінде Ә.Қайдар, Р.Сыздық, Е.Жанпейісов, Ж.Манкеева т.б.ғалымдардың еңбектері арқылы қаланды.

Аталған бағыттар бойынша тілдің коммуникативтілік (байланыстыру, жеткізу), информативтік (ақпарат беру) қызметінен өзге мынадай қызметтері, қасиеттері бар: кумулятивтік, яғни ұлттық мәдениетті сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу қызметі, экспрессивтік-эмоциональдық, яғни адам сезімі мен көңіл күйінің, бағалауының тілдік көрінісі т.б.

Билет 26


Дата добавления: 2016-01-05; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!