Эмоция атауларының иррационалды сипаттары



Тілдік модельдер логикалық - концептуальді модельдер арасындағы байланыс

Билет 23

1.Гештальт теориясы- Дүниенің концептуалдық бейнесін тілдік құрылымдар арқылы

беруде гештальт ұғымына да тоқталып өту қажет. Гештальтизм – XX ғасырда алғаш Германияда пайда болған психологиялық бағыт. Оның негізгі мазмұны адам психикасын тұтас құрылым (гештальт) ретінде танып, зерттеумен байланысты. Оның теоретиктерінің түсіндіруінше, бізді қоршаған ортаны құрайтын зат, құбылыстар біздің сезімдеріміз арқылы жеке объектілер түрінде

танылмайды. Дүние ұйымдасқан формадан тұрады, дүниені қабылдау да ұйымдасқан түрде болады, дүниенің жеке бөліктері емес, ұйымдасқан тұтас формасы қабылданады. Қабылдаудың мұндай тұтас формасы адам дүниеге келуден бұрын пайда болады. Дүниенің тұтастығы оны құрайтын жеке элементтердің ұқсастығы, туыстығы, жалғастылығы, тағдырластығы арқылы анықталады. Гештальт-құрылымда фон мен фигураның қатыстылығы ерекше ескеріледі.

Лингвистикалық гештальт теориясына қатысты бірден-бір еңбектің авторы Дж. Лакоффтың ғылыми талдамасында: «...ойлау, қабылдау, эмоция, таным процестері, сенсорлы-моторлы сезімдік

қызмет және тіл бір ғана құрылым арқылы ұйымдастырылған, оны гештальт деп атайды» – дей келіп, гештальт құрылымына тән төмендегі белгілер көрсетіледі: 1) гештальт тұтас; 2) оны белгілі

бір көзқарас аясында жеке бөліктерге ажыратып тануға болады; 703) гештальттың жеке бөліктері өзара ішкі байланыс құрайды; 4) гештальт екінші бір гешталтьпен байланысады, бір гештальттың

жеке бөліктері екінші бір гештальтқа ортақ болуы мүмкін. 5) гештальттың екінші бір гештальтпен сыртқы байланысы оның тұтастай алғандағы белгісі болуы мүмкін; 6) бір гештальт жеке

белгілерінде екінші гештальтпен ортақ сипатта болуы мүмкін; 7) өзге гештальтпен астасу арқылы гештальт жаңа қасиетке ие болады; 8) гештальт тағы бір қасиеті оның басқа гештальтпен оппозициялық сипатта болуынан көрінеді; 9) гештальттың кейбір белгілері базистік белгі ретінде танылады; 10) гештальт дегеніміз – тілдік, ойлау, перцептуалды, сезімдік процестерде қолданылатын құрылым; 11) процестердің өзін гештальт ретінде қарастыруға болады; 12) гештальтқа талдау жасағанда оның салаларын жеке бөліктерге ажыратып қарастыру талап етілмейді; 13) гештальттар бір-бірімен қиылысуы мүмкін; 14) гештальтта прототиптік және прототиптік емес болмыстар ажыратылады; 15) гештальттың құрамы біртекті емес, мәселен сенсорлы-перцептивті гештальтта моторлы сипат та бола береді [Лакофф, 1981: 359-360].

Қ. Жаманбаева: «Жалпы, гештальт деген сөздің мағынасының өзі «бейне, құрылым, біртұтас форма» дегенді білдіреді. Оның атқаратын қызметі – сан алуан, сан тарапты нәрсені біртұтас күйінде қабылдату. Аталған біртұтас деген нәрседе жеке бөліктер болмайды. Ол – бір жүйе, құрылым. Оны санамен бөлшектеп көрсету мүмкін емес. Ол тосыннан жарқ етіп, ерекше күй арқылы дүниеге келеді (оны ғылымда «инсайт» деп атайды)» - деп жазады. Ғалымның түсіндіруінше барлық танымдық, тілдік құбылыстар гештальт арқылы жүзеге асырылады. Гештальт жүзеге аспаса, жоғарғы құрылымдар түзілмейді. Сондай-ақ Қ.Жаманбаева гештальт теориясын психологиядағы (механика ілімінен келген) экстремалды күйлер теориясымен ұштастыра қарастыруды ұсынады А. Әмірбекова танымдағы әрбір ақпаратты гештальт деп тани

отырып, оған «санадағы әрекеттердің, мазмұнның формаға ие болу көрінісі» деп түсінік береді [Әмірбекова, 2006: 89]. Көптеген зерттеушілер (Вежбицкая, Бондарко, Телия, Чернейко) концептінің прототиптік болмысын гештальтпен параллель құрылым түрінде түсіндіреді.

В. Н. Телия «прототип пен гештальт құрылым тілдік санада 71 типтік қабылдаумен немесе прототиптік бейнемен қатар өмір сүретін көмескіленген бейне (образ)» – деп көрсетеді.

Айналу ұғымымен байланысты адам баласының ойлау жүйесінде қалыптасқан гешталь құрылымға талдау жасап қарайық. Айналу – «бір нәрсенің дөңгелене қозғалуы» немесе «бір нәрсенің сыртынан оралып жүріп шығу», «бастаған жеріне қайта келу». Айналу әрекетінің магиялық, тылсымдық әсерін қазақ халқының кейбір наным-сенімдері мен діни жоралғыларынан байқаймыз: 1) үйді, отырған адамдарды айналып жүруге, жүгіруге болмайды, жағалай отырған адамдар қатарының қай жағынан келсең, сол жағынан кері шығып кету керек; 2) көк кептерді, қара тауықты немесе көп тұтынған бұйымын ауырған адамның басынан айналдырып, аулаққа көміп тастаса, ауруды алып кетеді деген ұғым бар; 3) әулиенің басындағы тасты, ағашты 3 рет айналып тілек тілеу сенімі бар; 4) бір орында тұрып, шыркөбелек айналуды жаман ырымға жориды; 5)адамды қаламаған ісіне еріксіз мәжбүр еткен жағдайда «басын айналдырып алды» деген ұғым қолданылады; 6) қазақта жақсы көріп, жаны елжірегенде айтатын сөз – «айналайын».

Замана қайым болар, жер зыңыранса,

Тау құлап, тас қаңбақтай жұмаласа. (Абыл)

Қаңбақтай қара жер зыңырап,

Болмағай еді бір қауіп. (Қашаған)

Жердің зыңырануы – жер бетіне төнетін ұлы қауіптің, ақырзаманның белгісі.


Дата добавления: 2016-01-05; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!