Тілдегі құндылықтар дүниесі



3.Тағдыр концептісі. А.Ислам концептіге мынандай анықтама беріпті: «Концепт дегеніміз - этномәдени санада сақталған, белгілі бір ұлттың ұрпақтан-ұрпаққа берілетін ықшам әрі терең мағыналы шындық болмыс,ұлттық мәдени құндылықтары жӛніндегі сан ғасырлық түсінігін білдіретін құрылым».Демек, ұлттық тілдің концептосферасы бойынша халықтың, ұлттың дүниетанымын, ой-ӛрісін, білімін, мәдениетін, адамгершілік заңдарын, салт-дәстүрін, психологиясын, басқа ұлттарға деген кӛзқарасын, рухани жан-дүниесін, материалдық құндылықтарға деген қарым-қатынасынанықтауға болады.Біз «ұлттық тірек концепті» терминін тӛмендегідей анықтаймыз: шындық болмыстытанудың нақты бір ұлтқа (қазаққа немесе французға) тән негізгі тәсілдері мен жалпыадамзаттық ортақ заңдылықтарға назар аударамыз. «Ұлттық тірек концепт» термині «концепт-универ-салия» терминімен мағынасы жағынан жақын, аталған терминдерді әр түрлі тілдерде түрлішевербалданатын мәдениетаралық универсалийлер деп те айтуға болады. Жалпыадамзаттық ортақ концептілерге «махаббат», «тағдыр», «шындық», «бақыт» және т.б. жатқызуға болады. Мұндай концептілер кез келген концептосфераның лингвомәдени кеңістігіне шоғырланған, бірақ олардың қолданысында ӛздеріне тән мағыналық ерекшеліктер болады және әрбір жеке тілде олардың тілдік формаларының ӛмір сүру деңгейі түрліше болады.

«Тағдыр» концептісінің қазақ санасында орны ерекше. «Тағдыр» сӛзі түсіндірме сӛздікте

былайша анықталады: 1) Адам еpкiнен тыс болатын оқиға баpысы, түpлi жағдайдың тоғысу салдаpы.2) дiни. Құдipеттiң жазуы, жазмыш. 3) Болып ӛткен ӛмipжолы, тұpмыс, болашақ [4,772].

Қазақ тілінде аталған концепт кӛптеген фразеологизмдер мен сӛз тіркестерінің құра-мында

кездеседі: «тағдыр араз» (әуелден-ақ бұйырмаған, бір болуға қоспаған), «тағдырдың уын ішті»

(тұрмыстың ауыртпалығын, қайғы-қасіретін көп тартты), «тағдырсыз тәбділ болмас»

(жазмышқа шара жоқ), «тағдырын қолына алды, тағдырын қосты» (болашағын, өмір жолын өз

билігіне алды), «тағдыры шешілді» (мәселе анықталды, шешімін тапты) және т.б.

«Тағдыр» сӛзінің тӛмендегідей синонимдік қатары бар: 1. пешене; 2. жазмыш; 3. маңдай

(кітаби); 4. махпуз (кітаби) [5,443].Діни наным бойынша «тағдыр» әркімге әуелден белгіленіп қойылған Алла тағаланың бұйрығы деген мағынаны білдіреді. Қазақ халқының мифтік санасында әрбір адам дүниеге шыр етіп келгеннен бастап оның маңдайына тағдыры жазылып қойылады деген түсінік қалыптасқан,сондықтан тағдыр сӛзіне маңдай сӛзінің синоним болуы осы түсініктен бастау алған деп айтуға болады. Мысалы: Тәңірінің маңдайға жазғанын үйде тосам (С.Мұқанов), Бұ фәни дүнияда жазмышсыз ештеңе де болмайды, - деді иман («Қаз. Әдеб.»), Әуелде тағдыp неден, Қожам сенсiн, не кеpек (Абай).Қазақ санасындағы «тағдыр» концептісінің тілдік кӛрінісіне берілген анықтамалар мен тілдік қолданыстарды талдау оның болашақты болжай алмау, құпия, түсініксіз, белгісіз, алдын ала шешілген, көну, бағыну, мойынсұну мағыналарын беретіндігін кӛрсетті. 2 «Тағдыр» концептісін жеткізу үшін француз тілі тӛмендегідей сӛздер мен сӛз тіркестерін пайдаланады: la loi du destin (тағдырдың заңы), les arrêts du destin (тағдырдың жазғаны),croyance au destin (тағдырға сену), fatalismе (фатализм), inévitabilité (шарасыздық), destin aveugle(cruel, impitoyable) (соқыр, қатал, аянышты тағдыр), c’etait écrit (жазылып қойған), c’etait fatal(амал, шара жоқ), tournant du destin (тағдыр тәлкегі), être né sous une bonne (mauvaise) etoile

(жақсы (жаман) жұлдызда туу), quell bon vent vous amène? (сөзбе-сөз аударғанда сізді қандай

жақсы жел әкелді?), par les caprices du sort (сөзбе-сөз аударғанда тағдырдың қырсығымен), le

sort n’a pas voulu qu’il… (жолы болмады)[6,189].Сонымен, француз тілінде «тағдыр» концептісі болашақты болжай алмау, құпия, көну,бағыну, мойынсұну мағыналарымен бірге басқара алу (үшінші мағынасында) семасын дабейнелейді екен.

 

Билет 22

1.Когнитивтік лингвистика және терминология:

Дедуктивті зерттеулер- лат.тіл.шығару мағынасынан туындаған, жалпы заңдылықтардан жеке қорытындыларға бет алу арқылы жүзеге асатын зерттеулер дегенді білдіреді.

Индуктивті зерттеулер-лат.т.жеке фактілер негізінде жалпы қорытындылар жасауға бағытталған логикалық әдіс арқылы зерттеулер жүргізу деген мағынаны білдіреді.

Перцептуалды негіз-лат.т.сыртқы қоршаған ортаны сезім мүшелері арқылы психологиялық тұрғыдан қабылдау деген мағынадан туындаған демек перцептуалды негіз адамның сезгіштік қасиетіне негізделген ерекшеліктер.

Атаудың танымдық – қызметтік табиғатын терең тану үшін, оның теориялық негізін қалаушылардың ғылыми пайымдауларының маңызы зор. Ғалым А.А.Потебня еңбектерінде антропологиялық тіл білімі адамның шығармашылық рухы туралы әлемдік ілімнің ең ірі бөлігі ретінде концептілік негізде зерттеулерге бастау болғандығы белгілі.

Терминдер ұлттың, халықтың тәжірибесін,қоғамдағы адамдардың бір – бірімен байланысын, шаруашылығын, рухани, метериалды мәдениетін т.б. концептуалдық ғылым кешенін де өз бойына жинақтайды.

Ғылымның қай саласына назар аударсақ та, сол саланың қаншалықты деңгейге жетіп, қаншалықты дәрежеге көтерілгені терминологиялық жүйесінен көрініп тұрады. Терминдік ұғым, терминологиялық жүйе, терминологиялық өріс, жоғарыда айтқандай, көптеген басқа ұғымдармен, тәсілдермен бірге зерттеліп жүр. Соның ішінде термин мен концепті, терминология мен когнитивтік лингвистика ұғымдарының бір қатарда қаралуы, жаңа көзқарасты талап етеді.

Терминдердің концептуалдық құрылымын анықтауда ұғым мен мазмұн мәселесінің маңызы зор. Себебі терминнің концептуалды құрылымы дегеніміз – белгілі бір ұғымдық сала иелерінің коммуникативтік байланысын қамтамасыз ететін референциялардың инвариантты жүйесі, концептуалды құрылымды тіл жүйелері мен арнайы ұғымдар арасын байланыстыратын негізгі буын деп қарастыруға болады. Егер терминді тек жеке сөз ретінде ғана қабылдамай, оны белгілі бір терминологиялық жүйе бірлігі ретінде қабылдайтын болсақ, онда ол өзінің негізінде бүкіл сол жүйенің құрылымдық және мазмұндық жақтарын сипаттауымен қоса, онымен семантикалық қатынаста болуы тиіс. Яғни, бір жеке терминнің концептуалдық құрылымын айқындау арқылы сол терминологиялық жүйенің де концептуалдық құрылымын анықтауға болады.

1. Терминдер ұлттың, халықтың тәжірибесін,қоғамдағы адамдардың бір – бірімен байланысын, шаруашылығын, рухани, метериалды мәдениетін т.б. концептуалдық ғылым кешенін де өз бойына жинақтайды.

2. Терминнің концептуалды құрылымы дегеніміз – белгілі бір ұғымдық сала иелерінің коммуникативтік байланысын қамтамасыз ететін референциялардың инвариантты жүйесі.


Дата добавления: 2016-01-05; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!