Зерттеудің когнитивтік қағидалары



3.Тілдік сана құрылымы. Таным дегеніміз — нағыздықтың адам санасында мақсатты және белсенді түрде бейнелену үдерісі болып табылады. Таным кезінде болмыстың түрлі жақтары айқындалады. Заттардың сыртқы және ішкі мәні, қоршаған орта құбылыстары, сонымен қоса адамның санасында танымдық қызметтің субъектісі — адамның қызметі зерттеледі. Демек, адам өзін-өзі зерттейді. Осының бәрі адамның санасы барлығынан болып жатады. Өйтпесе онсыз таным үдерісі шынайы болмас еді. Сондықтан адамның санасы сияқты ғажап құбылыстың негізгі нысандарын зерттеп білу керек. Адамда оның денесі (физиологиялық организм) және жаны (рухани-психикалық) сияқты қарама-қарсы екі бастама бар. Адам жануарлар дүниесінен шыққандықтан, ол биологиялық заңдылықтарға бағынады. Сонымен қоса адам сөйлей алады. Оған күрделі ойлау және эмоциялық қызмет тән. Ол "сана" деп аталады.

Сана — қоғамдық құбылыс. Адамның санасы адамзат коғамының ұзаққа созылған дамуының нәтижесінде пайда болды.

Ойлау — адам санасының маңызды ерекшелігі. Ұжымдық еңбектің пайда болуы мен дамуы бір-бірінен ажырамайтын ойлау мен тілдің болуын қажет етті. Сана мидан бөлек болмайды, тек ми ғана сана органы болып табылады. Ал сана адам миының функциясы.

1. Таным дегеніміз — нағыздықтың адам санасында мақсатты және белсенді түрде бейнелену үдерісі болып табылады.

2. Сана — қоғамдық құбылыс.

3.Ойлау — адам санасының маңызды ерекшелігі.

 

 

Билет 20

1.Тілдік сана және мәтін құрылымы. Ғаламның тілдік бейнесі дегеніміз – адамды қоршаған обьективті шындық. Ол танымға тәуелсіз өмір сүреді. Ал табиғи тіл біздің ғалам туралы біліміміз толық қамтып бейнеленген негізгі форма.

Көптеген ғылыми еңбектерде ғалам бейнесі ғаламның тілдік бейнесінің орнына қолданыла береді. Мәні бойынша бұл екі ұғым, екі нәрсе болғандықтан ажыратып қолдану қажет. «Ғаламның тілдік бейнесі» термині философия мен логикада Л.Витгенштейн енгізген. Қоршаған шындық болмыстың адам тілінде бейне құрап, адамның дүниені, әлемді көзі, тілі арқылы тани алатынын тұтас теория ретінде алғаш ұсынып, антропология, семиотика, лингвистикаға енгізген неміс ғалымы Л.Вайсгербер болатын. Ол мұны «ғаламның тілдік құрылуы» деп атады.

Когнитивтік ғылым мен жасанды интелектінің маңызды ұғымы «ғалам моделі» немесе «когнитивтік моделмен» тікелей байланысты. Ғалам моделі – концептуалды табиғатқа ие құрылым. Е.С.Кубякова, Б.А.Серебренников, А.А.Уфимцова т.б. ғалымдар ғаламның концептуалдық бейнесін тілдік бейнеге қарағанда әлдеқайда бай деп есептейді. Ғалымдардың пікірінше, ғаламның ғылыми бейнесін құруға ойлаудың түрлі типтері бейвербалды түрлері де қатысады.

1. Ғаламның тілдік бейнесі дегеніміз – адамды қоршаған обьективті шындық.

2.«Ғаламның тілдік бейнесі» термині философия мен логикада Л.Витгенштейн енгізген.

3.Дүниенің тілдік бейнесі – адамның әлем туралы жинақтаған ой жүйесінің, танымының сөздегі суреті


Дата добавления: 2016-01-05; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!