Этнолингвистика және танымдық тіл білімі. Әлеуметтік лингвистика және танымдық лингвистика



А. Байтұрсыновтың таным негіздеріне қатысты ой – тұжырымдар

Билет 18

1.Манихеизм және шамандық. Мифология, миф – ойдан шығарылған қиял емес, ол – өткен заманның адамының шындығын бойына сақтап қалған ата-баба сарқыты. Ол өткенді саналы бұрмалаудың, жалғандықтың есерткіші емес, бірнеше мәрте бүктетіліп, оралып, ақиқаты мен қасиеті қатар өрілген, еріксіз шатасудың тозаңының арасында байқалмай қалған ақиқаттың өрім қамшысы.Тіл мен мифологияны сабақтастықта қарауға ерекше көңіл бөлген,өзіндік із қалдырған орыстың көрнекті ғалымы - А.А.Потебня.

«Ғаламның мифтік моделі» мифологиялық ілімдер жүйесінің көрсеткіші болғандықтан, ол белгілі бір когнитивтік аспектіге ие. Дүниенің осы күнгі көрінісі – жер беті, аспан шырақтары, аңдар мен құстардың, өсімдіктердің түрлері, адамдардың өмір салты, әлеуметтік топтар, діни қағидалар, яғни өмірдегі барлық нәрсенің қазіргі күй-жайы – мифтік таным бойынша о баста болған оқиғалардың нәтижесі.

Ежелгі ойлау жүйесінің түрі мифтік танымның мазмұндық межесін мифтік-танымдық деп бағаласақ, оны бейнелеудің, тілде сақтаудың және қолданудың тұрпаттық межесі – тілдегі лексика-фразеологиялық жүйе.

Қазақ ұлтының мәдени өмірінің көрінісі – фразеологиялық қордан ерекше байқалады. Өйткені қазақ фразеологизмдері – халық өмірінің айнасы. Бұл айнада ұлт менталитеті тұтастай қамтылады.

1. Тіл мен мифологияны сабақтастықта қарауға ерекше көңіл бөлген,өзіндік із қалдырған орыстың көрнекті ғалымы - А.А.Потебня.

2. «Ғаламның мифтік моделі» мифологиялық ілімдер жүйесінің көрсеткіші болғандықтан, ол белгілі бір когнитивтік аспектіге ие.Әр түрлі аймақтарда орналасқан түркі халықтарының тілдеріндегі фонетикалық ерекшеліктерге сәйкес Тәңірі сөзінің айтылуында біраз өзгерістер бар. Ғұндар ежелден Көк Тәңірге сенсе, Көктүріктер тәңірі мағынасына келетін тенгри сөзін қолданған. 763 жылы

манихеизм дінін қабылдаған ұйғырлар тәңірі сөзінің алдына күн, ай, күн-ай сөздерін қосып күн тәңірі, ай тәңірі, күн-ай тәңірі сөздерін қолданған.Осы дәстүрлі түркі дінінде, яғни, Көк тәңріге табынуда камдардың маңызы өте зор. Кам сөзі тунгуздардың тілінен алынған, кейіннен көп қолданыстағыт шаман сөзі қолданыла бастаған. Көпшілігі күні бүгінге дейін дәстүрлі түркідінін шаманизм деп те атайды. Тунгуз, ұйғырларда кам сөзі көбіне сиқыршы мағынасын білдіреді. IX ғасырда жазылған Махмұд Қашғаридың «Дивани Лұғат-ит Түркінде» кам сөзі «ғайыптан хабар беруші» мағынасында қолданылған. Жүсіп Баласағұнның «Құтты білігінде» «тәуіптер» сөзімен

мағыналас болып келеді. Ал, қазақ халқы шаманды кейде «бақсы» деп те атайды. Шамандар тәңірі мен адамдар және рух арасында қатынас жасаушы қабілетке ие адамдар саналынады. Олар өлгеннен кейін де отбасының және қауымның қорғаушысы болып саналады.

Ежелгі дәуірде ел арасындағы бақсылар өздерін жаратушы мен адамның арасындағы қатынасты жалғастырушы, реттеуші деп білген. Олар «Мен жүрген жерде, менің дауысым мен қобызымның үні естілген жерде, жамандық, кесел жүрмейді-міс» деп аңыздар таратқан, өздерін ерекше жаратылған адамбыз деп санаған. Ел көзіне сұсты, жұмбақ болып көріну үшін әлем-жәлем киінген, бет-бейнесінде қорқыныштың ізі байқалған, ауру адамды айналып жүріп қобыз тартқан, үрейлі үнмен өлең айтқан, түсін суытып, зікір салған[1,7]. Өткен ғасырдың қырқыншы жылдары орта жүз аймағына Ресейден арнаулы сапармен келген А.Янушкевич ел арасындағы бір бақсымен бетпе-бет кездескендегі әсерін «Бақсының қолында қобызы бар, тұрпайы дауыспен жылдамдатып өлең айтты, әулиелердің аттарын атады, жын-перісін шақырды, ішіне отқа балқытылған пышақ ұрып, киіз үйді айнала жүгірді. Мен түнде ұйықтай алмадым: көзіме қызыл тақиялы, жабайы үнді, сайтанның әуені естілгендей болды да тұрды» деп баяндайды[2,220-

221].Жалпы алғанда шамандардың негізгі ісі ауруларды емдеу арқылы өздерініңқабілет-қарымын көрсету болды. Кез-келген адам шаман бола алмайды, оныөз бетімен үйрену де мүмкін емес. Оның екі жолы бар. Біріншісі, белгілі біршаманның ұрпағынан болу, екінші жолы да шаман болуға табиғи қабілеттіңболуы. Шаман болуға деген икемділік және қабілет көп уақыт ғажайыпәрекеттермен

өзін көрсете бастайды. Селқостық, қиял қуу, жалғыздыққабейімділік, өз-өзінен сөйлеу т.б. әрекеттер шамандықтың белгісі саналынады.Жындану, жиі-жиі талып қалу, қояншыққа ұқсау, ауызынан көбік ағу сияқтыпотологиялық көріністер, отқа немесе суға секіру, өзін пышақпен жаралаусияқты әрекеттер де шамандық қабілет пен бейімділіктің белгілерінен

саналынады. Шамандар сонымен қатар өліп-тірілу қиялын да басынанөткереді. Оларға негізгі күш беретін қасиет - рух. Қарап отырсақ,шамандардың басым бөлігін еркектер құрайды. Алтай шамандары ақ жәнеқара болып екіге бөлінеді. Ақ шамандар тек қана көкке, жақсылық пенжарықтық рухына ұласса, қара шамандар жамандық пен қараңғылық рухынабарады деген сенім болған. Жалпы алғанда, шамандар өмірді өлімнен,денсаулықты аурудан, тазалықты жаман рухтардан қорғайды.Шамандық наным-сенімдердің көпшілігі тіршілік талаптарынан туындаған.Шамандық түсінік бойынша, адам өлсе де өмір сүре бермек. Қорқыт өлімненқашса, мұнда да шамандық нанымның іздерін байқауға болады.Ш.Уәлиханов «шамандықтың негізінде табиғат пен адамды қастерлеу басым

болған» дейді[3,169].Көктүрктер кезеңіндегі Тоныкөк жазбаларында тәңірінің түркілерді қорғауы,тіпті оларды басқа ұлттардан жоғары көруіне байланысты Түрік тәңірісі сөзіқолданылған және осы себептен де түркілерде Көк тәңірі халықтық тәңірі,

қауымдық діннен гөрі әлемдік тәңірі ретінде қабылданғандықтарын байқауғаболады. Орхон жазбаларынан түрктердің жер-суды қасиетті санағандығынбайқаймыз. Сонымен бірге түркілер отқа құрмет көрсетеді, отта қасиеттіжәне тазалаушы күш бар екендігіне сенеді. Түркілердегі отқа сиынудыңотбасы ошағы сенімімен байланысты екендігіне де мән беруге болады.Отбасы ошағы сенімі аталар сенімімен байланысты. Өлген аталарға тағзымжәне оларға құрбандық шалу әдеті дәстүрлі түркі дінінде өте маңыздысаналынады. Өлгенәр атаның рухы және мазары да сиыну орны болыпсаналады.


Дата добавления: 2016-01-05; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!